Мобильді нұсқа

Қос диплом бағдарламасы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті әлемнің жетекші  университеттермен бірігіп қос диплом бағдарламасын жүзеге асыруда.

 

 Аталмыш бағдарлама арқылы студенттерге бір уақытта екі жоғары диплом беріледі. Біріншісі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, екіншісі шетелдің серіктес университетінің дипломы. Қос диплом бағдарламасымен оқитын студенттер екі университеттің кредитіне байланысты курстарын бөліп оқиды.  Нақтылап айтқанда, 2+2 екі оқу жылын өз университетінде, қалған екі оқу жылын серіктес университетте оқиды.

 

 Қос диплом бағдарламасының негізгі ерекшілігі -  студенттердің бір уақытта екі жоғарғы оқу орнының (отандық және шетелдік) дипломын алуы, және де оқу бітірген соң қызметке орналасудағы бәсекелестікке қабілетті болуы.

 

 Оқу ақысы студенттердің білім алатын университетіне ғана жасалады. Бүгінде  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қос диплом бағдарламасына студенттер мен магистранттарды қабылдау жүріп жатыр. Өз универсетімізбен қатар студенттердің Қытай, Корея, Польша, Болгария, Түркия, Ресейдің алдыңғы қатарлы университтерінде білім алуларына мүмкіндік бар.

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті төмендегі университеттермен қос дипломдық бағдарлама ұсынады:

Қытай мұнай университеті, Пекин, Қытай (China University of Petroleum, Beijing);

Тонмён университеті, Пусан, Оңтүстік Корея (Tongmyong University, Busan);

Дене шынықтыру институты, Экономика университеті, Быдгощ, Польша.

Сакария университеті, Сакария, Түркия.

 

 

 

Қос диплом бағдарламасы

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2018

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы