Мобильді нұсқа

Техникалық факультет

Сариев Өтеген Рафхатович

Лауазымы:

Техникалық факультетінің деканы

Ғылыми дәрежесі:

Техника ғылымдарының кандидаты

+7 (701) 642-23-08

tehfаk2013@mail.ru

Ғылыми атағы:

 

Ақтөбе, Ағ.Жұбановтар көшесі,  263 Техникалық факультет деканаты №34 кабинет

  •  

    Ибраимов Тарас Сагызгалиевич

    Лауазымы:

    Техникалық факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    Ғылыми дәрежесі:

    +7 (701) 547-67-96

    Техника ғылымдарының магистрі

    taras_ibraimov@mail.ru

    Ғылыми атағы:

     

    Ақтөбе, Ағ.Жұбановтар көшесі,  263 Техникалық факультет деканаты кабинет № 38

  •  

    Лауазымы:

    Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары

     

     

    Ғылыми дәрежесі:

    Ғылыми атағы:

    +7 (701) 547-67-96

    tehfak2013@mail.ru

    Ақтөбе, Ағ.Жұбановтар көшесі 263, кабинет № 34

    Жаумитова Гулсим Болатовна

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

Техникалық факультеті 1996 жылы құрылған және Қазақстан республикасының әр түрлі салаларының кәсіпорындары мен мекемелері үшін

жоғары білікті техникалық мамандар даярлайтын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Техникалық факультет 8 мамандық бойынша жоғары білікті бакалавр мамандар даярлайды:

5В090100 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру,

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары,

5В070800 - Мұнай-газ ісі,

5В070900 - Металлургия,

5В070700 - Таукен ісі,

5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы,

5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы,

5В072900 - Құрылыс

Факультет студенттері республикалық пәндік олимпиадалардың және конференциялардың жеңімпаздары болып келеді.

5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша

 

- «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәнінен:

- 2013-2014 оқу жылында - 2-ші орын,

- 2014-2015 оқу жылында -  1 -орын,

- 2015-2016 оқу жылында 3-орын жеңіп алды.

- «Өндіріс технологиясының негіздері және көлік техникасын жөндеу» пәнінен

- 2014-2015 оқу жылында 3 – орын,

- «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» пәнінен

- 2015-2016 оқу жылында  2 – орын иеленді.

 

«Металлургия» мамандығының студенттері республикалық деңгейде тұрақты 2-3 орындарды иеленуде. Органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының студенттері  Тараз, Шымкент қалаларында өткен республикалық олимпиадаларда  3-ші орынға ие болды. Ұлы Отан соғысының жеңісінің 70-жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференцияға факультеттен 72 студент қатысып,  жинаққа 20 баяндама кірді.

2016 жылы Мәскеу қаласында И.М. Губкин атындағы мұнай және газ РМУ «Мұнайгаз горизонттары» атты VIII Халықаралық ғылыми-техникалық конгресіне  Канада, Германия, Польша және Австралия сияқты жетекші елдерден 120 студент қатысты. Факультеттің «Мұнайгаз» мамандығының 2 студенті қатысып жүлделі орындарға ие болды: 3 – курс студенті Бурхина Регина жүлдегер атанды және Темирбек Сагингалиев  "Health, Safety and Environment" секциясы бойынша жүлделі 1 – орынға ие болды.

Студенттердің республикалық олимпиадалар мен конкурстардағы негізгі жетістіктері:

  республикалық пәндік олимпиада -1, 2 - орын (2015 ж.).

  халықаралық ғылыми-практикалық конференция – 1,2,3- орындар  (2015 ж.).

  халықаралық жас ғалымдар конференциясы, Мәскеу қ.  -3- орын  (2015 ж.).

  халықаралық конкурс «Өнер  және қолөнер», Орынбор -3 -орын

  халықаралық конкурс «Petro Bilim» - 1 -орын.

  халықаралық  ғылыми-практикалық конференция “EastmeetsWest–Восток встречается с Западом”, Краков - 1-ші орын.

Факультетте тәрбие жұмыстары университеттің және кураторлар жоспарларына сай келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:  адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу, жаттығу және салауатты өмір салты, құқықтық, зияткерлік білім беру, қоршаған ортаны қорғау және еңбек сүюге тәрбиелеу, әлеуметтік-экономикалық, білім беру, салауатты өмір салты, дөңгелек үстелдер, наркологиялық диспансердің дәрігерлерімен түрлі кездесулер, іс-шаралар, студенттерді тәрбиелеуге спорттық іс-шаралар, ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша білім беру және нашақорлыққа қамтамасыз ету т.с.с. Жастар арасында студенттер үшін қызығушылық тақырыптар бойынша: «Оқу күні», «Студенттер қатарына қабылдау», «Қазақстан республикасының тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «Наурыз мейрамы», «7 мамыр – отан қорғаушылар күні», «9 мамыр – Жеңіс күні», «Алтын күз», Тапқырлар клубы (КВН), «Ханзада мен Ханшайым», «8 наурыз», «Факультет аруы», «Жігіт сұлтаны», «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан» секілді акциялар жиі өткізіліп тұрады.

Профессор-оқытушылар құрамы және студенттердің академиялық ұтқырлығы. Техникалық факультетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сырттай (халықаралық) ұтқырлық аясында студенттерді оқу жылына немесе семестрге (бюджет, жоғары оқу орны, халықаралық мекемелер немесе қорлар, грант есебінен) шетел ЖОО-на (АҚШ, Қытай, Латвия, Польша, Венгрия, Ресей т.б.) жіберу тәжірибесі бар. «Мұнайгаз ісі» кафедрасының  оқытушысы Е.П. Котик – Техас (АҚШ)  штатында орналасқан SPE орталығында тіркелген ресми SPЕ суперэдвайзері. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  «Мұнай-газ ісі» мамандығының 3 курс студенті А. Толеуов Американың Теннеси штатында оқыды. «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығының түлектері Ұтқырлық бағдарламасымен Қытай республикасы Дальян технологиялық университетінде (Ж.Ешниязова.); Дальян теңіз университінде (А.Байкатова) және Г.Жолжанова Чанша қаласы  Орталық-оңтүстік  университеттерінің гранттарын жеңіп алып,  магистратура бағдарламасының толық курсынан өтті.  «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының студенттері (Л. Базарбаева, Г.Косова, Б.Рахат, және С.Сапарғали) - ұтқырлық бағдарламасымен  Қытай республикасы Үрімші қаласы Синьзянь университетінде семестр бойы білім алды. Қазіргі таңда  Л.Базарбаева аталған университеттің магистратура бағдарламасы бойынша грантын жеңіп алып білім алуда.

 

 Халықаралық байланыстар.

Оқу процесін және ғылыми жұмыстарын жетілдіру мақсатында факультетте халықаралық байланыстар орнатылған. Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында факультет 17 ЖОО-мен келісімшарттарға тұрған. Соның ішінде: АҚШ Теннеси технологияық университеті, Губкин атындағы мұнай және газ Ресей мемлекеттік университеті, Ресей мемлекетінің Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті, Омск қаласындағы «Халық өнерінің жоғарғы мектебі (институт)», Қырғызстандағы Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университеті,  И. Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университеті, Ресей, Челябинск қ. Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Ресей, Уфа қ. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Альметьевск мұнай институты (Ресей, Татарстан), Ресей, Иваново қ. Ивановск мемлекеттік политехникалық университеті  және т.б. Факультет студенттері мен оқытушылары шетел және республикалық жоғары оқу орындарымен онлайн-конференцияға қатысады. Мысалы, Башқұртстанның  Мелеуз қаласынан «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі М. Варламова тәжірибе алмасу мақсатында «Салқын фарфор жасау» атты  шеберлік сабағын өткізді. 2011 жылы «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығының  студенттері «Германияның Академиялық Алмасу Қызметі» халықаралық (DAAD) жоспарының жеңімпазы ретінде Германия елінің Берлин, Дрезден және Карлсруе қалаларындағы Жаңа технологиялық  ЖОО-да және  «Фольсваген», «Мерседес Бенц», «Порше» автомобиль зауыттарының мұражайларында болды.

Университет түлектері еліміздің, шетелдің әртүрлі деңгейдегі мекемелерінде  сұранысқа ие болып, нарық талаптарына сай өз міндеттерін білікті маман ретінде сапалы атқаруда. Мысалы: «Мұнай-газ ісі», «Металлургия», «Химиялық технология», «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының көптеген түлектері Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өз мамандықтары бойынша еңбек етуде.

«Металлургия» мамандығының түлектері: Қ.Б. Қалмағамбетов – ҚР инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің бас сарапшысы; А.С. Алимбаев – «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ бөлім басшысы; А.Е. Құлжанов – ІІД ЖПБ аға инспекторы; Б.Ж. Нұрашев – Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әскери жұмылдыру жұмысы, азаматтық-қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы;  М. Алмағамбетов - т.ғ.к.,  АҚ ТҰК, «Казхром» АкФЗ, ғылыми зерттеу орталығының басшысы; Р.Саитов - т.ғ.к.,  АҚ ТҰК, «Казхром» АкФЗ, балқыту цехының басшысының орынбасары; Е.Абдулабеков - т.ғ.к.,   №4 цехтың бас технологы; Дархан Айдаров - т.ғ.к.,  АФЗ, өндірістік –техникалық бөлімінің бастығының орынбасары;  Ж.Б. Мусабеков – АҚ ТҰК, «Казхром» АкФЗ стратегиялық даму департаменті бастығы; Н.Нургали – т.ғ.к., АҚ ТҰК, «Казхром» АкФЗ стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары; А.Акуов - т.ғ.к.,  ғылыми зерттеу орталығының  бас ғылыми қызметкері;  Ж.Нурмухамбетов – №4 цех технологы, «Химиялық технология» мамандығының түлектері: М.Кериков - ТШО АҚ, кеңесші; Г.Скакова – АкпанОйл АҚ, инженер; Г.Баекенова - «Алтиус-Петролеум» АҚ, инженер; А.Сагиев - «Сағыз-Петролеум»  АҚ, инженер; Қ.Амангельдиева - «Аджип ККО», сапа инженері; Г.Раимбергенова – «Кумколь-Мұнай», инженер; Т.Ұзақбаев - «Темиржолсу-Ақтөбе» ЖШС, аға инженер, т.с.с.

 

Жыл сайын фаультетте ірі өндіріс орындарынан мамандардың қатысуымен бітіруші түлектерге арналып «Бос орындар жәрмеңкесі» өтеді. Оған өндіріс басшылары және мамандар шақырылады. Өндірістен келген басшылар мен мамандар өздерінің айналысатын істерімен, қай салада мамандар жетіспейтіндігі жөнінде қысқаша мағлұмат береді. Сонымен қатар, өндіріске терең техникалық білімі бар, инженерлік сұрақтарды шеше алатын, тез арада шешім қабылдай алатын,  жаңа технологияны жақсы білетін мамандар әркез сұранысқа ие.

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Құрылыс кафедрасы

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

География кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Физика кафедрасы

Математика кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы