Мобильді нұсқа

Ережелер (нормативтік құжаттар)

Халықаралық ынтымақтастық орталығы ағылшын тілін үйретудің онлайн бағдарламасы Rosetta Stone бойынша тілдік курстарды ұйымдастырады. Rosetta Stone - Rosetta Stone Incorporation компаниясы әзірлеген және шығарған компьютер көмегімен шет тілдерін оқытуға арналған бағдарламалық өнім. Бағдарламаның атауы және оның логотипі Розетта Тасы деген мағынаны білдіреді, ол лингвистерге Мысырдың иероглифтерін анықтауға көмек берген.

 

Бағдарламамен жұмыс істеу

 

Розетта Стоун бағдарламасы арқылы шетел тілінде мәтіндерді, суреттерді және дыбыстарды үйлестіреді, сондықтан сөздіктер мен грамматиканы пайдаланбай есте сақтауға көмек береді. Студенттің тілді меңгеру дәрежесі дамый келе оның күрделілігі де өседі. Өнім жарнамасында, бұл адамдардың өздерінің алғашқы тілін үйрену әдістерімен бірдей жолы болып табылатындығы туралы айтылады.

 

Мысалы, бағдарламада оқушыларға төрт фотосурет көрсетіледі. Одан кейін суреттердің бірін сипаттайтын дыбыстық және мәтіндік түсініктеме беріледі. Тыңдаушы сипаттамаға сәйкес келетін фотосуретті таңдайды. Басқа нұсқада, үйренуші фотосуреттің сипаттамасын жазып толтыруы керек.

Жазбаша тапсырмалар кезінде бағдарлама, таңбаларды енгізуді жеңілдету үшін экрандық пернетақтаны ұсынады.

 

Бағалау әдісі

 

Бағдарлама оқушының жауабын дұрыс немесе дұрыс емес екендігін интерактивті түрде хабардар етеді. Опциялар мәзірі арқылы оқушы жазбалардың түрін және дыбыстық хабарландыруларды таңдай алады. Бағдарлама жауаптарды 0-ден 100-ге дейінгі ауқымда бағалайды. Бағалау барлық практикалық жаттығулар кезінде сақталады және көрсетіледі және сынақтар кезінде жасырылады. Бірінші әрекеттен дұрыс жауапқа 4 ұпай, екінші әрекет үшін 3 ұпай, үшінші әрекет үшін 2 ұпай және қалған нұсқаны таңдағаны үшін 1 ұпай беріледі.

 

 

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2018

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы