Мобильді нұсқа

Үздіксіз білім беру институты

Үздіксіз білім беру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Такишева Гулбану    Ақылбекқызы

 

 

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясы негізіндегі міндеттерді орындау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекетті университет ректорының бұйрығымен университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде үздіксіз білім беру институты құрылды (12.06.2017ж).

 

 

Академиялық мәселелер және білім сапасын бағалау департаменті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Үздіксіз білім беру институты

Біліктілікті көтеру орталығы

Академиялық ұтқырлық бөлімі

Факультеттер

Кафедралар

Оқу-әдістемелік қызметті басқару құрылымы

Үздіксіз білім беру институтының мақсаты:

Еңбек нарығындағы сұраныс пен батыс аймақтың интеллектуалдық,  әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сәйкес жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың, әр тұлға өзінің білім алуға бағытталған жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін   үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен дамыту.

 

Үздіксіз білім беру институтының міндеттері:

Мемлекеттік білім саясатының қағидалары негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың басым стратегияларын анықтау;

Педагогтарды ғылыми-теориялық және практикалық білім-біліктермен қаруландыру;

Нәтижеге бағытталған білім берудің ғылыми-практикалық әдістемесін жасау;

Аймақтың, облыстың білім беру қызметкерлері біліктілігін арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу;

Тәжірибелік-алаңдарды және зерттеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру;

Озат педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтарға әдістемелік нұсқаулар беру;

Ақпараттық-әдістемелік материалдарды шығару;

Аймақтың кәсіпорындары мен байланыс орнату арқылы әр сала кадрларына қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, аймақтың даму ерекшелігін ескеріп кадрлардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру;

Әр түрлі категориялы мамандарды оқыту үшін оқу және әдістемелік материалдарды әзірлеу;

Жұмысқа орналастыру және карьералық өсу үшін халыққа кең мүмкіндікті ұсыну жолымен қосымша және кәсіптік дамудың негізгі түрлері ретінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету.

 

Негізгі атқарылатын жұмыс түрлері:

- «Атамекен» ҚР ұлттық  кәсіпкерлер палатасымен, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту ММ-мен, Ақтөбе облысының, Аудандық білім бөлімдерімен  байланыс орнатып кадрларға қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, аймақтың даму ерекшелігін ескеріп кадрлардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру;

- Жұмысшылар, қызметкерлер, мамандар біліктілігін технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды тұрақты арттыруды ескере отырып арттыру;

- Еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту;

- Педагогика және басқару кадрларының кәсіби деңгейін  көтеру;

-Университеттің жұмыс берушілермен ынтымақтастығын нығайту;

- Қазақстанның және халықаралық тәжірибе негізінде біліктілікті көтеру жүйесінің тиімді моделін әзірлеу;

- Облыстың шалғай орналасқан аудандары, елді мекендерімен байланыс орнатып «Университет-мектеп» жобасы негізінде жұмыстар жүргізу

 

  Үздіксіз білім беру институты тұжырымдамасын іске асыру бағыттары мен

қызметінің мазмұны

 

Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі бағыттары төмендегідей болып табылады:

Кадрларды қайта даярлау  және кадрлардың біліктілігін арттыру

Ұйымдар мен мекемелердің, бірлестіктер кадрларының біліктілігін көтеруді және оларды қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу;

Ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық және тәжірибелік эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, кеңес беру қызметі;

Жұмыс саласы бойынша бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды, басқа да құжаттар мен материалдарды ғылыми сараптау;

Кадрларды даярлаудың және оларды қайта даярлаудың сапасын көтеруге бағытталған оқу-әдістемелік материалдарын ұйымдастыру және әзірлеу;

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарымен бірлесіп, педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;

Білім беру процесі және білім беру технологияларының әдістемесін пайдалану және жетілдіру;

Қазақстан Республикасындағы кадрлар біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау туралы Ережесіне сәйкес Біліктілікті көтеруге оқытудың түрлері:

- Қысқа мерзімді - кемінде 36 академиялық сағат (нәтижесінде сертификат);

-  Орташа мерзімді - 72 сағат 108 академиялық сағ. дейін (нәтижесінде күәлік);

-  Ұзақ мерзімді -  кемінде 108 академиялық сағат жоғары (куәлік).

-  Кадрларды қайта даярлау сала бойынша - 280 сағат  көлемінде.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

Кадрларды қайта даярлау біліктілікті көтеру ұйымдармен, мекемелермен, бірлестіктермен, еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметімен, сондай- ақ басқа да заңды тұлғалармен жасаған келісім-шарттары негізінде жүзеге асырылады.

Біліктілікті арттыру барысындағы білім алу мерзімділігін оқу бағдарламасына сәйкес анықтайды.

 

 

 

Қосымша білім беру орталығының жетекшісі-педагогика ғылымдарының кандидаты, Кенжегулова Айболған

Әдіскер –  Келбетова Жанат Сүндетқызы

 

Біліктілікті арттыру институтының жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, Имжарова Зауреш Убайдуловна

Әдіскер – Құрмансейтова Шынар Қожағалиқызы

 

 

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы