Мобильді нұсқа

Педагогика факультеті

Жусупова Жанна Азатқызы

Лауазымы:

Педагогика факультетінің деканы

Ғылыми дәрежесі:

+7 (7132) 24 95 74

педагогика ғылымдарының кандидаты

zhanna.zhusupova@inbox.ru

Ғылыми атағы:

Доцент

Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы  34,

№ 316 кабинет

  •  

    Рысбаева Ардақ Куанышқызы

    Лауазымы:

    Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

    Ғылыми дәрежесі:

    +7 (7132) 24 95 74

    педагогика және психология магистрі

    ardak_rusbaeva@mail.ru

    Ғылыми атағы:

     

    Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы  34,  № 316 кабинет

  •  

    Лауазымы:

    Деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

    педагогика және психология магистрі

     

    Ғылыми дәрежесі:

    Ғылыми атағы:

    +7 (7132) 24 95 74

     

    Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы  34,

    № 322 кабинет

    Измагамбетова Рыскүл Махамбеталиқызы

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

ФАКУЛЬТЕТ БЕРІЛГЕН МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ:

Бакалавриат:

5В010100–«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

5В010300 – «Педагогика және психология»

5В010500 - «Дефектология»

5B012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

5В050300  - «Психология»

Магистратура:

6М010100–«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

6М010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

6М010300 - «Педагогика және  психология»

6М050300 - «Психология»

 

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ

Педагогика факультеті 1984 жылы Математика, кейіннен тарих факультетінің құрамында бастауыш кластарға арналған жоғары білімді мамандар даярлау мақсатында бөлім ретінде ашылып, 1990 жылы жеке Педагогика факультеті болып бөлініп шықты. Факультетті 1990-1992 ж.ж. п.ғ.к., доцент  Ж.Т.Бүтіншинов, 1992-1995 ж.ж. ф.ғ.к., профессор,  ҚР Білім  беру ісінің үздігі О.Б.Баймағамбетов басқарды. Сол жылдары факультет кафедралары «Бастауышта оқытудың педагогикасы», «Бастауыш мектептегі тілдерді оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектептегі жаратылыстану математикалық пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы»,  «Мектепке дейінгі тәрбие» аталып, оларға   С.Е.Қаңтарбай, А.К.Кенжеғұлова, Н.И. Кустова., О.А.Шункеева., С.А.Мырзабеков  басшылық етті. 1995-2004 ж.ж. п.ғ.к., доцент, «Білім  беру ісінің үздігі құрметті қызметкері»  А.В.Усов; 2004-2006 ж.ж.  п.ғ.к., профессор, КСРО және ҚР«Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері С.Е. Каңтарбай; 2006-2009 ж.ж. т.ғ.к., доцент, «Білім  беру ісінің құрметті қызметкері» С.А.Ескалиев; 2009-2012 ж.ж. ф.ғ.к., доцент, “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісінің иегері  С.С.Мұхтаров; 2012 ж.ж.  п.ғ.д., доцент, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері К.Ж.Туребаева; 2012 ж.ж. п.ғ.к., доцент А.К.Дүйсенбаев; 2012-2013  ж.ж. п.ғ.к., доцент Л.Б.Алекешова; 2013-2014  ж.ж. ф.ғ.к., доцент  Н.М.Алдашев басқарды.

 

Факультетте төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр мамандар даярланды:  «5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; «5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»; «5В010300- Педагогика және психология»; «5В010500 - Дефектология»; 6N010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша магистр мамандар даярланды.

 

Бұл кезеңде факультет кафедралары «Бастауышта оқыту, мектепке дейінгі тәрбие және арнаулы білім», «Бастауышта тілдерді оқытудың теориясы мен технологиясы», «Жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен технологиясы» аталып, оларға төмендегі ғалымдар жетекшілік етті:  А.К.Кенжеғұлова, К.Ж.Туребаева, А.А.Базаргалиева, К.И.Исламова, С.С.Сейтенова.

 

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамында ғылым докторлары, профессор, ғылым кандидаттары мен доценттер, «СССР-дің орта және арнаулы орта білім беру үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының және «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері қызмет жасады. Профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық түрлі ғылыми-теориялық, практикалық конференциялар, семинар-практикумдарға белсене қатысты.

 

2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі № 348-Н бұйрығымен «Педагогика және психология» және «Кәсіби шығармашылық» факультетінің бірігуі негізінде Педагогика институты құрылды. 2014-2016 жж Педагогика институтын п.ғ.д., доцент  К.Ж.Төребаева басқарды. 2016-2017 оқу жылының қыркүйек айынан мамыр айы аралығында Институт директоры п.ғ.к., доцент С.Е.Досжанова болды.

«Педагогика және психология» факультетін басқарған декандар

Бутинчинов ЖенисханТемирханович

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

1987-1992ж.ж.

Усов Анатолий Владимирович

п.ғ.к., доцент, «Білім  беру ісінің  құрметті қызметкері»

1995-2004 ж.ж.

Баймағамбетов Отарбай Баймағамбетұлы

 ф.ғ.к., профессор «Білім  беру ісінің үздігі»

1990-1993 ж. ж.

Каңтарбай Сембай Ерғалиұлы

п.ғ.к, КСРО және Білім беру ісінің үздігі,

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері

2004-2006 ж.ж..

Ескалиев Самат Амангелдіұлы

т.ғ.к., доцент, «Білім  беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері,

2006-2009 ж.ж.

Мұхтаров Сабыржан

Сағидуллаұлы ф.ғ.к.,доцент, «Білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін»

төсбелгісінің иегері

2009 -2012 ж.ж.

Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы

педагогика ғылымдарының кандидаты,

2012 ж. ж.

Алекешова Ляззат Бисенбаевна

п.ғ.к., доцент, «Білім  беру ісінің құрметті қызметкері»

2012 2013 ж. ж.

Алдашев Нұрдәулет Мырзалыұлы

ф.ғ.к.,доцент, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медальі,

Президенттің Алғыс хатының иегері

2013-2014  ж.ж.

Төребаева Клара Жаманбайқызы

п.ғ.к., профессор «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері

2014-2016 ж.ж.

Досжанова Светлана Ермекбайқызы

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

2016-2017 ж.ж.

Осы уақыт аралығында факультетте көптеген академиялық дәрежелі бакалавр және магистр мамандар дайындалды. Түлектер еліміздің әртүрлі қызмет салаларында еңбек етіп келеді.

 

2017 жылдың 15 мамырындағы Ғылыми кеңестің № 11 хаттама негізінде және 13 мамырдағы 212 жеке құрамның  шешімімен Педагогика институты «Педагогика» және «Кәсіби шығармашылық» факультеті болып екіге бөлінді.

Педагогика факультетінің оқу және ғылыми-зерттеу қызметі инновацияға бағытталған және «Студенттің оқу әрекетін  педагогикалық- психологиялық бағыттау» тақырыбындағы мәселеге арналады. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының ЖОО-да оқыту процесін және ғылыми қызметті ұйымдастыру, кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жан-жақты жолға қойылған. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері: ғылыми және оқу-әдістемелік  басылымдар, ҚР және шетелдерде кәсіби біліктілігін көтеру куәліктері мен сертификаттары болып табылады. Педагогика факультеті құрамында 3 ғылым докторы, 2 PhD-доктор, 39 ғылым кандидаты, 28 магистр профессор-оқытушылар еңбек етеді.

Білім беру бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру үшін факультеттің профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, оқу курстарын презентациялау бойынша семинарлар мен конференциялар өткізуді тәжірибеге айналдырған.

П.ғ.д., доцент Төребаева К.Ж.  «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының  жүзеге асырылуы аясында ұйымдастырылған республикалық семинарға қатысты.

Аға оқытушы Шестакова Е.В. «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы инклюзивтік оқыту» проблемасы бойынша семинарға қатысып «Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Факультет оқытушылары импакт-фактор  көрсеткіштері бар журналдарға мақала жазу тәртібін түсіндіретін оқыту семинарларына, Elsever компаниясы ұйымдастыратын семинар-тренингтерге жүйелі қатысады.

Факультет оқытушылары оқыту үдерісінде педагогикалық инновациялық технологияларды кеңінен пайдаланады. Олар: проблемалық оқыту, интегративті-дамытушылық амал,  модульдік оқыту, ойын технологиясы,  сын тұрғыдан ойлауды дамыту, кейс-стади, интеллектуалды карталар технологиясы.

 

2017 жылдың 13-17 ақпан аралығында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ педагогикалық білімнің инновациялық орталығы «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» атты байқау өткізді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орында «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ж.Ж.Қартбаева иеленсе, осы кафедраның аға оқытушысы Б.И.Амантаева «Сабақ құрылымының әдістемелік технологиясы» номинациясын иеленді.

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

Студент тұлғасы мәртебесін жан-жақты дамытуда және қалыптастыруда жетекші роль атқаратын ғылыми-зерттеу жұмысы институт қызметінің маңызды саласы болып табылады. Факультет студенттері ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде қатысып, халықаралық, республикалық олимпиадалар, конференциялар мен байқауларда жүлделі орындар иеленген.

 

2017 жылдың 30-31 наурызда академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетінде 5В010500-«Дефектология» мамандығы қазақ тобынан «Жаңа толқын» және орыс тобынан «Педсовет» бойынша ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша «Дефектология» мамандығының «Жаңа толқын» командасы ІІІ орынды иеленді.

«Білім – жеңістің кілті» атты «Арнайы педагогика», «Арнайы психология», «Логопедия негіздері» пәндері бойынша теориялық білім деңгейін анықтауға арналған тестілеуде «Эрудит» тобынан   Қанағатова Қарлығаш тест нәтижесі бойынша тесттің 2-турына өтіп, жинаған ұпайы бойынша үшінші орын иемденді.

2017 жылдың 6-7 сәуір аралығында Қарағанды қаласында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығы бойынша VII Республикалық  пәндік олимпиадада «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының «Болашақ»  тобы  жүлделі  І  орынды иеленіп, дипломмен  марапатталды.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығы  бойынша Республикалық  пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитеті студенттерді зияткерлік жарысқа дайындап,  белсенді қатысқаны үшін топ  жетекшісі Қартбаева  Жайнагүл Жаншақызы және топ  мүшелері олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен  марапатталды. МДОТ-201 тобының студенті Жәниет Нүргүл  «Үздік практик» номинациясы бойынша марапаттады.

2016 жылы «Психология» мамандығының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада 2 орынға ие болды.

Педагогика факультетіндегі тәрбие қызметінің мақсаты еңбек нарығында жан-жақты  дамыған, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары болашақ маман  тәрбиелеу.

 Факультетте тәрбие жұмысы бекітілген жұмыс жоспары бойынша төмендегі бағыттарды қамтиды:

- патриоттық тәрбие және рухани-адамгершілікті қалыптастыру

- діни экстремизмнің алдын алу

- құқықтық тәрбие

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

- дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тәрбие жұмысының мазмұны басты үш бағытқа кіріктірілген:

- студенттердің кәсіби еңбек мәдениетін қалыптастыру

- студенттердің азаматтық-құқықтық мәдениетін қалыптастыру

- студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру

Сонымен қатар факультеттегі тәрбие жұмысы Кураторлар кеңесі, Жастар саясаты бөлімі және студенттердің өзін-өзі басқару  ұйымдарымен жүргізіледі.

 Факультетте студенттердің белсенділігі  мен түрлі  студенттік өмірдегі сұрақтарды шешу мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы қалыптасқан. Білімгерлер факультет Кеңесі және кураторлар кеңесі секілді ұжымдық ұйымдардың мүшелігіне сайланады. Сонымен қатар, студенттердің белсенділігімен Студенттік деканат жұмыс жасайды. Өз қызметінде Студенттік деканат студенттердің оқуға байланысты, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қатысты сұрақтарды қарастырады. Ақылы түрде оқитын студенттер  емтихан сессиясының қорытындысына қарай оқу ақысына  жеңілдік алуға және мемлекеттік босаған грант орындарын, атаулы  шәкіртақы алуға құқылы. Осындай жұмыстардың арқасында  факультетте студенттердің  өзіндік қабілетін іске асыруына барлық жағдайлар жасалды.

Факультте Қазақстанда тұратын  өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін,  мәдениетін  сақтауға және  дамытуға, мемлекеттік тілді және қазақ халқының тарихы мен салтын құрметтеуге, әлеуметтік және  дін толеранттылығына, ұлтаралық мәдениет қатынасына,  саяси  мәдениетке, патриоттық және ұлттық сана сезімін дамытуға, азаматтық ұстанымын, көпмәдениетті тәрбиеге бағытталған  шаралар ұйымдастырылды.

Студенттердің шығармашылық қабілетін толық ашу үшін факультетте түрлі сайыстар, фестивальдер, кештер, концерттер, КТК ойындары, жеке туындылар көрмесі, диспуттар, музей, көрме, қойылымдарға қатысты, т.б. жұмыстар ұйымдастырылған. Шығармашылық қабілетін дамыту  үшін қолөнер үйірмесі, көркем сөз үйірмесі, музыкалық үйірме және дебат клубы қызмет етеді.

Қазіргі уақытта факультетте  волейбол, баскетбол, үстел теннисі, ұлттық ойын түрлерінен спорттық секциялар жұмыс істеуде.

Студенттер факультеттің, университеттің, қаланың, облыстың және республиканың қоғамдық өміріне белсене атсалысуда.

Денсаулық сақтау технологиясын  жүзеге асыру мақсатында, «Салауатты өмір салты туралы  әңгіме» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Студенттер  жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына және «Қазақстан-2050» стратегиясы туралы білімге байланысты, қалалық ЖОО арасындағы турнирлерге белсенді қатысады.

«Салауатты өмір салты» комплексті бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты іс-шаралар циклі ұйымдастырылды, «ЖҚТБ-ға қарсы тұрайық», «Нашақорлық – ғасыр дерті», тақырыптарында акциялар ұйымдастырылды және институт оқытушылары мен қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді. Осы бағытта «Әлем ЖҚТБ-ға қарсы» апталығы, «Нашасыз болашақ» акциясы, теннис бойынша факультет кубогы үшін сайыстар ұйымдастырылып, өткізіледі. ҰҚК және ІІБ-мен бірлесе отырып, Педагогика факультетінің студенттері «Ақтөбе нашақорлыққа қарсы» акциясына, ал «НұрОтан» партиясының белсенділерімен бірге «Заңсыз спирттік ішімдіктерді сату фактілерін шығару» акциясына қатысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында дәрістер циклі оқылды. 2017 жылдың желтоқсан айында «Әлем ЖҚТБ-ға қарсы» апталығының аясында студенттердің  шығармашылық жұмыстарының конкурсын өткізу жоспарланып отыр.

Педагогика факультетінің студенттері Қазақстан студенттерінің Альянсы студенттік қоғамдық ұйымының, студенттік кәсіподақ, «ЖасОтан» жастар қанаты партиясының облыстық педагогтардың қоғамдық ұйымдарына мүшелік етеді. ЖОО оқытушыларының басшылығымен  студенттер өз студенттік театрларын, қазақ халықтық  аспаптары оркестрін, хор, спорттық клуб, дебат клубын ашты. Студент жастарды рухани-адамгершілігін дамыту мақсатында «Қазақша сойлесейік», «Язык мой-друг мой», «Өмірге үйлесімділік», «Жас қаламгер» үйірмелері қызмет етуде.

 

 Студенттік құрылыс отряды, жасылдандыру отрядының жазғы еңбек семестрінің нәтижесі бойынша алдыңғы орындарда спорттық-сауықтыру орталығының жұмысы жандандырылды. Волейбол, теннис, баскетбол, жеңіл атлетикалары бойынша секциялар мен екі тренажер залында сабақтар ұйымдастырылады. 2017 жылдың қаңтар айында балалар үйі мен сәбилер үйіне көмек көрсететін дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Студенттердің белсенді қоғамдық өмірінің көріністері төмендегідей: факультет  студенттері «Бозбала мен бойжеткен» сайысында, ЖОО арасындағы «Жігіт сұлтаны» конкурсында, «Студенттік отбасы» қалалық конкурсында, «Талантты бірінші курс студенттері» конкурсында, «Ерлігімнің жемісі, елдігімнің белгісі» патриоттық акциясында, қалалық жастар форумында, «Қазақстан халықтарының салты мен дәстүрлері» конкурсында, т.б. қатысты. Педагогика факультетінің студенттері 2016 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай өткізілген тәрбие шараларына қатысты.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуына байланысты әр мамандық бойынша куратор сағаттары өткізілді.

Сонымен қатар, студенттер арасында құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттік құқықтық бағдарламасы мен  құқықтық мемлекеттік құрылымына орай құқықтану және моралді-адамгершілік сапасын көтеру мақсаты қойылған.

Үстіміздегі оқу жылының қыркүйек айында Мемлекеттік тілді дамыту және халықаралық ынтамақтастық бөлімінің жоспары бойынша бірқатар шаралар өткізілді: «Тіл құдіреті», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Дефектология» мамандығында «Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз», факультет  студенттері жас ақындар байқауына қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Университет оқытушылары арасында өткен «Қазақстан – достық пен келісім мекені» байқауына оқытушылар құрамасы қатысып, екінші жүлделі орынға ие болды және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференция барысында жария еткен «АТОМ»  жобасын  жүзеге асыру барысында барлық топтарда «Ядролық қарудан бас тартқан тәуелсіз әлем», «Ядролық қарудан бас тарту – біздің миссиямыз», «Заман-ай» кураторлық сағаттар өткізілді.

Педагогика факультетінде тәрбие жұмысы бекітілген жоспарға сай жүреді. Кафедралар бойынша тәрбие жұмысының жоспары құрылады, жастар комитеті және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы жүргізілуде.

Педагогика факультетінің инновациялық қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып инновациялық саясат табылады. Аталмыш саясаттың басты міндеттерінің бірі: мамандар даярлауда шетел тәжірибелерін енгізу, тәжірибелермен алмасу, оқытушылар, магистранттар және студенттер үшін академиялық ұтқырлық үшін жағдай жасау, ғылыми байланыстарды кеңейту.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  ішкі  және сыртқы  ұтқырлық байланысты қамтамасыз етеді. Ішкі  ұтқырлық  академиялық бағдарламасы білім алушыларды, серіктес жоғары оқу орындарының  студенттерін  оқу шарттар туралы ақпараттармен таныстырады. Сыртқы академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы - басқа қазақстандық жоғары оқу орындағы білім алып жатқан  университетіміздің студенттері туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Педагогика факультетінде ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасын  қолдау  бағытында кафедралар бойынша  үйлестірушілер тағайындалды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының үйлестірушілері төмендегі қызметтерді  атқарады:

- Ұлттық  (ішкі) академиялық ұтқырлық бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету;

- Академиялық ұлттық ұтқырлық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түсіндіру, насихаттау жұмыстарын  жүргізу;

- Ұлттық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы студенттердің құжаттарын дайындауға   қатысу;

- Анықтама, есеп беру және академиялық ұтқырлық негізгі көрсеткіштері бойынша өзге де құжаттарды дайындау.

Академиялық ұтқырлық бөлімімен бірлесе отырып әр кафедра  жұмыс жоспарларын әзірленіп, ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламаларының  ерекшеліктері  және оның ерекшеліктерін  түсіндіру  жұмысы  жүргізілді.

Серіктес жоғары оқу орындары мен университеттің студенттері ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ақпарат алу үшін (қазақ және орыс тілдерінде) университет  веб-сайтында ақпарат дайындалып, жарияланып отырды.

Қазақстан Республикасының 2016-2017 жылғы жоғары білім беру жүйесінде көптілді білім беруді дамыту мақсатында «Әлеуметтік педагогика және бастауыш білім беру» кафедрасының доценттері, п.ғ.к. О.А. Шункеева, Әлмурзаева  Б.К., Адильшинова З.У.,  «Мектепке дейінгі және арнайы білім беруі» кафедрасының аға оқытушылары Дүйсенбаева Р.Д., Рыстыгулова А.Т. ағылшын тілін  оқыту курстарынан  өтті.

2016-2017 оқу жылының екінші жартысында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушыларды анықтау мақсатында бөлім қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар іріктеу   жұмыстары  жүргізілді.

Кафедраның  үйлестірушілерінің  құжаттары және  академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша  білім алушы студенттердің  құжаттары нормативтік ережелермен сәйкестігі  тексерілді.

Сыртқы академиялық бағдарламасы бойынша  студенттер үшін  жеке оқу жоспарлары және тіркеу құжаттары толтырылып, арнайы  ақпараттық пакеттермен қамтамасыз етілді.

Осындай міндеттерді шешуде факультет пен кафедралардың алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен, орталықтарымен, ғылыми ұйымдарымен тұрақты ғылыми байланыстар орнату басты орынға ие. Осы мақсат аясында Педагогика факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері жыл сайын ғылыми тағылымнан өтіп, өздерінің білімдерін шетел ғылымы мен практикасындағы жетістіктерімен толықтырып отырады. Осымен қатар, профессорлық-оқытушылар құрамының шетелге шығуының тиімділігі тек оқытушылардың біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік алып қана қоймай, олар кафедра, факультет деңгейінде өз тәжірибелерімен бөлісуге, жаңа курстар өңдеуге, ғылыми қызығушылықтарын белсендіру мен дамытуға мүмкіндік алады. Мәселен, 2012 жылы төмендегі оқытушылар қысқа мерзімді курстар арқылы өз біліктіліктерін көтерді: п.ғ.к., доцент Г.И.Туретаева Қытайдағы Циньзян  университетінде, 2012 жылдың қарашасында – п.ғ.к., кафедра доценті М.Н.Есенгулова – Жапонияның Цукуба университетінде, 2013 жылдың қарашасында – п.ғ.к., аға оқытушы З.У.Адильшинова Португалиядағы Лиссабон техникалық университетінде, аға оқытушы, педагогика магистрі М.Б.Курманбекова 2014 жылғы маусым айында Ұлыбританияның NILE - Norwich Institute for Language Education Тіл білімі институтында.

п.ғ.к., доцент, «Мектепке дейінгі және арнайы білім» кафедрасының меңгерушісі М.Н.Есенгулова Жапония, Цукуба университетінде

З.У.Адильшинова Лиссабон техникалық институтының вице-президенті Джозе Соброемен бірге

Аға оқытушы, педагогика магистрі М.Б.Курманбекова  Ұлыбританияда. NILE - Norwich Institute for Language Education Тіл білімі институты.

Педагогика факультетінде студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіледі.

Факультет оқытушыларының ғылыми қызметі педагогика және психология, жеке әдістемелер саласындағы зерттеулерге, мамандықтарға деген қоғамдық сұраныстар бойынша ұйымдастырылатын шараларға бағытталған.  Мәселен, факультет оқытушыларының бір қатары ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысты. Қазіргі уақытта «Психологиялық тесттерді стандарттау» (PhD докторы Наурзалина Д.Г.), «12 жылдық білім берудің психология- педагогикалық негіздері» (п.ғ.к., доцент Кенжеғұлова А.К.) жобалары дайындалып, конкурсқа жіберілді.

Ғылыми зерттеулерді  интеграциялау мақсатында институт ПО құрамы алыс шетелдерімен, атап айтқанда Ұлыбритания, Үндістан, Чехия, Болгария және т.б., халықаралық байланыс орнату жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар Педагогика факультеті жақын шетел жетекші ЖОО және ғылыми орталықтарымен тығыз ғылыми байланыста:  Башқұрт мемлекеттік университетінің Сибай Институты, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті,  «М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті» РМҚК, Зайнаб Бишева атындағы Стерлитамак мемлекеттік педагогикалық академиясы, И.Я.Яковлев атындағы Чуваш мемлекеттік педагогикалық университеті. Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында Орынбор МПУ, Кузбасс мемлекеттік педагогикалық академиясымен ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстар бойынша ынтымақтастық серіктестік келісім шарттары жасалған.  5М010300 - «Педагогика және психология», 5М050300 – «Психология» мамандықтарының магистранттары жыл сайын М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Алдағы уақыттада фаультет ПО құрамы, магистранттары мен студенттері үшін бірлескен семинарлар, вебинарлар, онлайн курстар өткізу жоспарланған. Барлық ғылыми зерттеулер ҚР ЖАК, РФ ЖАК журналдарында, ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жоғары аттестаттау комитеті жинақтарында жарық көріп отырады. Соңғы уақытта импакт-фактор көрсеткіштері бар журналдарға мақалаларды дайындауда ПОҚ белсенділік көрсетіп келеді.

М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Уфа қаласы.  5М050300 – «Психология», 5М010300 - «Педагогика және психология» мамандықтарының 2 курс магистранттары.

2017 жылдың 6-20 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің ықпалымен Варнен еркін университетінің профессоры, PhD докторы Буюклиев Николай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Болгар-Қазақстандық білім беру форумы (Болгария) арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес Педагогика факультетінің «Әлеуметтік педагогика және бастауышта оқыту» кафедрасына шақырылды.

Білім беру бағдарламасының 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010500 – «Дефектология», 5В010300 – «Педагогика және психология» мамндығының студенттері Болгариядан келген профессордың креативті ойлауға, риторика және тағы сол сияқты  бірқатар дәрістерін тыңдады.

2016-2017 оқу жылының екінші семестрінде Педагогика факультеті бойынша 11 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда. Олар: 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері: Әбдікәрімов Нұрлан Нұрланұлы, Тунгатар Феруза Шалқыбайқызы, Утениязова Фариза Алдабергенқызы, Болат Раушан Әлімжанқызы, 5В010500 «Дефектология» мамандығының 3 курс студенттері Ахсотова Гүлмай Куандыковна, Нұрлан Меруерт Нұрланқызы, Макеш Фарида Жумабекқызы, Орынгалиева Гулсара Ниязқызы, Сембигалиева Салтанат Рахметқызы, 5В010100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3 курс студенті Мұңышева Айгерім Бақытжанқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, 5В010300- «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті Құндызбай Айару Алмасбекқызы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша   білім алуда.

 

 

 

Факультет түлектері Қазақстанның барлық аймақтарында абыройлы еңбек етіп жүр. Бітіруші түлектердің басым көпшілігі мамандықтары бойынша орта мектептер, педагогикалық колледждер, арнайы мектеп-интернаттары,  жоғарғы оқу орындарында қызмет атқарады.  Олардың арасында ғылым кандидаттары, облыстық, қалалық, аудандық білім басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, орталық директорлары бар.

Факультет өзінің бітіруші түлектерін әрдайым мақтан тұтады:

Есекешова Марал Дуйсеневна,

П.ғ.к.,доцент, С.Сейфуллин ат.Қазақ агротехникалық университеті, Кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі.

Измаева Жансая Жумабергеновна.

«№11 «Ақбота» көруі мен сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» мемлекеттік мекемесі, меңгеруші

Сеитова Асия Орынбасаровна.

МКҚК МДҰ № 14 «Қонжық» Ақтөбе қ.,  меңгеруші.

Трумова Дина Сагатовна.

МКҚК №10 «Алма» сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы

(коррекциялық) ұйымы, меңгеруші.

  Абдишукирова Сандугаш Жумабековна, МКҚК «№12,  Ақтөбе қ.,  «Інжугүл»  МДҰ меңгерушісі.

  Молжанова Болған Орынқызы, МКҚК №35 «Балбұлақ»  МДҰ меңгерушісі, Ақтөбе қ.,

  Сатыбалдиева Гүлмира Әділбекқызы, МКҚК №48 «Шаттық» МДҰ меңгерушісі, Ақтөбе қ.,

  Биарстанова Райгуль Кабылхановна. Ақтөбе облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мемлекеттік мекемесінде меңгеруші.

  Еламанова Бақыт Акмурзаевна. Ақтөбе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі.

  Жангужина Алла Валерьевна. Хромтау аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі.

  Ахметова Римма Абдиганиевна. Ақтөбе облыстық оңалту орталығының меңгерушісі, (МКҚК) Алға ауданы, .Алға қ.

  Қанбаева Айгерім Умирзаковна. Байғанин аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі .КММ.

  Камалова Фарида Борисовна. "Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы" меңгерушісі, коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

  Онбаева Салтанат Косаховна. МКҚК Ақтөбе қ., МДҰ №17 "Шуғыла" меңгерушісі

  Дорогокупля Дина Викторовна. Қарғалы аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, Бадамша п.

  Кудайбергенова Гульшат Кусаиновна. МКҚК №7 Арнаулы (түзету) мектеп директор., Ақтөбе қ.

 

ФАКУЛЬТЕТ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

Түлектерді жұмысқа орналастыру – кез келген ЖОО үшін маңызды мәселелердің бірі. Университеттің жұмысқа орналастыру бойынша өткізетін іс-шаралары, жұмыс берушілермен тығыз жұмыс жасауы және факультеттің жақсы беделі тұрақты нәтиже береді. Факультетке жұмыс берушілерден факультет түлектерін жұмысқа орналастыруға ұсыныстар жиі түседі.

Педагогика факультетінде түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- 3 жыл бойының (2013-2016 жж.) бакалавриат түлектерінің базасы жаңартылды;

- Университет ішінде өтетін «Бос жұмыс орын жәрмеңкесі-2017» іс-шараға дайындалып, белсенді қатысты;

- Университет құрылымдағы бөлімдердің сұрауы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру;

- Жоспар бойынша «Түлектерді жұмысқа орналастыру» бөлімінің құжаттар үлгі бойынша рәсімделіп жасалынды.

 

 

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Құрылыс кафедрасы

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

География кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Физика кафедрасы

Математика кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы