Мобильді нұсқа

Жаратылыстану факультеті

Махамбетов Мұрат Жарақұлы

Лауазымы:

Жаратылыстану факультетінің деканы

Ғылыми дәрежесі:

+7 (7132) 54-35-13

PhD докторы

zharatylystanu.arsu.edu@mail.ru

Ғылыми атағы:

қауым.профессор м.а.

Мекен-жайы: Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова к/сі, 36,

705 кабинет

  •  

    Умбеткулова Айнагүл Қонысқызы

    Лауазымы:

    Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары

    Ғылыми дәрежесі:

    +7 (7132) 54-35-13

     

    zharatylystanu.arsu.edu@mail.ru

    Ғылыми атағы:

     

    Мекен-жайы: Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова к/сі, 36,

    701 кабинет

  •  

    Лауазымы:

    Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары

     

     

    Ғылыми дәрежесі:

    Ғылыми атағы:

    +7 (7132) 54-35-13

    zharatylystanu.arsu.edu@mail.ru

    Мекен-жайы: Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова к/сі, 36,

    705 кабинет

    Туралин Бауыржан Алпысбайұлы

Факультет туралы

Жетістіктер

Студенттік өмір

Академиялық

ұтқырлық

Біздің түлектер және

жұмысқа орналасуы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті 1978 жылы ақпан айында құрылып, «Химия –биология» мамандығына 50 студент қабылданған. 1986 жылы «Химия және экология» мамандығы ашылған.

Қазіргі таңда профессор және оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелігі 55% құрайтын факультетте 48 профессор-оқытушы 1000 астам білім алушыларды бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру мақсатында сапалы білім мен саналы тәрбие беруде.

 

Факультет құрамында 3 кафедра бар:

- Биология кафедрасы,

- Экология кафедрасы,

- Химия кафедрасы.

 

Факультетте білім алушылар бакалавриаттың 5 және магистратураның 2 мамандығы бойынша даярланады:

Бакалавриат:

- 5В011200 – Химия;

- 5В011300 – Биология;

- 5В060600 – Химия;

- 5В060700 – Биология;

- 5В060800 – Экология.

 

Магистратура:

- 6М060700 – Биология;

- 6М060800 – Экология.

 

Факультетте сапалық құрамы талапқа сай, жоғары білікті профессор-оқытушылар қызмет жасайды. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда 3 ғылым докторы, профессорлар, 1 PhD докторы, 22 ғылым кандидаттары, доценттер, 14 магистр дәрістер оқып, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына арнайы жабдықталған 16 оқу зертханаларында жетекшілік етуде. Факультет студенттері Республикалық пәндік олимпиадаларға, байқауларға жүйелі түрде қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алғаны үшін І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттауда.

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында факультет студенттері Қытай Халық Республикасының Сычуань педагогикалық,  Синьцзян қаржы-экономикалық, Болгария Республикасының Святого Клименто Орхидский және Америка Құрама Штаттарының Тенниси технологиялық университеттерінде болып, білім алып келді.

 

Мемлекеттік білім грантын иеленушілердің саны 149 адамды (жалпы контингенттен 15,7%) құрайды, оның ішінде күндізгі бөлімде – 147 адам, сырттай – 2 адамды құрайды.

 

5В011200-Химия, 5В011300- Биология мамандықтарында «Серпін» бағдарламасы бойынша 49 адам оқиды (Оңтүстік Қазақстан облысында – 20, Қызылорда – 15, Маңғыстау – 10, Жамбыл – 3 және Алматы облысында – 2 студент білім алуда).

- Білім беру қызметін жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамының жоғары ғылыми потенциалы;

- Факультет студенттерінің республикалық пәндік олимпиадаларда тұрақты жүлделі орындарды алуы;

- Рейтинг және аккредитацияның тәуелсіз агенттінің (РАТА) нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны рейтингтерінде  5В011300-Биология мамандығының көшбасшы болуы;

- Факультетке студенттерді тарту мақсатында мектептердегі білім алушылар арасында дәстүрлі облыстық пәндік олимпиадаларды ұйымдастыру;

- Оқу-әдістемелік деңгейде ашық сабақтарды жүргізу және ұйымдастыру;

- Онлайн режимде жыл сайын халықаралық ғылыми конференцияларды, семинарларды жүргізу;

- Факультеттің аттестаттаудан сәтті өтуі және ОЖСБ бойынша мамандық студенттерінің тестілеу көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуы;

- Алғыс хаттармен, медалдармен және т.б. профессор-оқытушылар құрамының марапатталуы және жетістіктері;

- Ғылыми жұмыстарды орындауда студенттердің белсенді қатынасуы, факультеттің үйірмелер жұмыстарының нәтижелігі;

- Студент-түлектермен және магистранттармен қорытынды мемлекеттік аттесттауда жоғары деңгейде білім көрсеткішін көрсетуі;

- Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыстың орнауы (Қалалық білім басқармасы, колледждер, кәсіпорындар және т.б.);

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік орталығымен ұсынылған ҚР БҒМ грифі белгісімен оқу құралдарының болуы;

- Оқу-тәрбие шараларының жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу;

- Материалды-техникалық база және оны тиімді пайдалану.

Факультет студенттері Қазақстан студенттер Альянсы, студенттік кәсіподақ, жастар ісі бойынша Комитет, «Нұр Отан» - «Жас Отан» жастар қанаты партияларының мүшелері болып келеді. Көптеген жылдар студенттік құрылыс жасақтарында және көгалдандыру бойынша «Жасыл ел» жасақтарына қатынасып отырады. Студенттер үздіксіз байқаулар мен фестивалдардың, концерттердің, кештердің, жайдармандардың, диспуттардың, мұражайға, театрға және т.б. шараларға баруды ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушылары болып табылады. Тәрбие үрдісінде басты бағыттардың бірі эстетикалық мәдениет, жастарды жан-жақты дамыту, олардың шығармашылық қасиеттерін, өзіндік үйлесімділіктерін, жеке тұлға ретінде өзін қалыптастыру болып келеді.

 

 Қазіргі уақытта факультеттің 5 студенті ҚР футбол, таэквондо және тоғызқұмалақ бойынша командаларының мүшелері болып табылады.

 

 Факультет студенттері қаланың, облыстың және республиканың қоғамдық өміріне белсенді араласады. Жыл сайын «Болашақ есірткісіз» қалалық шарасы негізінде студенттер «ЖИТС қарсы күрес» облыстық орталығы мамандарымен бірге «Студенттер наркоманияға және ЖИТСке қарсы» акциясын өткізуге атсалысады. Нұр-Отан партиясының белсенділерімен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараларға да қатысады. Факультет студенттері «Бұрымды ару», «Күміс көмей», «Бозбала мен бойжеткен» қалалық байқауларына, «Студенттік көктем» қалалық фестиваліне, ЖОО арасында «Біздің нұсқа», «Глюкоза» командалары Жайдарман фестиваліне, «Әскери-патриоттық әндер» байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

 

 Азаматтық көзқарастар мен саяси-құқықтық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Президент Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары талқыланады, «Нұр Отан» партиясы, Ақтөбе облысының студенттер Альянсы, «Діни экстремизмнің алдын алу шаралары» мұсылмандар, православты діни христиандар мен Ақтөбе облысының Әділет департаментінің діни бөлімінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

«Жаратылыстану» факультетінің халықаралық білім беру қызметінің сапасы мен тиімділігін жоғарылату факторы бойынша халықаралық ынтымақтастық  кызметінің жоспарын жүзеге асырылуы мақсатында келесі бағытта жұмыстар жүргізіледі:                                     .     1.Университеттің (институт/факультет,кафедралардың) халықаралық ынтымақтастық кызметінің жоспарлы/жүйелі) жузеге асырылуы (университеттің стратегиялық жоспарларына сәйкестілік); жоспары, оқу-әдістемелік, академиялық ұтқырлық, көптілді дамыту.

       2.Университеттің (институт/факультет, кафедралардың)  халықаралық ынтымактастық кызметінің нормативтік-құқықтық камтамасыз етілуі (заңдар, ережелер, нұсқау хаттар т.б.);

      3.Шетелдік-әріптес жоғары-оқу орындарымен білім беру саласындағы ынтымақтастық (келісім-шарттар аясындағы бірлескен мамандықтар бойынша ,  (оқу жоспарлары) білім,оқу бағдарламаларын үйлестіру, өзара серіктестік шаралары);

      4. Оқу үдерісіне шетелдік оқытушыларды (профессорларды) тарту (лекция оқу, мастер-кластар өткізу, бірлескен ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік еңбектер дайындау, семинарлар өткізу, кездесулер ұйымдастыру т.б.);

      5.Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеру («Болашақ», «Өрлеу» және халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу, түрлі сипаттағы (он-лайн, желілік т.б.) халықаралық семинарларға қатысу, өткізу;

      6. Мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларының (оқу жоспарлары) мазмұнын шетелдік-әріптестік жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларымен үйлестіру;

      7. Халықаралық академиялық ұтқырлықты дамыту (білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу белсенділігі, шетелдік студенттерді тарту);

      8.Мамандықтар бойынша көптілді білім беруді жузеге асыру  (көптілді топтардың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі, тілдік  курстарға қатысу университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес бағдарламасы бойынша.

1.Жаратылыстану» факультетінің халықаралық ынтымақтастық кызметінің жоспарын жүзеге асырылуы мақсатында келесі жоспарлар жасақталуы:

- «Жаратылыстану» факультетінің 2012-2017 оқу жылдарының Ішкі және Халықаралық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлары;

-   2013-2020 жж. «Жаратылыстану» факультетінің стратегиялық жоспары (27.10.2013ж);

- «Жаратылыстану» факультетінің келесі мамандықтары бойынша:  5В060700 - «Биология»  және. 5В010300 «Биология, 5В011200 -«Химия» және 5В060600-«Химия», В060800–Экология   2013-2020 жж. стратегиялық жоспарлары (15.10.2016ж).

       2.Университеттің (институт/факультет, кафедралардың)  халықаралық ынтымактастық кызметінің нормативтік-құқықтық камтамасыз етілуі (заңдар, ережелер, нұсқау хаттар т.б.);

- «Жаратылыстану» факультетінің  халықаралық ынтымақтастық қызметі бойынша бар құжаттардың  тізімі:

- Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ –ның халықаралық академиялық ұтқырлық ережесі;

- Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ –ның көптілді дамыту ережесі;

- ПОҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық ережесі;

- Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша анықтама-жолсілтеме (студенттер мен магистранттар үшін);

- Білім беру ұйымдарымен ұйымдастырылатын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру Ережесі;

- ҚР тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың білім алу ережесі;

- Шетелге оқуға жіберу Ережесі;

- ҚР-на оқуға немесе зерттеу жұмыстарын жүргізуге келген шетелдік азаматтың толтыратын анкетасы;

- Шетелге оқуға шыққан ҚР азаматының толтыратын анкетасы;

- ҚР БМ бұйрығы (№549, 30.12.2011ж);

- Оқудың кредиттік жүйемен жүргізілуін ұйымдастыру Ережесі;

- ҚР ЖОО білім алатын адамдардың академиялық ұтқырлық Концепциясы.

       3.Оқу үдерісіне шетелдік оқытушыларды (профессорларды) тарту (лекция оқу, мастер-кластар өткізу, бірлескен ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік еңбектер дайындау, семинарлар өткізу, кездесулер ұйымдастыру т.б.);

Негізгі факультеттің ішкі Қазақстан Республикасы  және сыртқы шетелдік-әріптес жоғары-оқу орындарымен білім беру саласындағы  ынтымақтастық (келісім-шарттар аясындағы бірлескен білім бағдарламалары, өзара серіктестік шаралары); :

1.РКП «ЗКБУ» им.МУтемисова.

2.Атырауский гос.унив.им.К.Дослеухамедова.

3.ЮКГУ им.М.Ауезова.

4.Павлодарский ГУ им.С.Торайгырова.

5.Каз.нац.тех.унив им.К.И.Сатпаева.

6.РГКП Аркалыкский Гос.пед.инст.им.Ы.Алтынсрина.

7.Каз.нац.пед.ун.им.Абая.

8.Костанайский гос.пед.инст.

9.Семипалатинский гос.пед.инс.

10.Казахский гос.жен.пед.унив.

11.Таразский гос.пед.инст.

12.УУ Карагандинский унив. «Болашак»

13.ТОО университет Сырдария.

14.Каз.нац.унив.им Аль-Фараби Каз НУ.

15.Каспийский гос.унив.им Технологии и инжиниринга им.Ш.Есенова

16.Карагандинский гос.унив.им.Е.А.Букетова

17.Жетысуский гос.унив.им.И.Жансугурова

18.Евразийский унив.

19.Павлодарский гос.пед.инст.

20.Ленинградский государственный университет имени А.С.Пушкина (Российская Федерация).

21.НОУ ВПО «Московский технологический институт «ВТУ» (Российская Федерация).

22.Пермский национальный исследовательский политехнический университет (Российская Федерация).

23.Национальный университет Узбекистана им.Мирзо Улугбека (Узбекистан)

24.Астраханский государственный университет (Российская Федерация).

25.Институт Экологии Растений и Животных УрОРАН (Российская Федерация).

         4.Оқу үдерісіне шетелдік оқытушыларды (профессорларды) тарту (лекция оқу, мастер-кластар өткізу, бірлескен ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік еңбектер дайындау, халықаралық кездесуледір,он-лайн, желілік семинарларға қатысу,өткізу,ұйымдастыру т.б.);

Биология кафедрасы бойынша: 2012-2013 оқу жылында шетел ЖОО-мен байланыс орнату бойынша Михаель Зукков фонды қаржылайтын Грайфсвальд университетінен биология ғылымдарының докторы Вальтер Вухерер 05.11.12-17.11.12 аралығында 4 курс «Биология»   және  «Экология»  мамандықтары студенттеріне «Орталық Азияның өсімдіктер жабыны» тақырыбында дәріс оқып, семинар өткізді.

2012-2013 оқу жылында Н.И.Вавилов атындағы Ресей өсімдіктерді ғылыми-зерттеу институтымен келісім-шартқа отырылып, 2 курс 5М060700 Биология мамандығының магистранттары ғылыми-зерттеу практикасына 10 күнге барып, тәжірибе алмасып келді. Аталған мемлекеттік ғылыми мекемемен байланыс әлі күнге дейін жалғасуда

2013-2014 оқу жылында Өзбекстан республикасы Ташкент Өсімдіктер мен жануарлар генофонды институтымен келісім-шарт орнатылып, 2 курс магистранттары 22.02.14-06.03.2014 аралығында тәжірибе алмасып келді.

2013-2014 оқу жылында Өзбекстан республикасы Ташкент химия-технологиялық институтымен келісім-шарт орнатылды. Осы бағытта өзара жұмыстардың жоспары қарастырылуда.

     2014-2015 оқу жылында шетел ЖОО-мен байланыс орнату бойынша Өзбекстан Республикасының Өсімдік және жануар әлемі генофонды институтымен  келісім шарт орнатылу процесі жүргізілуде. Өзбекстан ғалымы, б.ғ.д. Мирабдуллаев Искандер Мирбатырович «Биология»   және  «Экология»  мамандықтары студенттеріне дәріс оқуға, тақырыптық дөңгелек үстел және т.б. шараларды өткізу жоспарланды. Келісім шартқа сәйкес болашақта осы ЖОО-на студенттерді жіберу жоспарлануда.

- Бельгия Гент Университетінен Патрик Соргелосты – Бельгия аквакультура ұйымының Президентін және РФ «Мемлекеттік ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы» ген.директоры Литвиненко А.И мен осы мекеме лаборатория меңгерушісі Литвиненко Л.И. дәріс оқуға шақыру бойынша  жұмыстар жүргізілуде,  мәліметтер алында.

          Биология кафедрасының ПОҚ-ң халықаралық деңгейде өткен курстары:- «Будущее высшего образования: инновационные технологии» профессора Стамбульского университета Х.Тюфекчиоглы (семинар) (Казкеев Е.Т., Бодыкова И.Н., Баймұхамбетова К.З., Изимова Р.И., Базаргалиева А.А., Жумабаева А.Ж). (26.03.13-20.03.13жж. Актобе қ.).  - Аға оқытушы Естурина Г.Б. мен оқытушы, биология магистрі Қуанбай Ж.,б.ғ.к. Адманова Г.Б.,Саримбаева Б.Б. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген  үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курстарынан өтуде (26.01.15-20.03.1.жж. Астана қ.).

          Химия кафедрасы бойынша:  Шетелдік-әріптес жоғары оқу орындарымен білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында кафедрада  төмендегідей келісім-шарттар жасалды:

- Ж.Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен;

- Қырғыз Республикасының ұлттық ғылым академиясы жанындағы химия және химиялық технология институтымен;

- И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен;

Химия кафедрасының ПОҚ-ы халықаралық деңгейде өткен курстары:

         - п.ғ.к., доцент Альмуратова Қ.К. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген  үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курстарынан өтті (26.01.15-20.03.15жж. Астанақ.).

       - соңғы 3 жылда х.ғ.к., аға оқытушы Агишева А.А., п.ғ.к., доцент Б.Б.Досанова, аға оқытушы Г.А.Рахметова, п.ғ.к., доцент Қ.К.Альмуратова THOMSON REUTERS онлайн-семинарына қатысып сертификатқа иеленді.

Экология кафедрасы бойынша:  2012-2013 оқу жылында шетел ЖОО-мен байланыс орнату бойынша Михаель Зукков   фонды қаржылайтын Грайфсвальд университетінен биология ғылымдарының докторы Вальтер Вухерер 05.11.12-17.11.12 аралығында  4 курс «Биология»   және  «Экология»  мамандықтары студенттеріне «Орталық Азияның өсімдіктер жабыны» тақырыбында дәріс оқып, семинар өткізді.

- шетел ЖОО-мен байланыс орнату бойынша Өзбекстан Республикасыны

Өсімдік және жануар әлемі генофонды институтымен  келісім шарт орнатылу процесі жүргізілуде. Өзбекстан ғалымы, б.ғ.д. Мирабдуллаев Искандер Мирбатырович «Биология»   және  «Экология»  мамандықтары студенттеріне дәріс оқуға, тақырыптық дөңгелек үстел және т.б. шараларды өткізу жоспарланды;

          2013 жылдың 1-ші наурызында біздің ЖОО-ның негізінде Алтай мемлекеттік университеті (Россия, г. Барнаул), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен бірігіп «Геоэкологические особенности Баянаульского государственного национального природного парка» тақырыбында халықаралық бейнеконференция ұйымдастырылып, өткізілді. Бейнеконференцияға қатысушылар Алтай мемлекеттік университетінің халықаралық бағдарламаларды стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы, г.ғ.к., доцент Татьяна Антюфеева (г. Барнаул), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің г.ғ.к., профессоры А. Царегородцева, география кафедрасының меңгерушісі г.ғ.к., доцент Г.Т. Кубесова, биология кафедрасының б.ғ.к., доцент Базаргалиева А.А. және 5В060700-Биология мамандықтары студенттері қатысты.

  - Кафедра доценті, б.ғ.к. А.А. Базаргалиеваның Түркия республикасы Нийде университеті       І Халықаралық зерттеулер симпозиумында (18-21.03.2014) «Топырақ құрамындағы ауыр металдар және оларды су өсімдіктері көмегімен тазарту» тақырыбында мақаласы жарық көрді. Кафедра ПОҚ өз еңбектерін шетелдік басылымдарға жіберуге даярлады.

         - кафедра ПОҚ өз еңбектерін шетелдік басылымдарға жіберуге даярлық үстінде және кафедра доценті, б.ғ.к. А.А. Базаргалиеваның мақаласы шетелдік басылымда жарық көрді.

        - Атаева Г.М по импакт-фактору опубликована научная статья «Removal of sulfur-containing compoundus from gas and oil and analysis of desulfurization waste» деген International journal of ecology» (18-21.03.2014)

        - Преподаватели  кафедры биологии участвовали  с 17-18 февраля 2014 участвовали в международном семинаре, проводимом профессором Стамбулского университета Х. Тюфекчиоглун;В  онлайн-семинарах по следующим темам: «Платформа Web of Science – базовые возможности поиска»,

      - «Работа с библиографией в программе EndNote Online», «Аналитические инструменты Journal Citation Reports и Essential Science Indicators на платформе InCites»опубликованы в США, зарегистрированы в каталоге «BooksInPrint®»  (крупнейший каталог книг, издающихся в США и Европе), доступен в международных интернет-магазинах  Amazon.com, Amazon.co.uk, Amazon.de, Amazon.fr, Amazon.it, Amazon.es, через агенство «Baker&Taylor»   распространено по библиотекам и академическим институтам мира.

Экология кафедрасының ПОҚ-ы халықаралық деңгейде өткен курстары:

       - Базарбаева С.М., Исенгалиева Г.А. импакт-фактор бойынша «Removal of sulfur-containing compoundus from gas and oil and analysis of desulfurization waste» деген International journal of ecology мақала жарияланған.

     -   Исенгалиева Г.А., Ташимова А.С., Жаппарова Б.К.10 халықаралық ғылыми практикалық конференцияда мақаласы жарияланды, «Влияние ионизируещего излучения на работников нефтегазовых комплексов» Болгария, София қ.17-25.01.2014ж.;

     -  Исенгалиева Г.А., Нурмуханова Г.Е., Исламова К.И.,Тургенова О.М., Картова М.А., Калиева А.Ш. Applied Sceinces and technology in the USA and Europe common challenges and scientific findings. New York USA 2014.

-  Исламова К.И. European Sceinces modern approaches in scientific researches. March 31.2014 «Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау өзекті мәселе ретінде».

5.Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында сыртқы академиялық ұтқырлық саясаты бойынша «Жаратылыстану» факультетінің келесі кафедра оқытушылары «Болашақ» және «Өрлеу» түрлі  халықаралық гранттық бағдарламаларына қатысты:

а) Биология кафедрасы бойынша 2013-2014 оқу жылында биология магистрі оқытушы Кеубасова Г.О. Швейцарияның Montreux School of Business «Болашақ» бағыты бойынша «Педагогикалық диагностика. Білім сапасын бағалау және бақылау» курсын білім сапасын тануды дамыту мақсатында (12.05.2014-20.07.2014жж.) өтті;

б) Химия кафедрасы бойынша 2013-2014 оқу жылында п.ғ.к., доцент Иманғалиева Б.С. Португалияның Лиссабон техникалық институтында «Өрлеу» бағыты бойынша курстан (26.10.2013-11.11.2013жж.) өтті;

Химия кафедрасының   п.ғ.к., доцент Б.С.Иманєалиеваның Португалия, Лиссабон қаласындағы Лиссабон техникалық институтында біліктілігін арттыру курсынан өту кезі 2013ж.

в) Химия кафедрасы бойынша 2014-2015 оқу жылында х.ғ.к., аға оқытушы А.А.Агишева Португалияның Порто жоғары техникалық институтында «Өрлеу» бағыты бойынша курстан (01.06.2015-11.06.2015жж.) өтті.

Экология кафедрасы бойынша 2013-2014 оқу жылында экология магистрі оқытушы Жаппарова Б.К. Нидерланды Лейден унииверситетінің, ICLON институты «Болашақ» бағыты бойынша «Педагогика, дидактикалық біліктілік, психология, бағалау мен тандау» курсын білім сапасын тануды дамыту мақсатында (01.09.2014-30.11.2014жж.) біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Б.К.Жаппарова  экология магистрі  Нидерландияның  Гаага қаласында  ғылыми біліктілігін арттыру курсында болды 2014ж.

 7. Халықаралық академиялық ұтқырлықты дамыту (білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу белсенділігі, шетелдік студенттерді тарту);

Сыртқы шетельге академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес  «Жаратылыстану» факультетінің келесі студенттері жіберілді|:

1.2013-2014 оқу жылының 1-жартыжылдығында  «Биология»-5В011300 мамандығының 3 студенті Кіштікенова Айжан Сычуань педагогикалық университетінде (Қытай Халық Республикасы, Сычуань провинциясы, Чэнду қаласы 05.10.13-13.01.2014жж.) тілдік оқудан білім алды;

2.Отарова Аяжан Отепбергенкызы  2курса студенті «Биология»-5В011300 мамандығы бойынша АҚШ (США-Штат Теннеси). Университет Тенниси технологиялық университетінде мамандық бойынша оқып келді 2014ж.

3.2014-2015 оқу жылының 1-жартыжылдығында  «Химия»-5В011200 мамандығының 3 курс студенті З.Алданаева Синцзянь (ҚХР, Урумчи қ.) қаржы және экономика университетінде   білім алды.

4.2015-2016 оқу жылында Болгария Св.Клименто Охридский атындағы университетке 5В060700 –Биология мамандығы 2 курс студенті Валиева Д.С. оқуын 1 семестрге жалғастыруға баруы жоспарланды.

Ішкі  Казахстан Республикасының  академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жаратылыстану» факультетінің соңғы 3 оқу жылына келесі студенттер қабылданды:

1.Арқалық Мемлекеттік институтының  5В011300 «Биология» мамандығының 3 курс  студенті  Аманжолова Т.  27.01.2014-30.06.2014жж.  уақыт аралығында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де оқуын жалғастырды.

2. 3-курс студенті биология мамандығы бойынша  Аманжолова Таңшолпан Аркалык пед.институттынан студент болып қабылданды. 2013-2015-2016 жж.

3.2-курс студенті биология мамандығы бойынша  Бертлеу Жанар. Кызылорда қаласының пед.институттынан студент болып қабылданды.2013-2015-2016жж.

4.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның  5В060800 «Экология» мамандығының 2 курс  студенттері Ашибеков С.,  Төлембай Г. 27.01.2014-04.06.2015жж. уақыт аралығында оқыды.

Сыртқы Казахстан Республикасының  академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жаратылыстану» факультетінің соңғы 3 оқу жылына келесі студенттерді жіберу мақсатталды:

1.Шамуратова Гульноза Бауыржанкызы - 3 курс Ғылыми  биология- 5В060700. Алматы к  мемлекеттік грант. Мемлекеттік педагогикалық Абай атындағы  16.01.2017жыл -16.06.2017жыл.

2. Кенжебай Э.  3 курс Ғылыми  биология- 5В060700. Алматы к  мемлекеттік грант. Мемлекеттік педагогикалық Абай атындағы  01.09.2017 жыл -16.06.2017жыл.

3. Калбаева П.  3 курс Ғылыми  биология- 5В060700. Алматы к  мемлекеттік грант. Мемлекеттік педагогикалық Абай атындағы  01.09.2017 жыл -16.06.2017жыл.

Шетелдік студенттерді тарту бойынша ұйымдастыру жұмыстары жоспарлануда.

       - 2017-2018 оқу жылының  сыртқы халықаралық  академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында   Литва Республикасы Витаутас қ. Витаутас магнус университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен:

1.«Химия»  мамандығының 3 курс орыс тобының студенті Досжанов Жандос 2017-2018 оқу жылының 1-жартыжылдығында Литва Республикасы Витаутас қ. Витаутас магнус университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен құжаттарымен жинап, 1-семестр білім алуға жіберу жоспарлануда

2.«Экология»  мамандығының 3 курс орыс тобының студенті Калмағамбетова Лаула студенті 2017-2018 оқу жылының 1-жартыжылдығында Литва Республикасы Витаутас қ. Витаутас магнус университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен құжаттарымен жинап, 1-семестр білім алуға жіберу жоспарлануда.

             - 2017-2018 оқу жылының  сыртқы  халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қытай мемлекетіне  академиялық ұтқырлық бағдарламасымен:

1.«Экология»  мамандығының 3 курс қазақ тобының студенті Жумабаева Құндыз Біржанқызы Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Синьзян қаржы- экономикаляқ университетіне жоспарланған

2.«Биология»  мамандығының 2 курс қазақ тобының студенті  Болат Ғалым Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Синьзян қаржы- экономикаляқ университетіне жоспарланған.

 -2017-2018 оқу жылына ішкі  академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында

      1.«Химия»  мамандығы бойынша  2017-2018 оқу жылының 1-семестріне Абай ат. ҚазҰПУ-не ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға бару мақсатында  келесі қазақ бөлімінің 2 курс студенттері құжаттарын тапсырды:

1.Боранбаева С.М.,

2.Аймағанбетова П.О.

      2.«Биология»  5В060700   мамандығы бойынша  2017-2018 оқу жылының 1-семестріне Абай ат. ҚазҰПУ-не ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға бару мақсатында  келесі қазақ бөлімінің 3 курс студенттері құжаттарын тапсырды:

1.Таскужина Айша Қайратовна.

2.Маханова Анар Муратовна.

3.Әбдіғазым Әселхан Асқарқызы

      3.«Биология»  5В011300   мамандығы бойынша  2017-2018 оқу жылының 1-семестріне Абай ат. ҚазҰПУ-не ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға бару мақсатында  келесі қазақ бөлімінің 3 курс студенттері құжаттарын тапсырды:

1.Төлембаева Аян Есежанқызы

       4 .«Химия»  мамандығы бойынша  2017-2018 оқу жылының 1-семестріне Оренбург Мемлекеттік университетіне 11-17 сентябрь аралығында үздік оқушылар халақаралық жазғы оқу мектебі  бағдарламасы бойынша құжаттарын тапсырды:

 1.Ан Ольга Игорьевна   2курс орыс бөлімі.

 2.Биманова Айнур Ильясқызы  2 курс қазақ бөлімі.

         -2017-2018 оқу жылына ішке  академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы технологиялық университетінен АӨМУ-не келді:

     «Экология»  мамандығының 2 курс қазақ тобының студенті Ақжігітов Нұржігіт Аманұлы. оқу жылының екінші жартыжылдығында Алматы технологиялық университетінен келді оқыған пәндері: Философия, Политология, Денешынықтыру, Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері, Биосфераның шығу тегі. Студенттің оқу үлгерімі 100 пайыз, сапасы 100 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзін жақсы жағынан көрсете білді. Сабақтан бос кездері өз тобымен бірге киноға, театрға барып, музейлерге саяхат жасады.

      8.Мамандықтар бойынша көптілді білім беруді жузеге асыру (көптілді топтардың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі, тілдік курстарға қатысу университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес бағдарламасы бойынша «Жаратылыстану» факультетінде   мамандықтар бойынша көптілді білім беруді жузеге асыру мақсатында кафедраларда төмендегідей ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді:

-  көптілді дамыту мақсатында шетел тілін үйрену бағдарламасы бойынша мұғалімдер:  шетел тілін үйрену курстарына қатысуда (Бодыкова И.Н., Баймұхамбетова К.З., Утарбаева Н.А., Атаева Г., Сырымбетов С.Т., Естурина К.Б., Изимова Р.З., Жумабаева А.Ж.(08-21.03.2014) аралықтарын өтті.

Университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес көптілді білім беруді жузеге асыру мақсатында химия кафедрасыны оқытушылары біліктілігін көтеру мақсатында:

- Е.А.Бөкетов атындағы. Қарағанды Мемлекеттік Университетінде 01.01.16-20.12.16ж. аралығында  Content and Language Integrated Learning – CLIL (предметно-языкового интегрированного обучения). «ЖОО химия және информатика оқытушылары ағылшын тілін жеделдете оқыту» курсы бойынша,  келесі оқытушылар сертификаттарға иеленді:

1. х.ғ.к., аға оқытушы А.А.Агишева.

 2. п.ғ.к., доцент Қ.К. Альмуратова.

3.экология магистрі Б.Б.Жаппарова.

- кафедра оқытушысы Дузелбаева С.Д. Pre-Intermediate деңгейінде ағылшын тілін меңгерді, сертификат алды (AKEAC, 2014ж. ақпан-мамыр).

Мамандықтар бойынша көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында кафедрада төмендегідей ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде:

- 2013-2014 оқу жылында 5В011200- Химия мамандығының 3 курс студенттері үшін «Physical chemistry», «Chemistry of functional derivatives of organic moleccules» пәндерінен х.ғ.к., аға оқытушы Агишева А.А., мұнайхимия магистрі, оқытушы Дузелбаева С.Д. ағылшын тілінде сабақтар жүргізді.

- көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында 5В011200- Химия мамандығының 3 курс студенттері үшін «Physical chemistry», «Chemistry of functional derivatives of organic moleccules» пәндерінен х.ғ.к., аға оқытушы Агишева А.А., мұнайхимия магистрі, оқытушы Дузелбаева С.Д. ағылшын тілінде сабақтар жүргізді.

- 2014-2015 оқу жылы көптілді дамыту мақсатында 5В011200 «Химия» мамандығының 3 курс студенттері (21 студент) университеттің ұйымдастыруы бойынша ағылшын тілін үйрену курсына қатысты.

- 2016-2017 оқу жылында 5В011200-Химия мамандығының 2-курс студенттері С.Боранбаева, М.Ағынова, А.Дәулетбаев, Ж.Ибол, Н.Кеңес, Б.Төлен; 3 курс студенттері Т.Утепбергенова, А.Теміртай, Б.Аширова, М.Төлеген, Ж.Көшерова; 5В060600-Химия мамандығының 3 курс студенттері А.Саимова; А.Өтегенова, Е.Түгелбаева; О.Оразова «Дарина», «Асерас» оқу орталықтарында ағылшын тілін меңгеру курсына қатысуда.

Химия  магистры  Дузелбаева С.Д.ағылшын тілін жеделдете оқыту» курсы бойынша есебі (Қарағанды 2014ж).

Университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес көптілді білім беруді жузеге асыру мақсатында экология кафедрасыны оқытушылары біліктілігін көтеру мақсатында:

Сыртқы Экология афедрасы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында:

- Экология магистры  Б.Ж.Жаппарова ағылшын тілін жеделдете оқыту» курсы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде 01.01.16-20.12.16ж. аралығында  Content and Language Integrated Learning – CLIL (предметно-языкового интегрированного обучения) курсын бітірді.

Экология магистры Б.Ж.Жаппарованың ағылшын тілін жеделдете оқыту» курсы бойынша есебі (Қарағанды 2016ж).

-  көптілді дамыту мақсатында 5В060800 «Экология»  мамандығының студенттері шетел тілін үйренуде. Мысалы, 5В060800 «Экология»  мамандығының 3-курс студентті Шаукебаев Д. неміс тілін Германияда оқып келді. Қонысбаева А., Жантикенова Л. және Жалғасова Г. ағылшын тілін және қытай меңгеру курсына қатысуда.

Университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес көптілді білім беруді жузеге асыру мақсатында биология кафедрасыны оқытушылары біліктілігін көтеру мақсатында:

 -Алматы  қаласындағы  Аль-Фараби атындағы Казақ  ұлттық мемлекеттік университетіндеағылшын тілін жеделдете оқыту» курсы бойынша 14.11.2016 -20.12.16ж. аралығында  Content and Language Integrated Learning – CLIL (предметно-языкового интегрированного обучения) курсын  келесі оқытушылар бітірді:

1. Естурина Кулжан Байгалиевна№

2. Атаева Гулшат Мукановна.

3. Туралин Бауыржан Алпысбайевич№

4. Молдекова Ира Жумабаевна.

5.Темиркулова Рауза Сагиевна.

б.ғ.к Г.М. Атаеваның ағылшын тілін жеделдете оқыту» курсы бойынша есебі. Алматы 2016ж.

     26.04-07.07.2017 ж аралығында Назарбаев университетінің ұйымдастырумен Қ.Жұбанов ат.АӨМУ базасында өтіп жатқан ағылшын тілін меңгеру курсына қатысуда:

1.Аға оқытушы Естурина Кулжан Байгалиевна (биология кафедрасы).

2.Химия магистры С.Д.Дузелбаева (биология кафедрасы).

3.Химия магистры А.М.Қаратурина университетішілік «Rosetta stone» бағдарламасы бойынша ағылшын тілін игеру курсынан өтуде.

5В060700 «Биология»,5В010300 «Биология, 5В011200 «Химия», 5В060600                                                                        «Химия» 5В011800 «Экология,  кафедраларының  халықаралық ынтымақтастық кызметінің жоспарын жүзеге асырылуы мақсатында студенттер арасындағы көптілді дамыту  бағыттында  келесі жұмыстар жүргізілді:

2015-2016 оқу жылында сабақтарды ағылшын тілінде меңгеру үшін 5В060700- Биология     мамандығының студенттері тіл үйренген. 5В060700 «Биология»  мамандығының 2-курс студенттері Шахина Б., Есжанова С., Жанұзақова С., Алдабергенова А.  ағылшын тілін меңгеру курсына қатысуда. «Жаратылыстану» факультететінің   барлық 1 курсттар және 2 курсттар арасында  «Rosetta stone»  бағдарламасы бойынша ағылшын тілін игеру курсынан оқыту жоспарлануда. Қашықтықтан оқыту бөліміне студенттердің мәліметтері  тапсырылды. «Жаратылыстану» факультетінде  көптілді топ бойынша тілді өте жоғары деңгейде меңгерген студенттерді жақын және алыс шетелдерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдіру курсына жіберу жұмыстары жоспарлануда. Білім алушылар мен оқытушылардың шетел тілін меңгеруі арттырылуда.

Жаратылыстану факультетінің үлкен мақтанышы факультетіміздің түлектері. Факультет түлектерінің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жерлерге де жақсы таныс. Олардың ішінде белгілі саясатшылар мен өнер саласының қайраткерлері, ұлттық компаниялар мен департаменттердің жетекшілері, облыс және қалалық әкімшілікте басшылық қызметте жұмыс жасайтын тұлғалар, ғылым докторлары мен кандидаттары, аудандық білім бөлімі мен  әртүрлі деңгейдегі мектептердің директорлары көптеп саналады.

Факультетімізде әр жылдары төмендегідей түлектеріміздің қатарында қалалық білім бөлімінің жоғары деңгейдегі әдіскері, PhD докторы А. С. Садыкова, Германиядағы Росток университетінің ғылыми қызметкері Н. К. Келжанова, ЖОО «Гидроэкоресурс-L»директоры  Д.Б.Алиев, РМК «Казгидромет» зертхана меңгерушісі Ж.Т.Жаметов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің басшысы  С.И. Альмурзаева,  АҚ «Казмұнай газ» - инженер эколог А.А.Агадиев, мектептердің мұғалімдері - Г. К. Жалашева, А. Ж.Таумова, Г. У. Адиева, Е. Т. Кенжебай,  А.А.Надир және т.б.

Факультеттер

Тарих факультеті

Педагогика факультеті

Кəсіби-шығармашылық факультеті

Техникалық факультет

Жаратылыстану факультеті

Шетел тілдері факультеті

Физика-математика факультеті

Филология факультеті

Экономика және құқық факультеті

Сырттай оқу факультеті

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы

Дизайн кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасы

Биология кафедрасы

Экология кафедрасы

Химия және химиялық технология кафедрасы

География және туризм кафедрасы

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Шетел филологиясы кафедрасы

Аударма ісі кафедрасы

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Қаржы және есеп кафедрасы

Экономика и менеджмент кафедрасы

Құқықтану кафедрасы

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация  кафедрасы

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы