Мобильді нұсқа

Экономика және құқық факультеті

Тасмаганбетов Аслан Букимбаевич

Лауазымы:

Экономика және құқық факультетінің деканы

Ғылыми дәрежесі:

+7 (7132) 22-15-02

 

aslandelo@mail.ru

Ғылыми атағы:

 

Ақтөбе қ., Ы.Алтынсарин көшесі, 4; 211 кабинет

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

Экономика және құқықтану саласында жоғары білікті мамандарды даярлау деңгейін арттыру, жоғары кәсіби білім беруді дамыту мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  экономика факультеті 1992 жылы, құқықтану факультеті 2001 жылы құрылған.  2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі ректордың

№ 348-н бұйрығы бойынша экономика және құқық  факультеттерінің біріктірілуі нәтижесінде Институт құрылған болатын. 2017 жылдың мамыр айынан бастап Экономика және құқық факультеті атанды.

 

Факультет бакалавриаттың 7 мамандығы, магистратураның - 3, орта кәсіптік білімнің 4 мамандықтары бойынша жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады.

 Бакалавриат:

5В050600-Экономика

5В050700-Менеджмент

5В050800-Есеп және аудит

5В050900-Қаржы

5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В051100-Маркетинг

5В030100-Құқықтану

Магистратура:

6М050600 - Экономика

6М051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

6М051100 - Маркетинг

Оқу үрдісі. Оқу үрдісінде кредиттік жүйе мен интерактивтік әдістер қолданылады: оның ішінде мультимедиялар, интернет, электрондық оқулықтар мен бақылау бағдарламалары, аудио және видео материалдар. Факультет студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына, білім алушылардың білімін рейтингтік бақылауына және оқыту барысында компьютерлік технологияларды қолдануға бағытталған. Факультет оқытушылары сабақ барысында студенттердің белсенділігін арттыру және оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру үшін келесі әдістерді қолданады: кейс-стади, ми шабуылы, топтармен жұмыс, жарыссөз, рөлдік ойындар.

 

 Оқу-әдістемелік базасы. Жаңа оқу жылында факультет оқу-әдістемелік базасын айтарлықтай толтырды, оқу жоспарларына университетішілік компоненттердің жаңа пәндері енгізілді, курстардың оқу бағдарламалары жасалды, оқытудың жаңа технологиялары енгізілді.

 

«Қаржы және есеп» кафедрасында 1С-бухгалтерия бағдарламалық қамтамасыз етілуімен компьютерлік зертхана түрінде оқу-әдістемелік кабинет жұмыс жасайды. Бухгалтерлік есепті компьютеризациялау бойынша зертхана кафедраның оқу процесіндегі құжаттық- техникалық қызметін қамтамасыз етеді.

«Қаржылық талдау», «Корпоративтік қаржы» және «Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» пәндерін өткізу барысында «Project Expert for Windows Инвестициялық жобаларды жоспарлау және тиімділігін талдаудың автоматтандырылған жүйесі» қолданылады. Сонымен қатар, «Audit Expert кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау бағдарламасы» сабақ барысында қолданылады.

 

 Профессорлық-оқытушылық құрамы. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы 71 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 1 - ғылым докторы, профессор, 32 - ғылым кандидаттары, 2 – PhD докторы, 37 магистр бар. Факультеттің  профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелілігі 49,3% құрайды. Факультет ғалымдары өз зерттеулерінің нәтижелерін белсенді түрде насихаттауды жүзеге асыруда, бұл олардың потенциалды өсуін растайды. Институттың профессор-оқытушылар құрамы ғылыми журналдардағы, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардағы басылымдары бойынша, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие. Көптеген жылдардың жұмыс нәтижесінде профессор-оқытушылар құрамы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген 30-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап баспадан шығарды. Олардың ішінде оқулықтар: «Нарықтық экономика негіздері», «Теоретическая экономика», «Жалпы экономикалық теория», «Менеджмент негіздері», «Основы менеджмента», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Общая экономическая теория», «Макроэкономика», «Институционалды экономика», «Инновациялық менеджмент», «Дәлелдеу теориясы», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» және т.б.

Ғылыми-педагогикалық байланыстар. Бүгінгі таңда студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы аясында келесі алыс және жақын шетел  ЖОО-дарымен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімшарттар бар:  Теннеси техникалық университеті  (АҚШ), Шанхай қаржы және экономика университеті (Қытай), Синьцзян қаржы-экономикалық университеті (Қытай), Лейден университеті (Нидерланды), Халықаралық  бизнес мектебі (Монтре қаласы, Швейцария), Балтық халықаралық академиясы (Латвия).

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Экономика және құқық факультеті қазіргі таңда келісімшарт негізінде шетелдік жоғарғы оқу орындарымен белсенді түрде жұмыс атқаруда. Жұмыс негізінен бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: академиялық ұтқырлық шегінде дәріс оқу мақсатында ғалымдарды шақыру, академиялық ұтқырлық шегінде студент алмасу, халықаралық конференция мен семинарларға қатысу, тағылымдамалар, ПОҚ біліктілігін арттыру.

 

Студенттік ғылым. Профессор-оқытушылық құрам әрдайым студенттік ғылымға назар аударады. Экономика және құқық факультетінің ПОҚ студенттермен, магистранттармен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылады. Студенттердің, магистранттардың  ғылыми-зерттеу жұмыстары дербес және зерттеу жұмыстарының дағдыларын, сондай-ақ, ғылыми мақалалардың, мәтіндердің, репортаждың, интервью мен құжаттарды критикалық тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында шығармашылық тапсырмалар түрінде оқу үрдісіне енгізілуде. Кафедра оқытушылары оқу үрдісінде белсенді түрде рөлдік және іскер ойындарды, топтық және дербес оқу жобалар сияқты креативті оқытудың әдістерін қолданады. Барлық ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтардың қызметі оқитындар арасында ғылыми әлеуетін және дипломдық жобаларға топтарды мақсатты  бағытталған дайындықты арттыруға бағытталған. Ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтардың мүшелері болып табылатындар ғылыми конференцияларға, конкурстарға белсенді қатысып, қала мекемелерінің өкілдерімен кездесулерді ұйымдастырады. Үйірмелердің барлық қызметі отырыстардың тиісті хаттамаларында көрсетілген және кафедраларында сақталады.

Есеп беру жылында факультет бойынша 7 ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар жұмыс жасауда. Олар: э.ғ.к., аға оқытушы А.А.Курманалина, э.ғ.м., аға оқытушы М.А.Тлеубергенованың жетекшілігімен «ЭкоМен» ғылыми үйірмесі, «Болашақ» ғылыми үйірмесі, жетекшілері Б.Ж.Болатова., Н.Б.Султамуратова, Ш.Т.Нургалиева., «Инноватор» ғылыми үйірмесі э.ғ.к., доцент А.Б.Тасмаганбетовтың жетекшілігімен,  «XXI ғасырдың мемлекеттік қызметшісі» ғылыми үйірме жетекшісі магистр, оқытушы Якудина Р.С., «Зерттеуші-маркетолог» ғылыми үйірмесі, э.ғ.к. Ж.К.Басшиева жетекшілігімен, «Қаржы нарығының мәселелері» ғылыми үйірмесі, жетекші э.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Ахметова және з.ғ.м., аға оқытушы Н.В.Ким жетекшілігімен «Фемида» ғылыми үйірмесі.

2016 жылдың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен  Республикалық студенттік пәндік олимпиадада «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері 3 орын иеленді. Л.Гумилев атындағы Еуразиялық  ұлттық университетінде өткен  Республикалық студенттік пәндік олимпиадада «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері 3 орын иеленді.

2016 жылы НАРХОЗ университетінде өткен  Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3 дәрежелі дипломға «Қаржы» мамандығының 3 курс студенттерінен құрылған команда және «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері  ие болды.

«Құқықтану» мамандығының студенттері 2016 жылы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты өткізген ҚР заңнамасын білу бойынша Республикалық зияткерлік олимпиадада 3 дәрежелі дипломға ие болды.

«Құқықтану» мамандығының студенттері «Ғылым шарайнасы» VІІ республикалық байқауға қатысып ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2016 жылы Алматы қаласының «Нархоз» университетінде Экономикалық мамандықтар бойынша XV Республикалық олимпиадада Экономика және құқық факультетінің студенттері «Кластер» командасының құрамында белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен және «үздік капитан» номинациясында марапатталды.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларға 3 команда қатысты. 2 дәрежелі дипломға «Қаржы» мамандығының 3 курс студенттерінен құрылған «Синдикат» командасы ие болды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен  Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3 дәрежелі дипломдарға «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттерінен құрылған «Мансап» командасы және «Маркетинг» мамандығының 2 курс студенттерінен құрылған «Жаңа тыныс» командасы  ие болды. «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті А.Резник Республикалық студенттік пәндік олимпиада аясында «Үздік қаржыгер» номинациясымен марапатталды.

Факультеттің студенттері әртүрлі халықаралық және республикалық конференциялар мен байқауларға қатысады. Олар  тек қана кәсіби дайындықты игеріп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық өмірге де белсене араласады. Факультеттің жастар комитеті әртүрлі олимпиадалар, КТК (КВН), мейрамдар, белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастырады. Факультетте әртүрлі пікірталастар, интеллектуалды ойындар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыратын интеллектуалды-дискуссиялық клубтар бар. Оқу процесіне өзін-өзі басқару элементтерін енгізу, жастардың мәдени-жалпылама және спорттық жұмысын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге атсалысу мақсаты болып табылатын студенттік деканат қызмет етеді. Факультетте әрдайым студенттік пікірталастар мен әртүрлі спорттық турнирлер өткізіледі, «Қаржыгерлер күні», «Заңгерлер күні»,   «Мемлекеттік қызметкерлер күні», «Бухгалтерлер күні», «Экономистер күні», «Студенттік өзін-өзі басқару күні», «Алтын күз» және т.б. мейрамдар атап өтіледі. Қоғамдық шаралар жастар бойында жауапкершілік сезімін оятып, жауапкершілікке тәрбиелейді. Нәтижесінде студенттер тек қана өз ісінің маманы болып қана қоймай, сонымен қатар өмірлік ұстанымдарының да көшбасшысы болады.

 

Талантты студенттерді, аз камтылған отбасылардан шыққан студенттерді, мүгедектерді қолдау мақсатында материалдық және моральдық ынталандыру шаралары қарастырылған.

Болон конвенциясының қағидаларын жүзеге асыру студенттердің академиялық ұтқырлығын камтамасыз етуді қажет етеді, осыған байланысты экономикалық және құқықтану мамандықтарының студенттері алдыңғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Академиялық ұтқырлық аясында серіктес ЖОО-да 8 студент білім алды: оның ішінде 2014-2015 оқу жылы «Есеп және аудит» мамандығының студенті Асель Ибашева, 2015-2016 оқу жылында «Менеджмент» мамандығының 4 курс студенті Абай Космаганбетов Теннеси техникалық университетінде (АҚШ), «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс  студенті Асель Убишева Синьцзян қаржы экономикалық университетінде (Қытай), «Экономика» мамандығының 3 курс студенті Асель Амангали және «Қаржы» мамандығының студенті  Салтанат Турманбетова, «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті  Акгуль Убайдуллина (2014-2015 оқу жылы), «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Шынболат Сексенбаев, «Экономика және құқық негіздері» мамандығының 3 курс студенті Али Умаров (2015-2016 оқу жылында) Балтық Халықаралық Академиясында (Латвия) бір семестрлік бағдарламамен білімдерін толықтырды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 2015-2016 оқу жылында «Экономика» мамандығының 3 курс студенттері З.Қалмен, Ж.Дүйсен Алматы қаласы Нархоз университетінде  білім алды. 2016-2017 оқу жылының екінші жартыжылдығында «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері Ж.Шегембаева, Д.Сейталиева, А.Абишкенова және «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті С.Несипбаева аталмыш ЖОО-нан білім алуда.

Академиялық ұтқырлық аясында факультеттің оқытушылары "Болашақ" бағдарламасы бойынша Монтре қаласындағы халықаралық бизнес мектебінде оқып, ғылыми тәжірибеден өтіп келді: Балгинова К.М. («Қаржы және есеп» кафедрасы), Тасмамбетова А.Ж. және Шакибаев М.К. («Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы). Сонымен қатар, халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша  «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының оқытушысы Якудина Р.С. Лейден университетінің (Нидерланды) ғылыми тағылымдамасынан өтіп келді.

Шетелдік ғылыми тағылымдамадан «Экономика и менеджмент» кафедрасының доценті Тасмаганбетов А.Б. Information System Management Augstskola (Латвия), профессор Жунусов Б.А. Синьцзян қаржы экономикалық университетінде (Қытай) ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Байшукурова Ж.Ж. қытай тілін оқып, Синьцзян қаржы экономикалық университетінде тағылымдамадан өтсе, аға оқытушы Ажаипова И.Ш. Луис ұлттық университетінің 1.3 Finance Жоғары бизнес мектебінде (Польша) курстан өтті.

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ

Еңбек нарығында әр түрлі мамандықтар бойынша сұраныс ағымдағы уақытта сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы болып табылады. Бүгінгі күні мекемелердің біздің түлектерімізге сұраныс бар деп айтуға болады.

Еңбек нарығындағы сұранысқа байланысты, біздің түлектеріміздің 80% өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады. Әр жыл сайын факультет «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізеді, кәсіпорындар мен ұйымдардан мамандар мен басшылар шақырылады. Олар студенттердің түйіндемесі мен жеке мәліметтерін зерттеу нәтижесінде біздің ең жақсы түлектерімізді таңдап алады. Түлектердің 20% фирмалардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан өндірістік тәжірибені өту барысында жұмысқа қабылданатыны жақсы көрсеткіш. «Бос орындар жәрмеңкесі» жұмысқа орналасуға көмегін тигізеді және біздің түлектерімізді жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

 

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР

Факультеттің ең үлкен мақтанышы болып біздің түлектеріміз табылады. Қызмет етуі барысында институт сегіз мамандық бойынша бес мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярлады: «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Маркетинг», «Экономика және құқық негіздері». Ең жақсы түлектеріміздің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жақта да белгілі. Біздің университетіміздің дипломы бар мамандар мемлекеттік, жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда, банктерде, қаржы-салық, сот, прокуратура органдарында, зейнеткерлік қорларда қызмет етеді. Олардың ішінде аудан әкімдері, ұлттық компаниялар, департаменттер басшылары, прокурорлар, банк, жеке кәсіпорындар директорлары, ғылым докторлары мен кандидаттары бар.

Шотанов Толемис Садыкович - Заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей РК «Атамекен»

Сагиев Айбек Игликович - Первый заместитель председателя Актюбинского областного филиала партии «Нур Отан»

Данагулов Ербол Жеткергенович - Аким Мугалжарского района Актюбинской области

Ермагамбетов  Дархан Жанысханулы – начальник отдела торговли Департамаента предпринимательства и промышленности Актюбинской области

Аймағамбетов Нұрбол Қалмырзаұлы - Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіп бөлімінің бастығы

Кабыл Мадияр – начальник  ГУ«Актюбинский городской отдел внутренней политики» Акимата г.Актобе

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Құрылыс кафедрасы

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

География кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Физика кафедрасы

Математика кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы