Мобильді нұсқа

Инновациялық технологиялар паркі

2017 жылы қыркүйек айының 29 жұлдызында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Инновациялық технологиялар Паркінің рәсіми ашылуы өтті.

Инновациялық технологиялар паркінің құрамына ғылыми-зерттеу орталығы, 6 ғылыми зертхана және 1 оқу зертханасы кіреді.

Инновациялық технологиялар парк қызметімен ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Амангалиев С.К. және ҚР БҒМ жауапты хатшысы Орсариев А.А. танысты.

Технопарк

Инновациялық технологиялар паркі

Лаборатория  «Диатомит»  минералдарын  байыту технологиясы  зертханасы

«Нанотехнологиялар» ғылыми зертханасы

3D модельдеуді оқыту зертханасы

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Қазіргі түркі тілдерінің тілдік үдерісін зерттеу зертханасы

Көлік ағынын зерттеу және басқару зертханасы

Құрылыс материалдарын және асфальтты бетондарды сынау зертханасы

Қызмет барысында Парк өз алдына келесідей мақсаттарды қояды:

- коммерцияландыру және өңірдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту мақсатында білім, ғылым және бизнес бірлестігін құру;

- Университеттің және аймақтың  ғылыми-білім беру әлеуеті негізінде құрылған инновациялық өнімдерді жасау;

-  жедел жаңа технологияларды әзірлеу;

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуінің ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жетілдіру;

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және өңірлік инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы орта құру;

- жоғары оқу орындарындағы ғылым секторының өнеркәсіп секторына технологияларды беруіне жәрдем беру;

- ғылыми зерттеулер нәтижелеріне, ашылулар мен өнертабыстарға негізделген, инновациялық жобаларды коммерцияландыру үшін қолайлы жағдайын қалыптастыру және дамыту;

- Университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін  тиімді пайдалануға бағытталған аумақтық инновациялық жүйені қалыптастыруға ықпал ету.

 

Қойылған мақсатқа жету үшін Парк келесі міндеттерді атқарады:

- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын, ғылыми құрылымдардың қызметкерлерін, жеке ғалымдар мен мамандарын белсенді ғылыми  және кәсіпкерлік әрекетке тарту, олардың идеялар мен жобалардың іске асырылуына көмек көрсету;

- жаңа техника мен білімді-қарқынды технологияларды меңгеру мақсатында аймақтың ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалануына бағдарланған аудандық инновациялық жүйені қалыптастыру, аймақтық мақсатты инновациялық бағдарламалар мен жобаларды дайындау мен іске асырылуынана ат салысу;

- бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге бағытталған ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен іске асырылуына көмек көрсету, оларды өндіріске жедел ендіру;

- ғылыми зерттеулердің негізінде инновациялық жобаларды практикалық коммерциализациялау;

- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты барлық нысандарда ұйымдастыру мен іске асыру.

- инновациялық процесстің (бизнес-жобалау, маркетинг, жарнама) барлық сатыларында қызмет  көрсету.

 

Инновациялық технологиялар паркі қызметінің негізгі бағыттары:

- Ақтөбе облысының  полимерлі қалдықтары мен өсімдік шикізаты негізінде жаңа композициялық құрылыс материалдарын әзірлеу;

- Ақтөбе облысының мұнай өндіру және мұнай өңдеу қалдықтары негізінде жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу;

- Ақтөбе облысының диатомитті жыныстарын байыту технологиясын әзірлеу;

- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сарқынды суларын залалсыздандыру тәсілдерін әзірлеу;

- Минералды толтырғыштар қосылған эпоксидті композиттік материалдарды әзірлеу.

 

Көрсетілген бағыттардағы зерттеулерді университет ғалымдарымен инновациялық  технологиялар паркінде жүргізіледі.

 

 

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2018

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы