Мобильді нұсқа

Инклюзивті білім беру

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де Инклюзивті білім беру:

жағдайы, перспективасы

 

Инклюзивті білім берудің әлем бойынша өзекті мәселе болып табылады және өзіне ерекше назарды талап етеді, өйткені жыл сайын ерекше білімді қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді.

 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ бұл мәселе сондай ақ, өзіндік шешімін талап етеді, себебі бұл жерде денсаулығы мүмкіндіктері шектеулі (әрі қарай ДМШ) 61 студенттер білім алуда. ДМШ тұлғалардың  оқуға түсу, оқу, жұмысқа орналасу кезеңдерінде университет тіркеу жүргізіп отырады. К.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы ДМШ студенттердің сапалы кәсіби білім алуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды. ДМШ тұлғалардың психофизиологиялық даму және денсаулық жағдайына сәйкес олардың сабақтары басқа да білім алушылармен бірге жалпы топтарда, сондай-ақ жеке түрде ұйымдастырылады.

 

Жалпы топтарда оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік-белсенді және оқытудың рефлексиялық әдістері, топтағы қолайлы психологиялық климат құру мақсатында оңалтудың әлеуметтік-мәдени технологиялары қолданылады.

 

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруын  оқу-әдістемелік қамтамасыз ететін білім беру технологияларын және оқыту құралдары мен әдістерін таңдау, білім беру бағдарламасын меңгеруінде білім алушылардың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу қажеттігінен туындайды, сондай-ақ ДМШ тұлғалардың жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Білім беру процесінде мүмкіндігінше түрлі кемістігі бар студенттер үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, қолжетімді формадағы оқу ақпаратын қабылдау-беру арнайы техникалық құралдары және   бейімделу формаларында электронды білім беру ресурстары қолданылады.

 

ДМШ білім алушылар үшін университетте "Дене шынықтыру" пәнін игеруі медициналық ұсынымдары ескеру арқылы жүзеге асырылады

ДМШ тұлғалардың  білім алатындығын факультет деканы алдын ала пән оқытушыларына хабардар етеді.

ДМШ білім алушылардың ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау формасын (ауызша, жазбаша, қағазға жазбаша түрде компьютерде тестілеу түрінде және т. б.) жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді

 

Әрбір кафедра ДМШ  студенттердің уақытылы көмек көрсету және қолдауын  қамтамасыз етеді және оқу өнімділігі мониторинг тұрақты жүргізіп отырады.

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің үздіксіз білім беру институтының біліктілікті арттыру орталығы ДМШ топтарында сабақ жүргізетін  профессорлық-оқытушылар құрамы үшін, тұрақты түрде консультациялар, әдістемелік семинарлар, сондай-ақ, арнайы техникалық оқыту құралдары қолдану арқылы оқу ақпаратын қабылдау-беру ерекшеліктері бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң ПОҚ үшін «оқу процесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту механизмдері» атты семинар-практикум өткізілді. Аталмыш семинарға бес факультеттен 42 оқытушы қатысты.

 

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы инновациялық технологиялар» атты семинар-практикумы мектеп және университет оқытушыларын біріктірді. Семинарға Ақтөбе қаласы мектептері бойынша 55-тен астам мұғалімдер (университет оқытушыларынан басқа) қатысты.

 

Осы санаттағы студенттерді алып жүретін адамдарға университеттің есігі әрқашанда ашық.

 

 

 

 

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ-дегі

білім беру

Білім беру бағдарламалары

Академиялық ұтқырлық

Қашықтан оқыту

Дуальді білім беру

Инклюзивті білім беру

Кәсіби тәжірибе

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы