Мобильді нұсқа

Ғылыми кеңес

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ғылыми кеңесінің бас ғылыми хатшысы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент

Мұхамбетжан Абылай Жортабайұлы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі университеттің алқалық басқару органы болып табылады. Университет Ғылыми кеңесінің қызметі өз құзіретіне жататын мәселелерді жариялылық және ұжымдық талқылау қағидаларына негіздейді.

Университет ректоры

Ректорат

Бақылау кеңесі

Ғылыми кеңес

Басқару органдары

Ғылыми кеңестің функциялары:

- университет құрылымын бекітеді;

- университет Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

- университет дамуының стратегиясы мен тұжырымдамасын анықтайды;

-университеттің құрылымдық бөлімдерін (факультет, кафедра, институт, орталық, зертхана т.б.) ашу, қайта құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді;

- университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржылық, әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру жайында шешімдер қабылдайды;

- университет ректоры, проректорлар, факультет декандарының, құрылымдық бөлімдер жетекшілерінің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржылық-шаруашылық, ақпараттық   және әкімшілік қызметі туралы жылдық есептерін тыңдайды;

- университеттің қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жасайды;

- ақылы білім беру қызметі арқылы түсетін бюджеттен тыс қаражатты пайдалану ретін анықтайды;

- жоғары кәсіби білім берудің көп сатылы жүйесі бойынша мамандарды дайындаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімі мен түрлерін анықтайды;

- оқытудың барлық сатылары мен түрлерінің оқу жоспарларын бекітеді;

- монографиялар, оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды қарайды және баспаға ұсынады;

- студенттерді ақылы түрде білім алу түрінен білім грантына ауысу туралы шешім қабылдайды;

- студенттерді ҚР Президенті тағайындаған және атаулы стипендияларға ұсыну туралы шешім қабылдайды;

- университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін профессор және доцент ғылыми атақтарын тағайындауға ұсынады;

- университет қызметкерлерін және шығармашылық ұжымдарын үкіметтік марапаттар мен құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады;

- университет қызметі бойынша басқа да алқалық талқылауды қажет ететін сұрақтарды қарастырады.

 

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде мәселелерді қарау, дайындау және енгізу реті:

- университет Ғылыми кеңесінің мәжілісі жұмыс жоспарына сәйкес және қажеттілікке байланысты, бірақ айына бір реттен сирек емес мерзімде өткізіледі;

- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген сұрақтарды дайындау үшін бас ғылыми хатшыға 15 күннен кем емес мерзімінде келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Баяндама (электрондық және қағаз түрінде);

2. Қаулы жобасы.

Телефон:  +7 (713) 254-85-16, e-mail: abylaim@mail.ru, Бас ғимарат, 320 кабинет

 

 

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы