Мобильді нұсқа

Құрметті портал қонақтары!

80 жылдан астам тарихы бар Жұбанов Университетінің білім мен ғылымға ұмтылған жас жұбановшылар үшін есігі әркез айқара ашық. 2017-2018 жаңа оқу жылында  оқу ордамыздың білім алушылар қатары 4000 мыңдай жаңа буын студентпен толықты. Оның ішінде 132 магистрант, 5 докторант және мыңдаған бакалавриат студенттері.

 

Биыл 836 грант иегері үздіктер қатарын толықтырды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, Университет 274 грантқа артық қабылдады. Ерекше атап өтетін жетістік – «Серпін» жобасымен биыл 250 грант бөлінді, жылда 150 грант болатын.   «Серпін» гранты бойынша биыл Жұбанов Университетін 1 116 талапкер таңдаған, бұл көрсеткіш республика бойынша 3-ші орында. Соның ішінде ең жоғары таңдау көрсеткіші Маңғыстау облысынан – 466 адам, Оңтүстік Қазақстаннан – 300-ге жуық, Қызылорда облысынан – 170 адам, Жамбыл облысынан 60-қа жуық, Алматы облысынан – 45 адамдай.

 

Жастардың бұндай таңдауы – Университет ұжымы алдында жоғары міндеттерді қояды. Жұбановшылардың үлкен қара шаңырағында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан, сонымен қатар, биыл 3 талапкер Қытай елінен, 10 талапкер – Өзбекстаннан, 2 талапкер – Ресейден келді.

Университет туралы

Ректордың сөзі

Университеттің миссиясы мен келешегі

Университет символикасы

Сапа саласындағы саясат

Биыл Университетіміз білім беру процесі үшін маңызды батыл қадамдар жасады, атап айтсақ:

 

• ғылыми зерттеулер мен инновацияларды жүзеге асыратын Технопарк құрылысы аяқталып, салтанатты ашылуы жоспарланды;

• студенттердің академиялық мүдделерін шұғыл шешуге мүмкіндік беретін – Студенттерге қызмет көрсету орталығы / Центр обслуживания студентов жасақталды;

• цифрлық технологияларды білім беру процесінде қолдану мақсатында Цифрлық технологиялар орталығы ашылды;

• ғылыми кітапхана жұмысы заманауи цифрлық жүйеге ауысады және электронды қызметін күшейтеді;

• педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау, педагог-мамандардың кәсіби құзыреттілігін күшейту бағытында Үздіксіз білім беру институты ашылды;

• халықаралық байланыстарды, академиялық ұтқырлықты, шетелдік лекторларды шақыру, қос дипломдық бағдарламаларды ұсыну мақсатында Халықаралық байланыстар орталығы ашылды;

• Университеттің білім беру қызметін арттыруда негізгі тұтынушыларымыздың қызығушылықтарын ескеру, мектеп түлектерінің кәсіби талғамын қалыптастыру мен айқындау, талапкерлермен мақсатты жұмыс жүргізу, баспасөз қызметін, әлеуметтік желілердегі көрінісімізді арттыру мақсатында Маркетинг орталығы ашылды.

TEDx-Жұбанов интеллектуалдық алаңы – көшбасшы болу, шебер сөйлеу мен өткір ойлаудың үлгілерін үйретеді;

• «Қазақстан-Ақтөбе» ТРК және Жұбанов Университетінің жаңа туындысы – «Ақтөбе-Жұбанов» телестудиясы Алтынсарин көшесіндегі оқу ғимаратымызда ашылады;

Көшбасшы-лекторлар жобасы – нағыз көшбасшылар командасы біздің аудиторияларымызға келеді – ғылым мен өнер, экономика мен бизнес, заңтану, тіл мен мәдениет сияқты салалардың, ірі компаниялардың белгілі  тұлғалары өз дәрістерін жүргізіп,  шебер тәжірибесімен бөліседі;

• Қосымша жаңа Студенттер үйі ашылады – Гришин көшесіндегі ғимараттың жанынан 1 100 орынға арналған Студенттер үйі;

Жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту курстарын, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастыруға бағытталамыз, бұл жобаны, алдыменен, Үздіксіз білім беру институты және Техникалық факультет жүзеге асыратын болады.

Осы мерзімде атқарылған жұмыстар, ең алдымен, студенттердің білім алуын, мәдени және тұрмыстық өмірін жақсартуын көздеді.

Жұбанов Университеті жаңа даму жолына бағыт алды – біздің корпоративтік мәдениетіміз, академиялық өміріміз, басқару-ұйымдастыру қызметіміз жаңаша үлгіде жүзеге асырылатын болады. Сол үшін жаңа кадрлар, құрылымдар мен даму жоспарлары қайта қаралуда.

Сапалы студенттік өмірді армандайтын студент, ең алдымен, өз үлесін қосып, Университет пен қоғам өміріне белсене араласуы қажет!

 

Ізгі ниетпен, Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің ректоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 54-06-19 Кеңсе бөлімі

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

zhubanovpress@mail.ru - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы