Мобильді нұсқа

Түлектер ассоциациясы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Түлектерінің Қауымдастығы

 

Құрметті

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлектері!

 

2016 жылдың 20-21 мамырында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті – 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыншама жыл ішінде университетіміз отандық білім мен ғылым, өнер, мәдениет, спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген 60 мыңнан астам мамандарды даярлады.

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлектер Қауымдастығы оқу ордамыздың өркендеуіне септігін тигізіп, өз үлестерін қосады деп сенім білдіреміз.

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің көптеген түлектері бүгінде ұлағатты ұстаз, белді жетекші, атақты ғалым, ірі қоғам өкілі және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

 

Университетіміздің әр түлегі еліміздің ең үздік оқу орнын тәмамдағанын құрмет тұтып, өз университетін дәріптеуде деген сенімдеміз.

 

Қауымдастықтың негізгі мақсаты мен міндеттері:

 

Негізгі мақсаты:

 

    университет дәстүрін сақтау, қазақстандық және халықаралық қоғамдастықта түлектер арасында өзара мәдени, шығармашылық және университетпен іскерлік байланыс жолдарымен АӨМУ беделін арттыру.

 

Қауымдастықтың міндеттері:

 

    университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне студенттік буын сабақтастығын қалыптастыруға жәрдемдесу;

    университеттің әр жылғы түлектері мен бағдарламалардың кәсіби өзара әрекеттестігін және тұрақты байланысын қалыптастыру;

    АӨМУ қызметкерлері мен түлектерінің қызығушылығы мен құқықтарының қорғалуына көмектесу;

    АӨМУ түлектеріне жеке және кәсіби өсуіне жәрдемдесу;

    Қауымдастық мүшелері мен АӨМУ түлектерінің кәсіби жетістіктерін насихаттау;

    ерікті қайырымдылықтар есебінен университет дамуы мен қызметті қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаражат жұмылдыру.

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлектер Қауымдастығына мүшелікке ену тәртібі:

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аспирантура, магистратура, екінші білім алған түлегі Қауымдастық мүшесі бола алады.

 

Қауымдастық мүшелері үшін Түлектің жетістіктері туралы сұрақ басымдықтар қатарында болмауы керек, ол әркімнің жеке ісі. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Түлегі атағын жандандыру қажет.

 

Қауымдастық мүшесі болу үшін тіркелуден өту керек.

 

Қауымдастыққа кіргендерге тіркелуден кейін, Қауымдастық қызметтері мен мүшелері қатыса алатын университет қабырғасында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат жіберіледі. Қауымдастық мүшелері ұйым жұмысының нәтижелілігін арттыруға бағытталған өз ұсыныстарын жолдауға, қызметке қажетті тегін демеушілік, қаржылық және материалдық көмек көрсетуге құқылы.

 

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғылы 34 үй,

 

Тел.: 8 (7132) 54-35-77

 

Координатор: Кожбан Айгуль

 

E-mail: assotiation@arsu.kz

 

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлектер Қауымдастығы «МҰРАЖАЙҒА СЫЙ» акциясы басталғандығын хабарлайды.

 

Акцияның басты мақсаты – жинау, зерттеу, экспозициялау, студенттердің азаматтық және патриоттық тәрбиесіне ықпал ету, университеттің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу.

 

«МҰРАЖАЙҒА СЫЙ» акциясы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 50 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.

 

Университет мұражайы - жоғары оқу орнының қалыптасу тарихында өткен мен болашақ арасындағы байланыс бөлігі.

 

Акция қатысушылары оқу ордамыздың тарихи оқиғаларына қатысты естелік заттар және атақты тұлғаларға тиесілі болған бағалы экспонаттарды, фотоматериалдарды мұражайға сыйға тарту етеді.

 

Барлық жәдігерлер заң талаптарына сәйкес сақтауға алынады және мұражай қорына берілетін болады.

 

 

Түлектерге

Түлектер ассоциациясы

Университет мұражайы

Университет жаңалықтары

Жұмысқа орналасу

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы