Мобильді нұсқа

Физика-математика факультеті

Отаров Хасен Тоқтарұлы

Лауазымы:

Физика-математика факультеті деканы

Ғылыми дәрежесі:

+7 (7132) 53-31-02

физика-математика ғылымдарының кандидаты

khassenotar@mail.ru

Ғылыми атағы:

Доцент

Актөбе қаласы, Гришина көшесі №7,  №236 кабинет

  •  

    Балмагамбетова Рахима Еришановна

    Лауазымы:

    Заместитель декана по учебной работе

    Ғылыми дәрежесі:

    +7 (7132) 53-31-02

     

     

    Ғылыми атағы:

     

    Актөбе қаласы, Гришина көшесі №7,  №236 кабинет

  •  

    Лауазымы:

    Заместитель декана по воспитательной работе

     

     

    Ғылыми дәрежесі:

    Ғылыми атағы:

    +7 (7132) 53-31-02

     

    Актөбе қаласы, Гришина көшесі №7,  №236 кабинет

    Ильясова Толганай Жайшылыковна

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

Физика-математика факультеті 1966 жылы құрылып, математика, физика, ақпараттық жүйелер саласында іргелі зерттеулер жүргізу және кадрлар дайындау бойынша аймақтағы жетекші оқу және ғылыми орталығына айналды.

 

Факультет құрамында 3 кафедра бар:

• математика (кафедра меңгерушісі м.а.  ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Тлеубергенова М.А.);

• физика (кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Сагимбаева Ш. Ж.);

• информатика және ақпараттық технологиялар  (кафедра меңгерушісі м.а. ф.-м.ғ.к., доцент Сарсимбаева С.М.);

 

 Факультет бакалавриаттың 9, магистратураның 6, докторантураның 1 мамандығы бойынша кадрлар даярлайды.

Бакалавриат: 5В010900 – Математика,  5В011000 – Физика, 5В011100 – Информатика, 5В060100 – Математика,  5В060400 – Физика, 5В060200 – Информатика, 5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

 

 Магистратура: 6М010900 – Математика, 6М060100 – Математика, 6М011000 – Физика, 6М060400 – Физика, 6М060200 – Информатика, 6М070300 – Ақпараттық жүйелер

 Докторантура:  6D060100 – Математика

2016-2017 оқу жылы бакалавриат мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде 673 студент білім алды, соның ішінде мемлекеттік грант бойынша – 341.

 Факультет жоғары білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген: 4 физика-математика және педагогика ғылымдарының докторы, 4 PhD, 46 ғылым кандидаттары. ПОҚ ғылыми дәрежелілігі – 54 %.

 

Факультеттің материалдық-техникалық базасы 15 физика зертханаларын, 20 компьютерлік кластарын, 16 арнайы оқу кабинеттерін, 6 лектік аудиторияларды, 1 мультимедиялық кабинет және 20 оқу аудиторияларын қамтиды.

 

 

Факультет оқытушылары төмендегі атақ иегерлері болып табылады: «ҚР ЖОО үздік оқытушысы», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР Жоғары мектебі еңбегі сіңген қызметкері», «Ы.Алтынсарин атындағы медаль», «ҚР ғылымын дамытуға қосқан еңбегі үшін», Қ.Сатпаев атындағы ҚР БжҒМ сыйлығы, «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы», Ақтөбе облысы әкімінің «Жас ғалым» гранты.

 

ҚР БжҒМ тарапынан қаржыландырылатын төмендегі іргелі зерттеулер жүргізілуде:

1. «Технология управления механизмом трансформации энергии ионизирующей радиации в щелочногалоидных кристаллах-сцинтилляторах» тақырыбы бойынша (2015-2017 жж) (Жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Шүңкеев Қ.Ш. Орындаушылар: ф.-м.ғ.к. Бармина А.А., ф.-м.ғ.к. Мясникова Л.Н., ф.-м.ғ.к. Сағымбаева Ш.Ж., PhD Жантурина Н.Н., физика магистр Аймағанбетова З.Қ.).

2. «Разработка технологии управления оптическими свойствами оксидов, фторидов и щелочногалоидных кристаллов при понижении симметрии решетки для получения материалов с заданными люминесцентными характеристиками» тақырыбы бойынша (2015-2017 жж) (Жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Шүңкеев Қ.Ш. Орындаушылар: ф.-м.ғ.к. Бармина А.А., ф.-м.ғ.к. Мясникова Л.Н., ф.-м.ғ.к. Сағымбаева Ш.Ж., PhD Жантурина Н.Н., физика магистр Аймағанбетова З.Қ.).

3. «Теоретическое исследование зеркальных и призменных ионно-оптических систем и создание на их основе высокоэффективных статических и времяпролетных малогабаритных масс-спектрометров» тақырыбы бойынша (2015-2017 жж) (Жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Спивак-Лавров И.Ф. Орындаушылар: ф.-м.ғ.к.Құрманбай М.С., ф.-м.ғ.к. Доскеев Г.А., магистрант Бижанова Р.Б.).

 

Физика-математика факультеті жыл сайын Қазақстан ЖОО-лар оқыту бағдарламаларының ұлттық рейтингіне ойдағыдай қатысады.

ҚР БжҒМ Ұлттық рейтингінің нәтижелері:

5В010900 «Математика» – II орын (2010 ж.)

5В060100 «Математика» – III орын (2010 ж.), II орын (2011 ж.), I,II орын (2013 ж.), I орын (2015 ж.), II орын (2016 ж.)

5В011000 «Физика» – I орын (2009-2012 ж.), II орын (2013 ж.), I орын (2014 ж.), II орын (2015 ж.), II орын (2016 ж.), I орын (2017 ж.),

5В011100 «Информатика» – III орын (2009 ж.), I, II, III орын (2010 ж.), I орын (2011 ж.), I,   I, III орын (2012 ж.), I орын (2013 ж.), I орын (2014 ж.),  II, III орын (2015 3.), III орын (2016 ж.)

5B060200 – Информатика – III орын (2014)

2016-2017 оқу жылында факультет студенттері республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды: 5В011100 «Информатика» мамандығы командалық 1 орын, 5В010900 «Математика» мамандығы 2 орын, «Физика» мамандығы 3 орын.

Факультетте қызықты әрі мәнді студенттік өмір үшін түрлі жұмыстар атқарылады, атап айтқанда студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, ол студенттерде оқуға деген жауапкершілікті және шығармашылық қатынасты, қоғамдық қызметті қалыптастыруда, оқу-тәрбие процестерінде деканатқа, профессорлық-оқытушылық құрамға көмек көрсетуде (студенттердің білім сапасын жан-жақты және заманауи анализдер  арқылы, төменгі көрсеткіш себептерін анықтау,  анализ нәтижелері бойынша нақты шаралар қолдану және сол себептерді жою арқылы), студенттердің бос уақытын ұйымдастыруда және студенттердің бір-бірімен тығыз, достық қарым-қатынасын қалыптастыру мен студенттердің мәселелерін ашық түрде жеткізуде тиімді. Ал студенттермен жұмыс және жастар саясаты ұйымының маманы ұжым мүшелерінде студент өміріндегі мәселелерді шешуде, шараларды басқаруда белсенді өмірлік қағидалар мен дағдыларды қалыптастыруда, студенттерді ҚР заңдарына құрметпен қарауға, әдептілік нормаларына, жатақхана ережелеріне бағынуға тәрбиелеуде, тәртіп бұзған студенттерге дер кезінде қоғамдық және тәртіптік шаралар қолдануда, факультетте қоғамдық ұйымдардың қызметін белсендіру жұмыстарын жүргізуде тиімді жұмыстар жүргізеді.

 

 Факультет кафедраларында 11 ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар жұмыстары жолға қойылып, оған 70-тен аса студент қатысады. Сонымен қатар факультетте бір  Educationclub үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл үйірмелердің тақырыптары әртүрлі, негізінен физика-математика есептерін шешу, программалау негіздері,  педагогикалық технологиялар, ақпараттық технологиялар және т.с.с.

 

 Факультет белсенділері  жастар форумына және фестивалдарға қатысады, оның ішінде республикалық, халықаралық деңгейдегі фестивалдарға қатысып, өз жобаларын жүзеге асырады.

 

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында студенттер республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі жалпы университеттік спорттық шараларға қатысады. Сондай-ақ,  факультетте  «Денсаулық – зор байлық» спорттық шаралары, «Зиянды заттардан аулақ болайық!» атты шылымға қарсы акция, ұлттық ойындар сайысы және табиғатқа саяхат жиі ұйымдастырылып отырады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша физика-математика факультетінің студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай ат.ҚазҰПУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында және Қазақстанның басқа да ЖОО-да білім алады. Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша студенттер шетелдік университеттерге, атап айтқанда Гданск университетіне (Польша),  Крайов университетіне (Румыния), Әулие Климентов атындағы университеттерге (Болгария) барып, білімдерін шыңдап жүр. Сонымен қатар, шетелдік ғалымдар факультет студенттеріне дәріс оқуға  және өз тәжірибелерімен бөлісуге жиі келіп тұрады.

 

 2016-2017 оқу жылында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Гданск университетінің профессоры Гринберг Марек «Физика» мамандығының студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды, Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Л.Р.Бекешева Әулие Климент Охридский атындағы София университетінде дәріс оқыды, ал физика кафедрасының оқытушысы А.С.Нуртазина Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінде практикалық сабақтар жүргізді.

 

 Іргелі және қолданбалы математика кафедрасы бойынша соңғы үш жылда дәріс оқуға шақырылған ғалымдар: 2014-2015 жылы келісім-шарт бойынша (София қаласы, Болгария) Св. К. Охридский атындағы София университетінің профессоры, ф.-м.ғ.д. Попиванов Недю Иванович; 2015-2016 оқу жылында докторанттар үшін виртуальды лабораторияның көмегімен Св. К. Охридский атындағы София университетінің профессоры, ф.-м.ғ.д. Попиванов Недю Иванович (София қаласы, Болгария); ф.-м.ғ.д., профессор Станжицкий Александр Николаевич (Т. Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университеті, Киев қаласы, Украина); ф.-м.ғ.д, профессор Тлеубергенов Марат Идрисович (әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  Алматы қаласы, Қазақстан) дәріс оқыды.

 

2015 жылы 16-22 ақпан аралығында Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің профессоры В.Т.Димитров академиялық ұтқырлық  бағдарламасы негізінде «Web технология» курсы бойынша 5В060200-«Информатика» мамандық студенттеріне дәріс оқыды. 2015 жылы 12 -15 қазанда Ресей ғалымы, Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті Энгельс технологиялық институтының (филиал) профессоры, техника ғылымдарының докторы Ю.А.Кадыкова «Полимерлер физикасы» пәні бойынша дәріс өткізді.

 

 2016 жылы 14-27 наурыз аралығында Ресей федерациясының «Дубна» мемлекеттік университетінің профессоры Л.Ф.Спивак академиялық ұтқырлық  бағдарламасы негізінде  «ГИС-технологии в системе управления территорией» курсы бойынша 5В060200-«Информатика», 5В070400-«Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттеріне дәріс оқыды.

50 жылдан аса тарихы бар факультет түлектерінің ішінен елімізге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ұстаздар, ұжым басшылары шыққан. Мысалы, академик К.К.Кенжебаев, сенатор Е.Сағындықов, Анкара қаласындағы Орта-Шығыс университетінің профессоры М.У.Ахмет, Көп салалы Тарлан колледжінің директоры Ж.Ж.Шүкіров және т.б.

 

2016 жылы бітірген түлектердің 84% жұмысқа орналасты. Олар оқу мекемелерінде, банктерде, әртүрлі ЖШС-терінде, т.б. еңбек етуде. 19 түлек ҚР ЖОО-дарының магистратураларында оқиды.

 

 

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Құрылыс кафедрасы

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

География кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Физика кафедрасы

Математика кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы