Мобильді нұсқа

Жетістіктер

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің (АӨМУ) тарихы өз бастауын 1935 жылдың 1 қаңтарынан алады. Университетте Бақылау кеңесі жұмыс жасайды, оның төрағасы  - Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев.

 

АӨМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды және Қазақстан Жоғары оқу орындары Ассоциациясының, Халықаралық Ассоциациясының, Инженер-мұнайшылар халықаралық қоғамының (Sociеty of Petroleum Engineers және «World University Rankings»), сонымен қатар, Беларусь және Қазақстан Республикалары ЖОО-ларының арасындағы ғылыми-білім беру концорциумының ұжымдық мүшесі болып табылады.

 

Университеттің 76 бакалавриат, магистратура және  PhD мамандықтары бойынша білім алушылар контингенті 11 мыңнан астам адамды құрайды. Барлық білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден өткен. ҚР АРТА жүргізген 2017 жылғы ЖОО Ұлттық рейтингісі нәтижелері бойынша университеттің 11 білім беру бағдарламасы жетекші орындарға ие болды. 6 мамандық бойынша маман даярлау ағылшын тілінде жүзеге асырылады.

 

  АӨМУ-де ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізуге және Ақтөбе облысының өндірістік кәсіпорындарымен байланысты белсендіруге бағытталған «Инновациялық технологиялар паркі» мен «Коммерцияландыру офисі» жұмыс жасайды.

 

Университеттің қуатты материалдық-техникалық базасын 8 оқу корпусы, оқу-өндірістік жайлар, 2 Студенттер сарайы, 2 музей, спорт кешені, спорт құрылымдары, жүзу бассейні, 2 студенттер үйі, студенттік емхана құрайды.

 

АӨМУ білім және ғылым саласында Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Беларусь, Эстония, Польша, Чехия, Словакия, Болгария, Румыния, ГФР, Ұлыбритания, Корея, АҚШ жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен дәстүрлі серіктестік қатынастарын дамытып отырады.

Университеттің дамуы

Даму жоспары

Стратегиялық әріптестер

Жетістіктер

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы