Мобильді нұсқа

Стратегиялық бағыттары

Халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары

 

Халықаралық ынтымақтастық орталығы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Құрамына Академиялық ұтқырлық бөлімі, Халықаралық бағдарламалар бөлімі және «Конфуций Институтынан» кіреді..

Халықаралық ынтымақтастық университетіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде университеттің халықаралық қызметі университеттің әлемдік білім және ғылым қоғамдастығына одан әрі кірігуіне, университеттің халықаралық беделін нығайтуға бағытталған.

 

Халықаралық ынтымақтастық қызметі:

 

     -Университетте халықаралық қатынастарды дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;

     - халықаралық ынтымақтастықты дамытуда кафедралар мен факультеттердің қызметін үйлестіру;

     - шетелдік әріптестермен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеуге және қол қоюға қатысу;

     - шетелдік жоғары оқу орындарымен және тілдік орталықтармен қарым-қатынасты дамыту;

     - университеттің оқытушылары мен студенттерінің, халықаралық симпозиумдарға қатысушылары, конференциялар, семинарлар, шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасу;

     - оқыту, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу, келісімдерге қол қою мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды қабылдауды және құжаттарын ұйымдастыру;

     - университет оқытушылары мен шетел азаматтарының тілдік және аймақтық зерттеулерін жетілдіру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

Жоғары білікті кадрларды даярлау, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, заманауи талаптарға сай сапалы жаңа білім беру және ғылыми тәсілдерді іздестіру, жоғары және жоғары кәсіби білім берудің жоғары тиімді жүйесін құру – университтетің ең басты стратегиялық міндеттері.

 

Халықаралық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық міндеттері:

 

     - бірлескен ғылыми жобалар жасау, халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жоғары оқу орындарынан және ғылыми орталықтардан шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнату;

     -  әлемдік білім және ғылым арасындағы интерфейсті қалыптастыру;

     - университеттің халықаралық беделін арттыру;

     - отандық білім беру жүйесін халықаралық білім кеңістігімен үйлестіру және білім беру кеңістігі субъектілерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында білім беру үдерісіне бағдарламалар мен жоспарлар енгізу;

     - білім беру сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптарға сәйкес келтіру;

     - қос дипломдық және желілік білім беру бағдарламасын іске асыру үшін жаңа білім беру жобасын құру;

     - ішкі жоғары білім беру жүйесінде Болон декларациясының қағидаттарын енгізу, мамандарды даярлаудың құзыретті моделіне көшу кезінде оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру; халықаралық талаптарға сәйкес оқу жоспарларын үйлестіру;

     - халықаралық рейтингке ену және әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында халықаралық аккредиттеуден өту;

     - университет оқытушылары мен студенттерін тілдік дайындықтан өткізу.

 

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейтудің негізгі басымдықтары:

     - ғылыми және кәсіптік білім беру саласындағы шетелдік серіктестермен ынтымақтастық;

     - шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерімен және ұлттық мәдени орталықтарымен қарым-қатынастарды кеңейту.

     - іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту үшін шетелдік әріптестермен бірлескен симпозиумдар, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу;

     - Болон процесінің параметрлерін орындау және бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

     - шетелден үздік студенттерді тарту;

     - шетелден жетекші ғалымдар мен мамандарды тарту;

     - университеттің студенттері мен профессорлары үшін көптілді курстар ұйымдастыру.

 

Жыл сайын университеттің білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығы кеңеюде. Бүгінгі таңда университет әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарымен: Қытай Халық Республикасы, Германия, Канада, Түркия, Польша, Ресей Федерациясы, Белоруссия, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан және жақын және алыс шет елдердің басқа елдерімен тығыз ынтымақтастықта. Халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі нысандары бойынша 130-дан астам келісім жасалды.

 

 

Халықаралық ынтымақтастық орталығы туралы

Құрылымы, байланыс

Стратегиялық бағыттары

Ережелер (нормативтік құжаттар)

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы