Университет туралы
Университет тарихы
Университеттің дамуы
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
Басқару органдары
Парасаттылықты қалыптастыру
Профессор-оқытушылар құрамы
Кәсіподақ ұйымы
Құқықтық негіз беретін құжаттар
Аккредиттеу. Сертификаттар. Рейтингтер
Аудиторлық қорытынды
Zhubanov university білім беру
Оқу процессін ұйымдастыру
Көптілді білім беру
Нормативтік-құқықтық база
Жаңалықтар
Университеттің академиялық саясаты
Университеттің әдістемелік жұмысы
Оқу-әдістемелік қызметті басқару құрылымы
Ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметті басқару құрылымы
Ғалымдары
Ғылыми іс-шаралар жоспары
Ғылыми орталықтар
Startup академиясы
Диссертациялық Кеңестер
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Іс-шараларға тіркелу
Студенттік парламент
Студенттердің жетістіктері
Нормативті-құқықтық құжаттар
Кәсіби даму және мансап орталығы
Жаңалықтар
Zhubanov university-да бірнеше ірі спорт нысандары бар.
№ 1 спорт кешені Ә. Молдағұлова даңғылы, 34 көшесінде орналасқан. Спорт кешенінде бір сабақта 100 студентті қамтитындай үлкен зал бар. Жалпы спорт кешені оқу-жаттығу сабақтарына арналған, мұнда мини-футбол, баскетбол, волейбол жарыстары өткізіледі және гимнастика залы мен жаттығу залы, баскетбол, самбо, дзюдо, еркін күрес, қазақ күресі, скалодр, бокс, гір спорты, армрестлинг және пауэрлифтинг секциялары бар.
2019 жылы қыркүйек айында ауданы 800 шаршы метр мен көлемі 20х40м құрайтын шағын футбол алаңы ашылды. Алаң жасанды жасыл көгалмен жабдықталған және тек қана футболға арналған.
Сонымен қатар 2019 жылы №1 спорт кешенінде скалодром ашылды, ол дене шынықтыру сабақтарын өткізуге еш кедергі келтірмейді. Шыңға өрмелеу-танымал спорт түрі.Скалолазанием - бұлшықеттердің барлық топтарын дамытуға арналған тамаша құрал. Скалодром стандартты дене шынықтыру жаттығуларынан ерекшеленеді, бұл адамның барлық денесіне мүлдем әсер етеді. Бұл ең қауіпсіз және аз жарақат алатын спорт түрлерінің бірі.
2006 жылы салынған № 2 спорт кешені Ағ.Жұбановтар 263 көшесінде орналасқан. Спорт кешенінде бір сабақта 180 студент сиятындай сыйымдылығы бар. Бұл спорт кешенінің артықшылығы ол 3 спорт залға бөлінген. Бірінші зал-баскетбол, волейбол, гандбол сияқты спорт түрлеріне арналған. Екінші зал-күрес, гимнастика және жалпы дене шынықтыру бойынша жаттығуларға арналған.Үшінші зал-үстел теннисіне арналған зал.
2020 жылы аталған спорт кешенінде зияткерлік спорт түрлеріненен, яғни шахмат,дойбы,тоғызқұмалақ сайыстарына арналған кабинеттер ашылды. Сонымен қатар мұнда пневматикалық винтовкадан ату дағдыларын жетілдіретін ату тирі бар.
Қысқы уақытта спорт кешенінің стадионында студенттер шаңғы дайындығымен айналысады, өйткені мұнда шаңғы базасы бар.
Спорт кешені 1100 жанкүйер сиятындай көрермендерге арналған трибуналармен жабдықталған. Мұнда тоғызқұмалақ, таэквондо, самбо, грек-рим күресі,үстел теннисі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары өткізіледі. Сонымен қатар спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Х жазғы универсиадасының ойындарымен жабылуы өткізілді. Кешкі уақытта университеттің профессор-оқытушылар құрамы студенттерге волейбол, үстел теннисі, күрес, шахмат,тоғызқұмалақ,баскетбол,гандбол бойынша секциялар өткізеді.
Тургенев 100 а көшесіндегі спорт залы 1981 жылы салынған. Спорт зал 30 студентке арналған, мұнда мини-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі бойынша сабақтар өтеді. Сонымен қатар спорт залда жоғары колледж оқушылары үшін дене шынықтыру сабағы бойынша оқу және жаттығу өткізіледі.
Алтынсарин көшесі 4 мекен-жайында орналасқан спорт зал экономика және құқық факультетінің студенттеріне арналған. Спорт зал 1984 жылы салынған. Спорт залда мини-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі бойынша факультеттік жарыстардан басқа, мұнда университет деңгейінде түрлі жарыстар өтеді.
Гришин көшесі 7 А көшесіндегі спорт зал филология факультетінің студенттеріне арналған. Спорт залда мини-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі бойынша ойындар өткізіледі.
Есет батыр 144 "А"көшесіндегі спорт зал 1972 жылы салынған. Спорт залға бір сабақта 120 студент сияды. Спорт залда мини-футбол, баскетбол, волейбол бойынша сабақтар, сонымен қатар теннис залы, гимнастика, жалпы дене шынықтыру және зияткерлік спорт түрлері бойынша сабақтар өткізіледі.