Мобильді нұсқа

Тарих факультеті

Купенова Гульмира Ыхласқызы

Лауазымы:

Тарих факультетінің деканы

Ғылыми дәрежесі:

Тарих ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы:

+7 (7132) 54-58-82

fistorii@mail.ru

Доцент

 Актобе қ.,  Тургенев к.,  100а, 204 кабинет

  •  

    Конбай Ерке

    Лауазымы:

    Деканның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    Ғылыми дәрежесі:

    +7 (7132) 54-58-82

    Тарих ғылымдарының кандидаты

    fistorii@mail.ru

    Ғылыми атағы:

    Доцент

     Актобе қ.,  Тургенев к.,  100а, 204 кабинет

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

Тарих мамандығы филология факультетінің құрамында 1985 жылы ашылып, 1987 жылы тарих–педагогика факультеті болып құрылды. Ал 1989 жылы Тарих факультеті атауымен қайта құрылған факультетте «КСРО тарихы» және «Әлем тарихы» кафедралары жұмыс жасады. Сол уақытта факультетте тек «Тарих» мамандығы бойынша жоғары білікті кәсіп иелері даярланды. Содан бергі кезеңде факультетіміз дамып, Батыс Қазақстан аймағында жоғары білікті мамандар даярлайтын әлеуеті мол, тарих, география салалары бойынша жетекші мамандары қалыптасқан оқу орталығына айналды. Алғашқы декан қызметін тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.П.Прусс атқарды. Әр жылдары факультет деканы қызметтерін т.ғ.д., профессор Г.С.Сұлтанғалиева, т.ғ.к., доценттер Р.А.Бекназаров, Г.Б.Ізбасарова, Г.І.Кубенова жалғастырды. 2004-2017 жылдары факультет деканы т.ғ.к., доцент С.А.Ескалиев болды. Қазіргі уақытта факультет деканы қызметін Г. Ы. Купенова атқарып келеді.

 

Санкт–Петербург университеті, әль–Фараби атындағы ҚазМУ, Орал педагогикалық институтының түлектері В.П.Беликов, Т.В.Беликова, А.В.Югай, Б.Х.Давлетиярова, Г.С.Сұлтанғалиева т.б. факультет құрылған алғашқы жылдары дәріс оқыды. Факультеттің ғылыми мектебін қалыптастыру және дамыту үшін Ақтөбеге тарих ғылымдарының докторы, профессор Серафим Семенович Ивашкин шақырылды, ол КСРО тарихы кафедрасына жетекшілік етті.

Факультетте тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс жасайды. Факультет студенттерінің Батыс Қазақстан аумағындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тұрмыстық заттар мен факультеттің ашылғаннан бергі жетістіктері көрсетілген құжаттар мұражай жәдігерлері ретінде қойылған.

 

2015 жылы факультетте шаруашылық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратын археологиялық-этнографиялық ғылыми зертхана ашылды. Зертхананың директоры тарих ғылымдарының кандидаты, археолог А.А.Бисембаев.

 

Профессор-оқытушылар құрамы. Тарих факультетінде білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс жасайды, оның ішінде 4 ғылым докторы, 4 профессор, 21 ғылым кандидаты, 9 магистр. Оқытушылар арасында ҚР-ның білім беру ісінің үздіктері, «Құрмет» орденінің иегерлері бар.

 

Факультет оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі ұйымдастырған төмендегідей конкурстардың жеңімпаздары:

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2006» (т.ғ.к., доцент Б.С. Әбенова);

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2007» (т.ғ.к., доцент Г.И.Көбенова);

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2008» (т.ғ.д., профессор Г.С.Сұлтанғалиева);

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2008» (т.ғ.д., профессор Т.С.Жұмағанбетов);

 

«Талантты жас ғалым» (мемлекеттік ғылыми стипендия, т.ғ.к., доцент Г.И.Көбенова);

 

«ҚР-сы ЖОО-ның үздік оқытушысы-2012» (т.ғ.к., доцент Г.Б.Избасарова).

 

Студенттік ғылым. Ғылыми жетекшілер және студенттердің қолдауымен «Екінші дүниежүзілік соғыстың өзекті мәселелері», «Археолог-этнограф», «Ақтөбе облысының топонимдері» ғылыми үйірмелері өз жұмыстарын атқаруда. Олар түрлі ғылыми-зерттеушілік сипаттағы жұмыстарды талқылаумен айналысуда. Үйірме жұмыстарының нәтижесінде студенттердің үздік ғылыми жұмыстары студенттік ғылыми жұмыстардың конкурстарына ұсынылып, жүлделі орындар алуда. Факультетте жыл сайын республикалық немесе халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастырылып отырады. Оған университет студенттерімен қатар, басқа да шетелдік ЖОО-ның студенттері қатысып отырады.

 

Факультет студенттері мен магистранттары жыл сайынғы дәстүрлі ғылыми апталықтар мен республикалық пәндік олимпиадаларға тұрақты түрде қатысып отырады. Факультет студенттері өздерінің мамандықтары бойынша өткізілген олимпиадаларда соңғы 3 жылда тұрақты түрде алдыңғы үштікте көрінуде. Атап айтсақ, 5В011400-Тарих мамандығының студенттері 2014-2015 оқу жылында өз мамандығы бойынша 1-орын, 5В020300 – «Тарих» мамандығының студенттері 2016 жылы 3-орын иеленсе, «География» мамандығының командалары 2011 жылы жалпыкомандалық І-орын, 2012 жылы-ІІІ орын, 2013 жылы – ІІ орын, 2014 жылы – ІІІ орын, 2015 жылы – І орындарға көтеріле алды. 2016 жылы Қ.Жұбанов ат. АӨМУ –нің «География» командасы республикалық олимпиаданың ұйымдастырушысы ретінде сайысқа конкурстан тыс қатысты.

 

2016-2017 оқу жылында тарих факультетінің 87 студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алуда. Соңғы үш жылда факультеттің 15 студенті үздік оқуы және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Президент стипендиясының, 58 студенті Ақтөбе облысы әкімінің стипендиясының, 100-ден астам студент Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректорының оқу ақысына арналған жеңілдіктердің иегерлері атанды.

 

Факультет студенттері әртүрлі деңгейдегі халықаралық және республикалық конференциялар мен конкурстарға тұрақты түрде қатысып отырады. Тарих факультетінің студенттері кәсіптік дайындықты ғана емес, қоғамдық қызметпен де белсенді айналысуда. Факультет жастарының комитеті әртүрлі олимпиадаларды, КВН, мерекелер, қызықты тұлғалармен кездесулер өткізіп тұрады. Факультетте пікірсайыс, дебат, интеллектуалдық ойындар мен дөңгелек үстелдер өткізетін әртүрлі интеллектуальдық-пікірталастық клубтар жұмыс жасайды. Оқу процесінде өзін-өзі басқару элементтерін енгізу, жастарды бұқаралық-мәдени және спорттық шараларға тарту, салауатты өмір салтын ұстану, оқу-тәрбие шараларын жетілдіруге бағытталған студенттік деканат жұмыс жасайды. Факультетте студенттік пікірсайыстар, түрлі спорттық турнирлер тұрақты түрде өткізіліп, «Халықаралық ұстаздар күні», «Жаңа жыл-Наурыз мейрамы», «Алтын күз», «Студенттік көктем», «Халықаралық әйелдер күні» және т.б. мерекелер тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Қазіргі таңда тарих факультетіндегі білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған стратегиялық жоспарлау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, ЖОО тарапынан шетелдік университеттермен (Ұлыбритания, Испания, Германия, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) жасалған меморандумдар негізінде бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге  асырылып отыр.

Адами құндылықтар мен академиялық ұтқырлықты дамытуда дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес 5В090200-Туризм мамандығының 3-курс студенттері А.Утегулова, Ж.Кенжалина, С.Умбетов 2014 жылы Балтық халықаралық академиясында білім алды ( Рига, Латвия).

2016-2017 оқу жылының бірінші семестрінде 5В090200 – «Туризм» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2-курс студенті Достияров Әділет Серікұлы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тарих факультетінде білім алды.

2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 5В090200–«Туризм» мамандығының 3-курс студенттері А.Мұхтарова, Э.Жолдыбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестр бойы Польша Республикасының Быдгощ қаласының экономикалық университетінде білім алып келді.

2017-2018 оқу жылының І-жартыжылдығына 5В011400-Тарих мамандығының 2-курс студенті Асылбек Аяжан және 5В011600-География мамандығының 3-курс студенті Жұлдызбаев Нұрғали М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, 5В011600-География мамандығының 2-курс студенттері Пернекул Әсем, Болатбек Назерке, Қыдырбай Айнұр, Дәрменқұлова Айжан Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінде, 5В020300-Тарих мамандығының 2-курс студенттері халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының Жаңабергенова Адина, Шерниязова Дана Орынбор педагогикалық университетінде білім алуды жоспарлап отыр.

Факультет республикалық және шетелдік ғылыми мекемелермен шығармашылық байланыстары орнатылған. «Тарих» мамандығы студенттеріне шетелдік ғалымдар дәріс оқиды. Атап айтқанда, 2013-2014 оқу жылында Жапониялық ғалым К.Мацузато, Гонконгтық ғалым Н.Пиончолли, 2014-2015 оқу жылында Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің профессоры (РФ) А.И.Кубышкин, 2016 жылы қарашада М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің доценті А.И.Даньшин, 2017 жылдың ІІ семестрінде А:С:Пушкин ат. Ленинград мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор В.А.Веременко  студенттерге дәрістер оқыды.

Осылайша факультетте сапалы білім алуға ұмтылған студенттер саны өсіп келеді. Академиялық ұтқырлық жеке даму мен еңбекке орналасу мүмкіндігі үшін маңызды және ол жан-жақтылыққа, сыйластыққа тәрбиелейді, өзге мәдениеттерді игеруге мүмкіндік береді. Ол лингвистикалық плюрализм мен мамандардың болашақтағы бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады.

5В090200-Туризм мамандығының 3-курс студенттері Балтық халықаралық академиясында (Латвия Республикасы)

Біздің түлектер

 

Тарих факультетінің үлкен мақтанышы факультетіміздің түлектері. Факультет түлектерінің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жерлерге де жақсы таныс. Олардың ішінде белгілі саясатшылар мен өнер саласының қайраткерлері, ұлттық компаниялар мен департаменттердің жетекшілері, облыс және қалалық әкімшілікте басшылық қызметте жұмыс жасайтын тұлғалар, ғылым докторлары мен кандидаттары, аудандық білім бөлімі мен  әртүрлі деңгейдегі мектептердің директорлары көптеп саналады.  Факультетімізде әр жылдары төмендегідей түлектеріміздің қатарында с.ғ.д., профессор, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық орталықтың директоры Машан Мейіржан Серікұлы, «Қазақстан РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Карин Ерлан Тынымбайұлы, ҚР инвестиция және туризм министрлігінің туризм индустриясы Департаментінің директоры Игалиев Марат, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің доценті, саясаттану ғылымдарының кандидаты Кеңесов Асхат, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, с.ғ.к. Мурзалин Жанболат Ахатұлы, Орск гуманитарлық-технологиялық университетінің (Ресей) тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Ткачев Виталий Васильевич, Республикамыздың батыс аймағы бойынша Археологиялық орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бисембаев Арман Ауғанұлы және т.б. бар. Тарих факультетінің көптеген түлектері ғылыми-педагогикалық салада мойындалып, біршама жетістіктерге жетті. Олардың қатарында ҚР БҒМ-нің халықаралық ынтымақтастық, жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі білім департаменті директорының м.а., т.ғ.к. Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы, Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Бекназаров Рахым Ағыбайұлы, Қ.Жұбанов ат. АӨМУ-нің тарих факультетінің деканы, «ҚР білім беру ісінің үздігі», т.ғ.к. Ескалиев Самат Амангелдіұлы және т.б. бар.  Біздің ең үздік түлектеріміз Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" Халықаралық стипендиясының иегерлері атанып, ТМД және Еуропа елдерінің ең үздік ЖОО-рының магистратура және докторантураларының толық бағдарламаларын игеруде.

Жұмысқа орналастыру

 

Еңбекпен қамтамасыз етілу. Еңбек нарығындағы қажеттілікке байланысты біздің түлектеріміздің 80%-і жұмыспен қамтылады. Факультет жыл сайын мектептер мен білім ордаларының жетекшілерін жұмылдыра отырып, «Бос орын жәрмеңкесін» өткізуді дәстүрге айналдырған. Олар өздеріне тапсырылған түйіндемелер мен студенттердің жеке тұлғасы жөніндегі мәліметтермен танысқаннан кейін, ең үздік деп танылған студенттерді өздеріне жұмысқа шақырады. Біздің түлектеріміздің басым бөлігі білім беру ұйымдары мен арнайы кәсіби мекемелерден кәсіптік тәжірибеден өту мен жұмысқа орналасуға шақыртулар алады.

 

Тарих факультетінің білім бағдарламасында студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуі маңызды орын алады. Тарих факультетінің деканаты  Ақтөбе облысының мұрағатымен, қалалық білім бөлімімен, Ақтөбе қаласының колледждерімен кәсіби тәжірибелерді өткізу бойынша келісімдер жасасты.   5В011400-Тарих мамандығының студенттері Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайының әдіскерлері және мамандарының жетекшілігімен археологиялық тәжірибеден өтуде.

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

География және туризм кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы