Мобильді нұсқа

Шетел тілдері факультеті

Байдрахманов Досым Хасенович

Лауазымы:

Шетел тілдері факультетінің деканы

Ғылыми дәрежесі:

+7 (7132) 54-58-82

Педагогика ғылымдарының кандидаты

dbaidrakhmanov@gmail.com

Ғылыми атағы:

Профессор м.а.

Ақтөбе қ., Гришин көш. 7а, 206 кабинет

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

Шетел тілдері факультетінің негізі 1967 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетінің аясындағы ағылшын тілі бөлімінде 1975 жылы қаланды. Негізі қаланған күннен бастап факультетте «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі», «Аударма ісі», «Шетел филологиясы» мамандықтары бойынша студенттер даярланды.

 

Факультет 3 мамандық бойынша бакалавриат мамандар даярлайды:

• 5В021000 – Шетел филологиясы (ағылшын тілі)

• 5В020700 – Аударма ісі

• 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

 

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығын бітірген түлектер төмендегі салаларда қызмет ете алады:

• әкімшілік-басқару;

• білім беру мен ғылым;

• мәдениет пен халықаралық қарым-қатынас;

• халықаралық байланыс;

• бұқаралық ақпарат құралдары;

• ақпараттық-сараптамалық қызмет.

Түлектер кәсіби қызметтерін мәдениет бөлімі, халықаралық ұйымдар, әртүрлі ақпараттық-сараптамалық қызметтер, елшіліктер мен өкілеттіктер, министрліктер, туризм, баспа агенттіктері, аударма бюросы және басқа ұйымдар мен кәсіпорындарда атқара алады.

 

5В021000 – «Шетел филологиясы (ағылшын тілі)» мамандығын бітірген түлектер төмендегі салаларда қызмет ете алады:

Бакалавр-филолог өз кәсіби қызметтерін гуманитарлық бағытта орта салалы және кәсіби оқу орындарында шетел тілі мен әдебиетінің оқытушысы ретінде филологиялық білім беру саласында жүзеге асыра алады.

Түлектер кәсіби қызметтерін орта білім беру оқу орындары - гимназиялар мен лицейлер,бастауыш және орта кәсіби оқу орындарында, газет-журналдар, радио және теледидар, баспа редакцияларында, салалы ғылыми ұйымдар, кітапханалар, мәдениет ұйымдарында атқара алады.

 

5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын бітірген түлектер төмендегі салаларда қызмет ете алады:

• бастауыш, орта және салалы сыныптарда шетел тілдерін оқыту. Шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын мектептерде (басқа пәндерді шетел тілінде оқытумен бірге) білім үрдісін ұйымдастыру;

• шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды өткізу;

• тәрбие жұмысын шетел тілі құралдарымен жүзеге асыру;

• мектептің толықтай педагогикалық үрдісі жүйесінде тәрбие және педагогикалық қызмет;

• педагогикалық кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа ақпараттық технологияларды  игеру.

Түлектер кәсіби қызметтерін бастауыш, орта және салалы мектептерде, мамандандырылған мектептерде, орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында атқара алады.

 

Факультет құрылымына 3 кафедра және ауызша сөйлеу лабораториясы кіреді:

• Аударма ісі (кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к., доцент А.М. Аязбаева)

• Шетел филологиясы (кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к. А.Е. Сарбасова)

• Ағылшын және неміс тілдері (кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к. Г.А. Ержанова)

• АСЛ (заманауи фоно және видеозал, лингафон және 2 мультимедиялық кабинет, медиатека, компьютерлік класспен қамтылған ауызша сөйлеу лабораториясы)

1 доктор, 7 ғылым кандидаты, 19 гуманитарлық ғылымдар мен педагогика және психология магистрі, оның ішінде 3 ҚР ғылым және білім беру ісі бойынша құрметті қызметкерлері мен «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы иегерінің болуы шетел тілдері факультеті мамандарының жақсы ғылыми әлеуетін көрсетеді. Факультет кафедраларда оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау жұмыстары, ашық сабақтар өткізу барысында оқыту технологияларын қолдану, халықаралық деңгейде онлайн – семинарлар өткізу, сабақтарға қатысу мониторингі мен оқу-әдістемелік үрдісті қамтамасыз ету жұмыстарын алдыға қояды.

 

Оқытушылардың көпшілігінің шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өтуі оқытуға деген ынтаның және шетел тілін игеру деңгейін көтеруге әсер етті (З.Е. Сулейменова, Л.А. Елеуова, А.А. Оразова және т.б.). E-Learning, Skype бойынша оқыту, видеоконференцияларға қатысу сынды оқыту түрлері дәстүрге енді. Факультет оқытушылары University of Cambridge ESOL Examinations ұйымдастыруымен өтетін TKT – Teaching Knowledge Test халықаралық емтиханын тапсырды.

 

Сонымен бірге, оқытушылар факультет пен факультет базасында өтетін түрлі әдістемелік семинарларға, вебинарларға белсенді түрде қатысып, сертификаттарға ие болып жүр.

 

Оған қоса, оқытушылар әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде тағылымдамадан өтеді. Оқытушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курстарына қатысады.

 

Факультеттің 1 ғалым-оқытушысы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері - Коптлеуова Кульпаш Борисовна (2012 ж.)

Университет базасында дәстүрлі түрде Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен олимпиада өтеді.

Шетел тілдері факультетінің мамандықтары бойынша студенттер білім беру және ғылым министрлігінің аттестациясы аясында өтетін тесттен жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң 50 жылдық мерейтойына орай факультетіміздің профессор-оқытушы құрамы қала және облыс әкімінің құрмет грамоталары мен мерейтойлық кеуде медальдарымен марапатталды.

Факультеттің студенттік командасы жүйелі түрде республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, келесі жүлделі орындарға ие болды:

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша:

2014-2015 оқу жылы – ІІ  орын  С. Байтурсынова.

2015-2016 оқу жылы – ІІІ орын А. Нагметова.

2016-2017 оқу жылы – ІІІ орын Г. Молдашева.

5В021000 – «Шетел филологиясы» (ағылшын тілі) мамандығы бойынша:

2016-2017 оқу жылы – ІІІ орын М. Аркпаева.

5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша:

2014-2015 оқу жылы – ІІ  орын А. Казмагамбет.

2015-2016 оқу жылы – ІІІ орын Г. Жаканова.

Факультетте өтетін іс-шаралар студент жастардың шығармашылық күштері мен мүмкіндіктерін ашуға, тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Олардың қатарында әдеби-музыкалық кештер, қызықты тұлғалармен кездесу, ғылыми студенттік конференциялар, дебаттар, олимпиадалар, түрді деңгейдегі спорттық жарыстар, КТК, облыстық және қалалық конкурстар бар.  Факультетте дәстүрлі түрде «Студенттер қатарына қабылдау мерекесі», «Халықаралық студенттер күні», «Жаңа жылдық бал», «Ғашықтар күні», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Түлектер жәрмеңкесі», «Ғылыми студенттер конференциясы», «Ғылыми апталық», «Олимпиадалар», «Спартакиадалар», «Жеңіс күні», «Бітіру кеші» сынды іс-шаралар өтеді. Наурыз айының соңында «English club» ашылды.

 

Ұстаздар күніне арналған іс-шара

ҚР тәуелсіздік күніне арналған суреттер көрмесі

ҚР тәуелсіздігіне арналған I LOVE KZ флешмобы

Факультет белсенділері ҰОС ардагерлеріне алғыс хат жазды

«MUSIС BOX» атты студенттерге арналған музыкалық үзіліс

КТК. «Қарулы қыздар» факультет командасы

3-4 курс студенттері арасында футболдан жарыс

Оқытушылар арасында КТК

2017 жылдың жаңа жылдық кеші

«Екі жұлдыз» музыкалық байқауы

Факультет университет базасында тілдік, әдістемелік және елтанымдық даярлықты көтеру бойынша халықаралық семинарлар, Британ  Кеңесі мен Maсmillan баспасы, Гете-Институт және ДААД ұйымдастыруымен жыл сайын семинарлар  өткізеді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығында:

1. М. Килибаева студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2014-2015 оқу жылының қыркүйек және мамыр айының аралығында Қытай Халық Республикасының Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде оқыды.

2. А. Почтарева 2015-2016 оқу жылының қыркүйек айынан маусым айына дейін Сычуан педагогикалық университетінде Ченду қаласында оқыды.

3. К. Канатбаева Глиндвр Университетінде қазан және қаңтар айы аралығында Рексем қаласы Уэльсте оқыды.

5В021000 – «Шетел филологиясы (ағылшын тілі)» мамандығында:

1.  А. Умергалиева Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде 2015 жылы оқыды.

2. А. Айткулова, Г. Медеталиева, А. Аймурзина 2015 жылы Илий Мемлекеттік педагогикалық университетінде (ҚХР) оқыды.

3. А. Аяганова Германиядағы жаздық ЖОО курстарына стипендия иеленді (Аугсбург қаласы, 4-28 тамыз 2015 ж.).

4. К. Манкеев, Г. Кадырова, Г. Таласбаева 2016 жылы ҚХР семестрлік оқуына грант иеленді.

5. А. Буранкулова Венгрия Республикасындағы Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде оқыды.

6. Д. Жандалеева ДААД – ның жаздық мектебінде оқыды (Герман академиялық алмасу қызметі), Ташкент қаласы  (тамыз 2015ж.).

5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытайда келесі студенттер білім алды: А. Есенбаева, Н. Нуртасова, А. Нурышева, Н. Шалгимбаева Синьзян қаржы-экономикалық университетінде; Э. Тасина, Э. Беккельдиева Синьзян педагогикалық университетінде, 3 курс студенті А. Қоңқабаева Қытайда Конфуции Институтының бағыты бойынша оқыды.

Екі студент ДААД бағыты бойынша Қырғызстанда екінші шет тілі бойынша жаздық тілдік курстан өтті.

Бес студент А. Сулейменова, Т. Азилхан, Қоңқабаева А., Багитова, А. Батырбаева сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Венгрияда оқуда. Г. Сисен бір семестр бойына Англия университетінде оқуда.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 5В021000 – «Шетел филологиясы (ағылшын тілі)» мамандығында:

1. С. Бакытжан және Е. Послушная Алматы қаласында ДААД қызметінің қысқы мектеп бағдарламасына қатысты (желтоқсан, 2016ж).

5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Алматы қаласында келесі студенттер оқыды: Абай атындағы ҚазНПУ-да А. Балхаш (2 курс), А. Бейсен (2 курс).

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Алматы қаласында Н. Асылбекова (2 курс) Абай атындағы ҚазНПУ-да оқып жатыр.

Факультет түлектерінің арасында көптеген елімізге еңбек сіңірген оқытушылар мен қайраткерлер бар. Олар: С.Г. Молдашева, Л.Ф. Кононец, С.И. Искаринова, О.С. Оразалин, ғылым кандидаттары – С.К. Искиндирова, Г.К. Кушкарова, А.Е. Сарбасова, магистрлер мен оқу орталықтарының басшылары – Д. Ткачева «Crown» оқу орталығы, А. Сарсенбаева «Moonlight» оқу орталығы, ЖОО-ның оқытушылары, мәселен Назарбаев Университеті (М. Маштакова, Б. Дабылова), Қазақ-неміс университеті (Д. Матчанова) және Қазақстан бойынша Назарбаев интеллектуалдық мектептері, әнші И. Едильбаева.

Факультетіміздің 90 % түлегі тұрақты жұмыс орындарымен қамтылса, оның ішінде 75 %-ы компаниялар мен фирмаларда, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мектептерінде жұмыс жасауда.

Факультет түлектерінің көпшілігі Ақтөбе қаласының оқу орталықтарына ағылшын тілінің оқытушылары ретінде жұмысқа орналасуда: «Дарина» лингвоорталығы, «ISMA» оқу орталығы, «Dream Builders» ЖШС, «BEST» оқу орталығы, «Синквейн» оқу орталығы, «Международное обучение» ЖШС, «Interlingua» оқу орталығы және т.б. Факультет түлектері ағылшын тілінің мұғалімдері ретінде орта мектептерге орналасуда: Ақтөбе қаласының № 19, № 51, № 61, № 20, № 25 орта мектептеріне, № 5, №17  орта мектептер және т.б. Факультеттің кейбір түлектері қаламыздың колледждеріне ағылшын тілінің оқытушылары ретінде шақырылды: Ақтөбе кооперативтік колледжі, Ақтөбе автожол колледжі. Оған қоса, біздің түлектер аудармашылар ретінде «AgipКСО» компаниясы, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы, «ТенгизШеврОйл» ЖШС, «ОйлТехноГрупп» ЖШС, «Фирма Ада Ойл» ЖШС, «Mankent» аударма бюросы,  «Intense Pro» аударма бюросы және т.б. жұмысқа орналасуда.

 

 

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Құрылыс кафедрасы

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

География кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Физика кафедрасы

Математика кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы