Мобильді нұсқа

Тарихи мағлұмат

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті 1966 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 15 сәуірдегі № 261 қаулысымен құрылған Ақтөбе педагогикалық институтының  құқық қабылдаушысы болып табылады.

Алғашқы  екі факультетте, яғни физика-математика және филология факультеттерінде  күндізгі бөлімде - 250, сырттай бөлімде - 100 студент физика және математика, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша білім алды, 23 оқытушы, оның ішінде 4 ғылым кандидаты мен доценттер сабақ берді. Алғашқы оқытушылар қатарында жоғары және орта арнаулы білім Министрлігінің жолдауымен ғылым кандидаттары М.О. Төлегенов, П.Я. Шибаев, В.Н. Смирнова,  аспирантура бітіріп келген жас маман Ә.М.Молдаханов қызмет жасады.

Қазақ КСР - і Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 23 ақпандағы № 72 қаулысымен Ақтөбе педагогикалық институтына қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, лингвист-ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі берілді.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 163 қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетіне мемлекеттік мәртебе берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы №128 қаулысы бойынша құрамынан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының бөлініп шығуына байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №529 Қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының бірігуі арқылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті болып қайта ұйымдастырылды.

Университет тарихы

Тарихи мағлұмат

Хронологиялық мағлұмат

Ректорлар мен директорлар

Жұбанов Университеті

Байланыс

Бізге қосылыңыздар

Ақпарат © 1993-2017

8 7132 24 18 31

© АӨМУ Цифрлық технологиялар

орталығы әзірлемесі

info@arsu.kz - Кеңсе бөлімі

arsuzhubanov@gmail.com - Баспасөз қызметі бөлімі

Мобильді нұсқа

arsu.kz  домендік зонасында ақпаратты  қолдану

ережелері

Яндекс.Метрика

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ,

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34

Сайттың картасы