Мобильді нұсқа

Қолданбалы математика және информатика ҒЗИ

Жалпы ақпарат: Қолданбалы математика және информатика ғылыми зерттеу орталығы 2010 жылдың тамыз айында ашылды. Институттың ғылыми қызметкерлері дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері, геометрия, информатика бойынша теориялық зерттеулермен айналысады.

Институт ғылыми-білімділік және инновациялық-координациялау құрылымдық бөлім ретінде кадрлар дайындау үдірісі барысында білімді, ғылымды және өндірісті өзара кіріктіруді, университеттің және өңірдің инновациялық әләуетін арттыруда, сонымен қатар, еңбек рыногінің қажеттігіне сәйкес университетте мамандар дайындауда жетілдіруді дамыту мақсатында құрылған.

ҚМжИ ҒЗО-ның мақсаты дифференциалдық теңдеулер, қолданбалы математика және информатика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына физика-математика факультетінің оқытушы –профессорлар қауымының инновациялық-көзқарасты мамандар дайындаудағы белсенділігін, арттыра отырып, университеттің инновациялық саясатын ғылыми-ағарту және ұйымдастыру-практикалық іс-әрекеттерін кіріктіру арқылы дамыту болып табылады.

Негізгі мәселелер:

• университеттің қолданбалы математикалық және физика-техникалық зерттеулеріне факультеттің ғылыми потенциалы мен талантты жастарын тарта отырып, олардың инновациялық іс-әрекеттерге белсенділігін көтеру;

• физика-математика факультетінің ғылыми әлеуетінің, оқытушылар қауымының, магистранттар мен студенттердің ҒЗЖ жүргізудегі, оқу үдерісіне жаңа оқыту технологияларын енгізудегі, ғылыми жобалар дайындаудағы және студенттермен ғылыми ізденіс жұмыстар ұйымдастырудағы инновациялық белсенділігін арттыру;

• ғылыми қызметкерлердің жуықтағы жылдарға зерттеулер жобаларының бағдарламасын жасау, сондай-ақ, ұзақ мерзімді зерттеулер стратегиясын құру;

• республикалық және халықаралық гранттық ғылыми Жобалар конкурсына қатысуға ҚМжИ ҒЗО қызметкерлерін жұмылдыру;

• ҚМжИ ҒЗО-ның қолданбалық бағыттағы және коммерциялық мүмкіндікті зерттеулердің басым бағдарламаларын анықтау;

• Ғылыми зерттеу орталығының ғалымдарының ғылыми зерттеулер тақырыптарын лицензиялау;

• Ғылыми зерттеу орталығының ғылыми семинарын ұйымдастыру, семинар еңбектерінің жыл сайынғы жинақтарын шығару;

• физика-математика факультетінің кафедраларымен біріге отырып, мектептердің дарынды оқушыларының математика мен информатика бойынша ғылым мен жаңалықты ізденістерін қолдау мақсатында, оларға инновациялық білім беруді және жетекшілік қызмет көрсетуді дамыту;

• ғылыми қызметкерлер мен магистрлардың біліктіліктерін жетілдіруге, инновациялық танымдар аясын кеңейтуге және шетелдік тәжірибелермен танысуға халықаралық және республикалық ғылыми орталықтарға ғылыми іссапарлар мен стажировкалар ұйымдастыру;

• жаңа ғылыми бағыттардың негізін қалайтын іргелі зерттеулер жүргізу, оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, жаңа ғылыми мектептер құру және дамыту;

• оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен өндіріс-фирмаларымен әлемдік ғылым тұрғысында байланыстар жасау арқылы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру;

• PhD, магистранттар мен студенттер үшін дәрістер оқу үшің шет елдік және республикалық ғалымдарды шақыруды ұйымдастыру;

• «АӨМУ-нің хабаршысы» журналын ҚР БжҒМ баспалар тізіміне енгізуге атсалысу;

• Облыстағы физика-математикалық білім мен университеттегі физика-математика ғылымының дамуы туралы жинақтар мен кітап құрастыру;

• Университет базасындағы республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру.

• PhD және магистранттардың оқу процесін ұйымдастыру, диссертацияларына жетекшілік жүргізу, олардың ғылыми және педагогикалық практикаларын ұйымдастыру.

Ғылыми зерттеу бағыты:

 Жәй және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, периодты және көппериодты тербелістердің математикалық теориясы, математикалық физика, информатика және олардың қолданыстары;

Ғылыми гранттар:

1. Дифференциалдық теңдеулер үшін сызықты емес шеттік есептерді және тербелістер теориясының есептерін шешудің және сапалық зерттеудің конструктивтік әдістері. Мемлекеттік тіркеу №1-1-1.2-12(60), 2003-2005 жылдар.

2. Квазисызықты дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің шеттік және периодты шешімдер есептерінің сапалық зерттеулер әдісі. Мемлекеттік тіркеу №1.6-11 (1.6.1-11) 2006-2008 жылдар.

3. Тербелісті процестерді сипаттайтын кейбір дифференциалдық теңдеулер жүйелері үшін периодтылық және аналитикалық шеттік есептерді шешудегі сапалық зерттеу. (ҚР БҒМ-нің Математика Ғылыми зерттеу орталығының тақырыбы аясында) 2009-2011 жылдар.

4. Кейбір дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің аналитикалық және периодты-шеттік есептерінің сапалық зерттеулері. Мемлекеттік тіркелу № 0113 РК 00686, 2013-2015 жылдар.

Ғылыми семинар: Дифференциалдық теңдеулер, қолданбалы математика және информатика проблемалары. (Ғылыми жетекшісі - Сартабанов Ж.А., семинар хатшысы – Абдикаликова Г.А.).

Ғылыми орталықтармен ынтымақтастығы:

o Математика және математикалық модельдеу институты ҚР БжҒМ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ, Қазақстан);

o Математика институты Украина ҰҒА, Т.Шевченко ат. Киев мемлекеттік универитеті (Киев қ., Украина);

o М.В.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университеті, механика-математика  факультеті (Мәскеу қ., Ресей);

o Л.Н.Гумилёв ат. Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан);

o РҒА Кабардино – Балкар қолданбалы математика және автоматтандыру ғылыми орталығының ғылыми-зерттеу институты (Нальчик қ., Ресей);

o Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Санкт – Петербург ұлттық зерттеу университеті (Санкт – Петербург қ., Ресей);

o Ж.Баласағұн ат. Қырғыз ұлттық университеті (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).

 

 

Қолданбалы математика және информатика ғылыми зерттеу орталығының директорының м.а.: Сартабанов Жайшылық Алмағанбетұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор

Мекен - жайы: 030000 Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғылы, Инновациялық технологиялар паркі, 18 каб

Е-mail: sartabanov42@mail.ru

Сайттың ескі нұсқасы

Ғылыми-зерттеу орталықтары (ҒЗО)

Қолданбалы математика және информатика ҒЗИ

Материалдардың радиациялық физикасы ҒО

Әлеуметтік зерттеу орталығы

Гуманитарлық зерттеулер институты

Тарих, этнография және археология ҒЗО

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы