Мобильді нұсқа

Хронологиялық мағлұмат

Жұбанов Университетінің  негізгі  тарихи  деректері

 

 1935 жылдың 01 қаңтарынан қазіргі Жұбанов Университеті физика-математика және тарих бөлімдері негізінде Ақтөбе педагогикалық институты болып қаланды

1945 жылы Институтқа Нұрпейіс Байғанин аты берілді

1966 жылы Ақтөбе педагогикалық институты қайта құрылды

1985 жылы «Материалдардың радиациялық физикасы» алғашқы ғылыми зертханасы ашылды

1990 жылы қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, лингвист-ғалым  Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі берілді

1991 жылы «Жұбановтану» ғылыми зертханасы ашылды

1998 жылдан бастап үздік студенттер ҚР Президентінің стипендиясын иеленді, соңғы 5 жылда 206 студент Президент стипендиясының иегері

2004 жылы Болон процесіне қосылып, «бакалавриат-магистратура-докторантура» 3 деңгейлік оқу бағдарламаларына көшті

2004 жылы алғашқы магистратура мамандықтарына лицензия алынды

2008 жылы алғашқы бакалаврлар бітіріп шығып, магистратураға жолдама алды

2010 жылы Қытай Халық Республикасы ЖОО халықаралық байланысы негізінде Конфуций Институты ашылды

2012 жылы алғашқы PhD докторантураға (математика мамандығы) лицензия алынды

2012 жылдан бастап Ақтөбенің өндірістік және білім беру мекемелерінде 16 кафедра филиалы ашылды

2013 жылы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Ақтөбе  мемлекеттік педагогикалық институтының бірігуі негізінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті болып ұйымдастырылды

2013 жылы оқу процесін ұйымдастыру, бақылау мен бағалау «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшіріліп, 2016 жылы «Универ» ақпараттық бағдарламалау кешеніне енгізілді

2014 жылы «Серпін» әлеуметтік бағдарламасымен алғашқы 150 талапкер гранттық негізде оқуға қабылданды

2016 жылы «E-Learning» ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылып, 2017 ж. жаңадан құрылған Цифрлық технологиялар орталығы құрамына енді

 

2017 жылы

 

(сәуір) – Маркетинг орталығы ашылды

(мамыр) – Цифрлық технологиялар орталығы ашылды

(мамыр) – Үздіксіз білім беру институты ашылды

(маусым) – Халықаралық ынтымақтастық орталығы ашылды

(маусым) – Мұхтар Арын атындағы кабинет ашылды

(маусым) – Ғалымжан Нұрышев атындағы кабинет ашылды

(тамыз) – Дербісәлі Беркімбаев атындағы кабинет ашылды

(қыркүйек) – Инновациялық технологиялар паркі ашылды

(қыркүйек) – Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

(қыркүйек) – Оқу-өндірістік алаңы ашылды

(қыркүйек)  – «Жұбанов Университеті» баспасы ашылды

(қыркүйек)  – профессор Қ.Жұбанов атындағы конференц-зал ашылды

 

 

Университет тарихы

Тарихи мағлұмат

Хронологиялық мағлұмат

Ректорлар мен директорлар

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2018

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы