Мобильді нұсқа

Филология факультеті

Садирова Күлзат Қаниқызы

Лауазымы:

филология факультетінің деканы

Ғылыми дәрежесі:

+7 (7132) 53-31-05

филология ғылымдарының докторы

filologiya83@mail.ru

Ғылыми атағы:

Доцент

Ақтөбе қ., Гришина көшесі 7 (№5 корпус),

310-кабинет

  •  

    Молдабаева Зухра Мейрамбекқызы

    Лауазымы:

    декан орынбасары

    Ғылыми дәрежесі:

    +7 (7131) 57-13-85

     

    shadi_777_77@mail.ru

    Ғылыми атағы:

     

    Ақтөбе қ., Ағ.Жұбановтар көшесі, 263

    (№3 оқу ғимараты), 301 каб.

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

Факультет бакалавриаттың 6 мамандығы және магистратураның 1 мамандығы бойынша мамандар дайындайды:

Бакалавриат:

• 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті;

• 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті;

• 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

• 5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

• 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы және қазақ, қытай тілінде құжат жүргізу;

• 5В020500 – Филология: орыс филологиясы және орыс, қытай тілінде құжат жүргізу.

Магистратура:

• 6М020500-Филология

Мамандықтардың сипаттамасы

Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу  мерзімі: орта білім негізінде мектеп, лицейден кейін - 4 жыл, орта арнаулы білім негізінде колледжден кейін – 3 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, қашықтықтан  білім беру  колледжден кейін – 3 жыл, жоғары оқу орнынан кейін- 2 жыл.

Академиялық дәрежесі: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің  нысаны: Білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, оқу орталықтарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; ғылыми - зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; әдеби шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында); ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); әдеби кеңесші, филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер.

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу мерзімі: орта білім негізінде мектептен, лицейден  кейін – 4 жыл, орта  арнаулы білім негізінде колледжден кейін - 3 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, қашықтықтан білім беру колледжден кейін – 3 жыл, жоғары оқу орнынан кейін – 2 жыл.

Академиялық дәрежесі: Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша  білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің нысаны: Білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.),  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; ғылыми зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; әдеби шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында); ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); әдеби кеңесші, филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер.

Орыс тілі мен әдебиеті

Оқу мерзімі: орта білім негізінде мектеп, лицейден кейін – 4 жыл, орта арнаулы білім негізінде колледжден кейін – 3 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, қашықтықтан білім беру колледжден кейін – 3 жыл, жоғары оқу орнынан кейін – 2 жыл.

Академиялық дәрежесі: «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің нысаны: Білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, оқу орталықтарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; әдеби шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында); ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); әдеби кеңесші, филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер.

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі  орыс тілі мен әдебиеті

Оқу мерзімі: орта білім негізінде мектеп, лицейден кейін – 4 жыл, орта арнаулы білім негізінде колледжден кейін – 3 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, қашықтықтан білім беру колледжден кейін – 3 жыл, жоғары оқу орнынан кейін – 2 жыл.

Академиялық дәрежесі: «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиет» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің нысаны: Білім беру (педагогикалық) әртүрлі білім беру  мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; ғылыми зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; әдеби шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында); ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); әдеби кеңесші, филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер

Филология: қазақ/орыс филологиясы  және қазақ/орыс, қытай тілінде құжат жүргізу

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім орта білім негізінде мектеп, лицейден кейін – 4 жыл, орта арнаулы білім негізінде колледжден кейін – 3 жыл, жоғары білім негізінде -2 жыл. Қашықтықтан білім беру колледжден кейін – 3 жыл, жоғары оқу орнынан кейін – 2 жыл.

Академиялық дәрежесі: «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры.

Мамандануы: қазақ/орыс, қытай тілінде құжат жүргізуші

Кәсіби қызметінің нысаны: Орта (оның ішінде гимназиялар, лицейлер) арнаулы орта оқу орындары және оқу орталықтары; ғылыми-зерттеу мекемелері; газет, журналдардың редакциялары, радио, телевидение және баспа орындары: аудармашылар мен референттер қажет ететін түрлі мекемелер; қытай компаниялары; филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер.

Магистратура

Филология

Оқу мерзімі: ғылым бағыты бойынша- 2 жыл, білім бағыты бойынша – 1,5 жыл, 1 жыл.

Академиялық дәреже: гуманитарлық ғылымдар магистрі және гуманитарлық білім магистрі

Факультеттің ғылыми әуелеті

Факультеттің  кадрлық  ғылыми әлеуеті жоғары. 8 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты, 1PhD жұмыс жасайды, оның ішінде 3-еуі ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, 1-еуі Қазақ  ССР  Халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері, 2-еуі ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгі иегері,  2-еуі ҚР білім берудің үздігі белгілерінің иегерлері, «Қазақстан Тәуелсіздігіне  20 жыл»  мерекелік  медалінің  2 иегері, «Тіл  жанашыры»  төсбелгісінің  1 иегері және 7-еуі – ҚР ЖОО-ның  үздік оқытушысы. Факультетте оқу үдерісі оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолданып жүргізіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ қыздар мемлекеттік университетімен бірлескен онлайн сабақтар ұйымдастыру жолға қойылған. Факультетте профессорлар мен білім алушылар М. Акмулла атындағы  Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен, Башқұрт мемлекеттік  университетімен, Екатеринбург кәсіптік-педагогикалық университетімен, өзге де ЖОО-мен бірлескен халықаралық ғылыми онлайн конференциялар мен семинар жұмыстарына белсене қатысады. Студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлық аясында республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі жасалған.

Факультеттің барлық мамандықтары 2014 жылы сәуір айында ҚР Аккредиттеу мен рейтингтің  тәуелсіз агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 2016 жылдың желтоқсан айында аталмыш агенттік тарапынан кезіндегі ұсыныстар бойынша постаккредиттік мониторинг өткізіліп,  аккредиттеу нәтижесі расталды.

Факультеттегі халықаралық ынтымақтастық:

Францияның Ницца университетімен, Польшаның А.Мицкевич атындағы университетімен (Познань), Қытайдың Минзу  университетімен (Пекин, ҚХР), Іле педагогикалық университетімен (Құлжа, ҚХР), Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Москва қ.), Ресей Ғылым Академиясы Уфа ғылыми орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтымен (Уфа қ.), М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен (Уфа қ.), Башқұрт Мемлекеттік университетімен (Уфа қ.), Ресейдегі Черкесск ғылыми-зерттеу институтымен (Черкесск қ.), Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетімен (Набережные Челны қ.), Уральск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Екатеринбург қ.), Орынбор мемлекеттік университетімен (Орынбор қ.), Тәжікстанның Ресей-Тәжік (славян) университетімен (Душанбе қ.), Қырғызстанның Қырғыз-Ресей Славян университетімен (Бішкек қ.) тығыз байланыс орнаған.

Факультетте төмендегідей халықаралық онлайн семинарлар тұрақты түрде жүргізіледі:

- Түркі филологиясының өзекті мәселелері (Ресей Федерациясы, Башқортстан Республикасы, Уфа қаласы, Башқұрт мемлекеттік университетімен бірлестікте);

- Тарихи зерттеу аспектісіндегі түркі фольклоры (Ресей Ғылым Академиясы Уфа ғылыми орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтымен бірлестікте);

- Фольлор және ұлттық идея халықаралық ғылыми конференция;

- Қазақ әдебиетіндегі тарихи прозаны оқытудың өзекті мәселелері республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

- Оқу процесіне педагогикалық технологияларды енгізу (Ресей Федерациясы, Башқортстан Республикасы, Уфа қаласы, М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлестікте);

- Магистранттарға арналған «Лингвистикалық жұма» семинары (Ресей Федерациясы, Башқортстан Республикасы, Уфа қаласы, Башқұрт мемлекеттік университеті және  М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлестікте).

 

Профессорлық-оқытушылық құрамның мамандықтар бойынша ғылыми дәрежелілігі (2016-2017 оқу жылы):

- 5В012100–Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын қамтамасыз ететін оқытушылар саны - 28, оның ішінде ғылыми дәреже мен атаққа иелері – 14, үлесі 50%.

- 5В011800–Орыс тілі мен әдебиеті мамандығын қамтамасыз ететін оқытушылар саны - 22, оның ішінде ғылыми дәреже мен атаққа иелері – 16, үлесі 72,7%.

- 5В012100–Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын қамтамасыз ететін оқытушылар саны - 26, оның ішінде ғылыми дәреже мен атаққа иелері – 14, үлесі 53,8%.

- 5В012200–Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығын қамтамасыз ететін оқытушылар саны - 22, оның ішінде ғылыми дәреже мен атаққа иелері – 16, үлесі 72,7%.

- 5В020500–Филология мамандығын қамтамасыз ететін оқытушылар саны - 26, оның ішінде ғылыми дәреже мен атаққа иелері – 13, ол 50%

Факультеттің  7  оқытушы-ғалымы  ҚР  БжҒМ  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы» грантының иегері:

1. Тектіғұл Ж.О.(2009ж.);

2. Садирова К.Қ. (2012ж.);

3. Пангереев А.Ш. (2013ж.);

4. Исакова С.С. (2013ж.);

5. Борашев Б.Т. (2014ж.);

6. Мусаев А.М. (2014ж.);

7. Балтымова М.Р. (2015ж.).

Қазақстан Республикасының тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің (НААР) рейтингісі бойынша жүлделі орындар:

2016 жыл:

• «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 1-орын;

• «6М020500-Филология» мамандығы ҚР ЖОО тәуелсіз рейтинг көрсеткішінде 55 ЖОО арасында 2 жыл қатарынан 3-орынды иеленді («Казахстанская правда» газеті 02 маусым 2016 жыл);

2017 жыл:

• «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 2-орын;

• «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2-орын («Казахстанская правда» газеті 23 мамыр 2017 жыл).

2015- 2016 оқу жылы

• Факультет мамандықтары БжҒМ тарапынан өткізілген аттестаттаудан сәтті өтті, студенттердің тестілеуден жоғары көрсеткіштерге ие болды;

• Профессорлар, филология ғылымдарының докторлары Б.Т. Бораш, А.Ш. Пангереев ҚР Педагогика Ғылымдар Академиясының академигі болып сайланды;

• Профессор Ә.М. Молдаханов ҚР ЖОО қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы алтын медалімен марапатталды;

• Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-дің 50 жылдық мерейтойына орай профессор-оқытушылар құрамы "Құрметті профессор" және  мерейтойлық төсбелгілерімен, облыс, қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды;

• Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. М.Р. Балтымова  «Жылдың үздік оқытушысы-2015» мемлекеттік грантының иегері атанды.

2016 - 2017 оқу жылы

• 2016 жылы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында «5В020500-Филология» мамандығы студенті Шохаев Мұстафа «Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы хандар тұлғасының көркем бейнеленуі»  атты ғылыми жұмысымен жүлделі ІІІ орын иеленді;

• 2017 жылы «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»  мамандығының студенттері РФ Москва қаласында өткен  (РУДН) «Факел русского языка на великом шелковом пути» халықаралық пилоттық жобаға қатысып, дипломдармен марапатталды;

• Аға оқытушы, PhD доктор А.Т. Шетиева «Актобе: императивы времени» тақырыбы бойынша облыс әкімінің грантын жеңіп алды.

Факультеттің студенттік командасы республикалық пәндік олимпиадаларға тұрақты қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ЖОО арасындағы республикалық олимпиадада:

5В020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығы:

• 2013-2014 оқу жылы – ІІ орын;

• 2014-2015 оқу жылы  -  І орын;

• 2015-2016 оқу жылында Қ. Жұбанов атындағы АқӨМУ «5В020500–филология» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырды;

• 2016-2017 оқу жылы – ІІІ орын.

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы:

• 2014-2015 оқу жылы – ІІІ орын;

• 2016-2017 оқу жылы – ІІІ орын.

Орыс  тілі мен әдебиеті пәні бойынша ЖОО арасындағы республикалық олимпиадада:

5В011800- Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы:

1. 2014-2015 оқу жылы – ІІ орын;

2. 2015-2016 оқу жылы – ІІІ орын.

Фото 10, фото 11, фото 12

Көптілділік бағдарламасы бойынша факультетте  арнайы топтар құрылып төмендегі пәндер ағылшын тілінде оқытылуда:

1. Гендерлік лингвистика (профессор Г.Т.Шоқым), «5В020500-Филология": қазақ  филологиясы» мамандығы, 3-курс (10 студент)

2. Когнитивті лингвистика (профессор С.С.Исакова), «5В020500-Филология: қазақ филологиясы» мамандығы, 4-курс (10 студент, 2-семестр)

3. Жалпы тіл білімі (профессор Ж.О.Тектіғұл), «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы», 4-курс (10 студент, 2-семестр);

4. Кәсіби бағытталған шетел тілі (профессор С.С.Исакова, РhD доктор А.Т.Шетиева, барлық мамандықтар бойынша)

Факультет студенттерінің ғылыми және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында проблемалық топтар мен «Үркер» әдеби-шығармашылық бірлестігі, «Жастар айнасы» қабырға газеті тұрақты түрде жұмыс жасайды. Сонымен қатар факультет студенттері университет деңгейінде құрылған Жас ақындар үйірмесіне, «Тұмар» студенттік театрының жұмысына белсене қатысады. Факультетте студенттер мынадай бағыттар бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді:

• Ақын-жазушылармен кездесулер;

• Оқырмандар конференциялары;

• Әдеби-сазды кештер;

• Интеллектуалды сайыстар;

• Мүшәйралар;

• Көңілді тапқыштар алаңы;

• Ақындар айтысы;

• Қайырымдылық акциялары;

• Жатақханада ұйымдастырылатын шаралар;

• Студенттердің өзін-өзі басқару апталықтары;

• Студенттік деканат жұмыстары.

Факультет студенттерінің  2016-2017 оқу жылындағы халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардағы жетістіктері:

Жолмырза Әлімжан  Әділжанұлы, қазақ филологиясы мамандығының 3 курс студенті, Астана қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты студент жастардың республикалық патриоттық  форумында поэзия байқауы бойынша «Шабыт» номинациясының иегері, Ақтөбе облыстық «Жас Барыс – 2016» турнирінің жеңімпазы.

Жақсылық Әлихан Нұрбергенұлы, қазақ филологиясы мамандығының 1 курс студенті, Астана қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген Республикалық «Азаттықтың ақ таңы» атты ақындар айтысында арнайы жүлде, Ш.Берсиевтің 135 жылдығына орай өткізілген облыстық ақындар айтысында 1-орын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әйтеке би ауданында өткен облыстық ақындар айтысының 1-орын иегері.

Жұбаниязов Қайырхан Жеңісбекұлы, қазақ филологиясы мамандығының 3 курс студенті Тұманбай Молдағалиевқа арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауында арнайы жүлде (Алматы), «Еркіндік қыраны, шарықта» облыстық студенттер  айтысы 1- орын (Ақтөбе), ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әйтеке би ауданында өткен облыстық ақындар айтысының 2-орын иегері.

Самбаева Әсем Нұрболқызы, қазақ филологиясы мамандығының 2 курс студенті,  VII Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында «Жас зияткер» номинациясы бойынша 1 орын (Алматы), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақ елі – Мәңгілік ел» атты YII Құрышжанов оқулары» ғылыми-тәжірбиелік конференциясында 1 орын (Алматы).

Қойшыбаев Қайрат Жарасқанұлы, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті, «Еркіндік қыраны, шарықта» облыстық студенттер  айтысы 3-орын.

Құдасова Шырайлым Оралбайқызы, қазақ филологиясы мамандығының 2 курс студенті, Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың құрметіне ұйымдастырылған дәстүрлі «Исаев оқулары» атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми конференциясында 1 орын (Алматы).

Әнебай Шырын Мұхтарқызы, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті, Республикалық «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша өткен Аламан-2016 байқауының бас жүлдегері (Астана).

Әбдіжәлел Ғаламжан Қанатұлы, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті, Астана қаласында өткен Республикалық «Күншуақ» көркем өнерпаздар шығармашылық байқауының 1-орын иегері.

Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткізілген  «Факел русского языка на великом шелковом пути» халықаралық пилоттық жобасында жеңімпаз болған студенттер:

Зариға Жұлдыз Мырзабекқызы, Киікбаева Ақлима Халидоллақызы, Алдоңғарқызы Инабат, Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенттері,  «Сокровища русского фольклора» конкурсының жеңімпаздары (РУДН, Москва, Россия).

Баранова Полина Андреевна, Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті, лингвистикалық олимпиада жеңімпазы (РУДН, Москва, Россия).

Өмірсерік Рима Алматқызы, Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті, «Я – наследник двух культур» конкурсының жеңімпазы.

Факультетте академиялық ұтқырлық аясында төмендегідей шетелдік оқу орындарынан профессорлар шақырылып, дәріс тыңдалды:

Сарват Әл-Сакран,  Біріккен Араб әмірлігі, Шарджа қаласындағы Америка университеті. Оқыған курсы: Аналитикалық дискурс теориясы;

Маханбет Джусупов, Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университеті, Өзбекстан Республикасы. Оқыған курсы: А.Байтұрсынұлы және морфонология мәселелері; Тіл білімінің жаңа бағыттары;

Парихшат Синг-Манхас, Үндістан, Джамму университеті. Оқыған курсы: Қашықтан және электронды білім беру менеджменті;

Нұралиев Абдусаттор, Тәжікстан Республикасы, Ресей-Тәжік (Славян) университеті. Оқыған курсы: Қазақ-тәжік әдеби байланыстары;

Мухтаруллина Айгүл Раисовна, РФ, Башқортстан, Башқұрт мемлекеттік университеті (ж.). Оқыған курсы: Аргументтік дискурстың модальділік категориясы;

Давлетшина Мархаба Саяфаровна, М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, РФ Башқортстан Республикасы). Оқыған курсы: Разговорный башкирский язык;

Гейхман Любовь Кимовна, Пермь Ұлттық техникалық университеті, РФ. Оқыған курсы: Тілдік пәндерді ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен оқыту.

Куляпин Александр Иванович, РФ, Алтай мемлкеттік педагогикалық институты Оқыған дәрістері: «М.Зощенконың 1920-30 жылдардағы көркем-әдеби шығармашылығы»,  «Е.Замятиннің «Пищера», «М.Зощенко: дрова салыстырмалы талдау», «1930-50 жж. отандық әдебиеттің семиотекасы және поятикасы, «М.Зощенконың проза әлемі: заттар мен белгілер».

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы арнайы шақырумен төмендегідей шетелдік жоғары оқу орындарында дәріс оқыды:

Садирова К.Қ. РФ, Башқортстан, Башқұрт мемлекеттік университеті, (2011 ж.). Оқыған курсы: Қазақ-башқұрт тілдеріндегі фразелогизмдердің этномәдени сипаты; Кытай халық республикасы, Құлжа қаласы, Іле педагогикалық университеті, (2014 ж.). Оқыған дәрісі: Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі.

Исакова С.С. . РФ, Башқортстан, Башқұрт мемлекеттік университеті, (2011 ж.). Оқыған курсы: Когнитивтік лингвистика.

Шоқым Г.Т. ҚХР, Синьзян қаржы-экономикалық университеті, Тілдер институты, (05.12-18.12.2016 ж.). Оқыған курсы: Тіл теориясы және лингвомәдениеттану бағыттары;

Пангереев А.Ш. Қытай, Минзу университеті (Пекин). Оқыған дәрісі: «Қазақ фольклорының ұлттық негіздері», "Қазақ әдебиетіндегі образдар жүйесі" (2014 ж.);

Бораш Б.Т. Ресей ҒА Уфа ғылыми орталығының Тарих, тіл және әдебиет институты. Оқыған дәрісі: «Қазақ-башқұрт әдеби байланыстары», «Қазақстандағы мәдени-әдеби ахуал» (2015 ж.);

Мұсаев А.А. Франция, Ницца университеті. Оқыған дәрісі: "Сатира поэтикасы" (2015 ж.).

Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында 2016-2017 оқу жылында біздің факультетте білім алғандар:

1. ҚХР Іле педагогикалық институтынан  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 13 студент (3-курс);

2. ҚХР Шыңжан қаржы-экономикалық университетінен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 4 студент (1-курс).

Ішкі академиялық ұтқырлық аясында 2016-2017 оқу жылы біздің студенттер іргелі оқу орындарында білім алды:

1. Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1  студент (2-курс).

2. Абай атындағы ҚазҰПУ-нде 6 студент (3-курс).

Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында 2016-2017 оқу жылында біздің факультетте білім алғандар:

1. ҚХР Іле педагогикалық институтынан  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 13 студент (3-курс);

2. ҚХР Шыңжан қаржы-экономикалық университетінен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 4 студент (1-курс).

Ішкі академиялық ұтқырлық аясында 2016-2017 оқу жылы біздің студенттер іргелі оқу орындарында білім алды:

1. Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1  студент (2-курс).

2. Абай атындағы ҚазҰПУ-нде 6 студент (3-курс).

Факультет түлектері:

С.М.Қалдығұлова,  облыстық мәслихат хатшысы

А.Т.Шериязданов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Н.Уайдин, облыстық Әділет басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі

Ж.У.Төлемісова, ҚР Президент телерадио кешенінің корреспонденті

Ж.Б.Самұратова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкері

Т.Б.Бердімұратов, «НҰР» қазақ-орыс халықаралық университетінің президенті

С.Е.Жұманов, Шалқар қаласының әкімі

Қ.Қ.Айтбаев, ҚР Мәдениет қайраткері және т.б.

Факультет түлектерінің 72 % тұрақты жұмысқа орналасқан, олардың ішінде  65%  Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік мекемелерде еңбек етуде.

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Құрылыс кафедрасы

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

География кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Физика кафедрасы

Математика кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы