Университет туралы
Университет тарихы
Университеттің дамуы
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
Басқару органдары
Парасаттылықты қалыптастыру
Профессор-оқытушылар құрамы
Кәсіподақ ұйымы
Құқықтық негіз беретін құжаттар
Аккредиттеу. Сертификаттар. Рейтингтер
Аудиторлық қорытынды
Zhubanov university білім беру
Оқу процессін ұйымдастыру
Көптілді білім беру
Нормативтік-құқықтық база
Жаңалықтар
Университеттің академиялық саясаты
Университеттің әдістемелік жұмысы
Оқу-әдістемелік қызметті басқару құрылымы
Ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметті басқару құрылымы
Ғалымдары
Ғылыми іс-шаралар жоспары
Ғылыми орталықтар
Startup академиясы
Диссертациялық Кеңестер
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Іс-шараларға тіркелу
Студенттік парламент
Студенттердің жетістіктері
Нормативті-құқықтық құжаттар
Кәсіби даму және мансап орталығы
Жаңалықтар
Үздіксіз білім беру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты,
Такишева Гулбану Ақылбекқызы
телефон: +7(701)255-93-74; +7(705)158-24-55
е-mail:banu06@mail.ru; сайт: www.arsu.kz.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясы негізіндегі міндеттерді орындау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті КЕАҚ ректорының бұйрығымен университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде үздіксіз білім беру институты құрылды (12.06.2017ж).
Үздіксіз білім беру институтының мақсаты:
Еңбек нарығындағы сұраныс пен батыс аймақтың интеллектуалдық, әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сәйкес жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың, әр тұлға өзінің білім алуға бағытталған жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен дамыту.
Үздіксіз білім беру институтының міндеттері:
• Мемлекеттік білім саясатының қағидалары негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың басым стратегияларын анықтау;
• Педагогтарды ғылыми-теориялық және практикалық білім-біліктермен қаруландыру;
• Нәтижеге бағытталған білім берудің ғылыми-практикалық әдістемесін жасау;
• Аймақтың, облыстың білім беру қызметкерлері біліктілігін арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу;
• Тәжірибелік-алаңдарды және зерттеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру;
• Озат педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтарға әдістемелік нұсқаулар беру;
• Ақпараттық-әдістемелік материалдарды шығару;
• Аймақтың кәсіпорындары мен байланыс орнату арқылы әр сала кадрларына қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, аймақтың даму ерекшелігін ескеріп кадрлардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру;
• Әр түрлі категориялы мамандарды оқыту үшін оқу және әдістемелік материалдарды әзірлеу;
• Жұмысқа орналастыру және карьералық өсу үшін халыққа кең мүмкіндікті ұсыну жолымен қосымша және кәсіптік дамудың негізгі түрлері ретінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Негізгі атқарылатын жұмыс түрлері:
• «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту ММ-мен, Ақтөбе облысының, Аудандық білім бөлімдерімен байланыс орнатып кадрларға қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, аймақтың даму ерекшелігін ескеріп кадрлардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру;
• Жұмысшылар, қызметкерлер, мамандар біліктілігін технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды тұрақты арттыруды ескере отырып арттыру;
• Еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту;
• Педагогика және басқару кадрларының кәсіби деңгейін көтеру;
• Университеттің жұмыс берушілермен ынтымақтастығын нығайту;
• Қазақстанның және халықаралық тәжірибе негізінде біліктілікті көтеру жүйесінің тиімді моделін әзірлеу;
• Педагогтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстарын ұйымдастыру.
Үздіксіз білім беру институты тұжырымдамасын іске асыру бағыттары мен қызметінің мазмұны
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі бағыттары төмендегідей болып табылады:
• Кадрларды қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру
• Ұйымдар мен мекемелердің, бірлестіктер кадрларының біліктілігін көтеруді және оларды қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу;
• Ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық және тәжірибелік эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, кеңес беру қызметі;
• Жұмыс саласы бойынша бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды, басқа да құжаттар мен материалдарды ғылыми сараптау;
• Кадрларды даярлаудың және оларды қайта даярлаудың сапасын көтеруге бағытталған оқу-әдістемелік материалдарын ұйымдастыру және әзірлеу;
• «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарымен бірлесіп, педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
• Білім беру процесі және білім беру технологияларының әдістемесін пайдалану және жетілдіру;
• Қазақстан Республикасындағы кадрлар біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау туралы Ережесіне сәйкес Біліктілікті көтеруге оқытудың түрлері:
• Қысқа мерзімді - кемінде 36 академиялық сағат (нәтижесінде сертификат);
• Орташа мерзімді - 72 сағат 108 академиялық сағ. дейін (нәтижесінде куәлік);
• Ұзақ мерзімді - кемінде 108 академиялық сағат жоғары (куәлік);
• Кадрларды қайта даярлау сала бойынша - 280 сағат көлемінде;
• Кадрларды қайта даярлау сала бойынша – (635 сағат) 46 кредит көлемінде.
Қайта даярлаудың педагогикалық тәртібі
Курстарды педагогикалық білімі жоқ, кәсіптік білімі бар, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес "Педагогикалық Ғылымдар" даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиялары бар ЖОО базасында тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін, кәсіптік білімі бар адамдарға арналған курсты Үздіксіз білім беру институты өткізеді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 17 қазанда № 17565 болып тіркелген).
Педагог кадрларды қайта даярлау курстары күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі.
"Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КЕАҚ басшысының шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына университет ректоры, Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі, Оқу ісі жөніндегі проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының сандық құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Қабылдау комиссиясының төрағасы университет ректоры болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының құрамына кірмейді. Ректордың бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.
Курсқа түсетін тұлғалар ЖОО қабылдау комиссиясының хатшысына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ЖОО басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) келесі құжаттардың бірі.
• Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығымен бекітілген Педагогтің кәсіби стандартының 5-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы.
• Педагогтің кәсіби стандартының 6-деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелері бар жоғары білім туралы;
• Педагогтің кәсіби стандартының 7-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелерімен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда ЖОО қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттарды қайтарады.
Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткен тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі құжат беріледі.
Кадрларды қайта даярлау біліктілікті көтеру ұйымдармен, мекемелермен, бірлестіктермен, еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметімен, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалармен жасаған келісім-шарттары негізінде жүзеге асырылады.
Біліктілікті арттыру барысындағы білім алу мерзімділігін оқу бағдарламасына сәйкес анықтайды.
Әдіскерлер:
Каленова Сандугаш Сагизбаевна 87029787246, Skalenova68@mail.ru
Айтенова Риза Теловна 87013281348, imzharovazauresh@mail.ru
Кульдеева Гулбагдат Калекешовна 87059174768, Gulba_1973@mail.ru
Мендикулова Мулдир Саматовна 87479524279, kaitadayarlau@bk.ru